Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік -тұғыр тірегім!

20 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар! «Туған жер - тал бесігім, туған үй - арлы есігім» дейтін әрбір адам үшін жерінің жақсылыққа арқау болар желегінің жайқалғаны, елінің киелі есігінің еңсесі биік, босағасының базар - бақыты берекелі болуы барлық уақытта бұлжымас қасиетті қағида. «Отаным» деп соққан әр жүректің жігерленуі, жақсылыққа ұмтылып, биікке беттеуі осы елдің еркіндігі мен еңсесінің тік болуынан бастау алады. «Отаны жоқтың орманы да жоқ, мақсат - арманы да жоқ» деген деректің демімен айтсақ - ондай адам айдын теңізде бағыт - бағдарсыз белгісіздікке бет алған ескексіз қайықтай. Ол қай жағаға қашан шығып қаларын білмей, берекетсіз ғұмыр кешуші пенде.
- Ия, Тәубә дейік! Біздің маңдайымызға аллатағалла осындай қойнауы құт - қазыналы, табиғаты көркем - киелі кең жерді нәсіп етіпті. Бауырына басынан сөз асырмаған, жерінің шетін жауға бастырмаған, көкірегі көреген - көсем, аузы дуалы – шешен бабаларды өсіп - өргізіпті: Қасиетті жердің құнын бағалаған бабалар әр қадам жер үшін қанын төгіп, қайсарлық пен ерліктің, ар мен намыстың, туған жерді сүюдің ұлағатты үлгісін ұрпақтарға қанымен де, жанымен де дарытып, бізге дархан даланы аманат етіпті!

Міне, содан бері қарай тыныс – толғағы бір басылмаған талай дүбірлі дәуірдің, ғибратты ғасырдың, ақтаңдақты аласапыран жылдардың, күңгірті де, қуанышты да күндердің куәсі болған туған жердің тағдыры мен тарихы талай толағай тұлғалардың тізбегімен дараланып тұр. Сол ғасырлар қойнауындағы қатпар – қатпар белестердің басында бодандыққа түспеу үшін басын бәйгеге тігіп, тәуелсіздікті ту еткен, еркіндік үшін ерлік істердің ең биік шыңын бағындырған басшы – батырлар, көсем – билер, хан – сұлтандар мен кешегі Алаштың асыл туған, зерек ойлы зиялылары тұрды. Олар ары үшін аянбай алысты, шындық үшін шырылдады, Отаны үшін отқа оранып, жері үшін жандарын қиды. «Ата көріп оқ жонған, ана көріп тон пішкен» нағыз намыс пен арлы қасиет Атаның күші, Ананың сүтімен ұрпақтан – ұрпаққа дарып ұл – қыздарымыз ел үшін етікпен су кешіп, ешқашан ерлік пен күресті тоқтатқан жоқ! Міне, осының арқасында біз ұлан – ғайыр жерде ұлт болып ұйысып, өз тілімізбен ділімізді, салт - дәстүрімізді дәріптеп, дүниеге көзқарасымызды қалыптастырдық. Бірақ аждаһадай азуы алты қарыс қос алып Орыс империясы мен Қытайдың ортасында орналасқан біз үшін салиқалы саясат жүргізу мен толыққанды тәуелсіздікке қол жеткізудің жолы қия жартастағы қыл көпірдей қиын болғаны, әрине ақиқат. Бірақ Жоңғарлармен жан алысып, жан беріссек те, Қалмақ, Қытаймен қақтығысып қалжырасақ та, қызыл империяның қара қазанында қайнап, құр сүлдеміз қалса да қайсар Қазақ бостандықтан, еркіндіктен ешқашан үмітін үзген жоқ...............

Міне, осы үкілі үмітіміз, намыс пен сеніміміз ақтолғай, ардалы қуанышқа жетелеп, жарқын күндерге бастады. Жарқырап Тәуелсіздік таңы атты. Бұл біздің халықтың қаншама жылдар бойы қилы - қилы тағдыр - тауқыметті тартып, арқасына ары мен намысын артып жүріп күткен арманы еді. Қол жетпес асқар шыңдай асыл арманның, тұңғиық шыңырау мен бас айналар шырғалаңның шындыққа айналғанына ақ еден халық ақ пейілімен қуанды. «Ақ түйенің қарны жарылды». Жалғандық пен жалаңдық жолда жүріп жоғалтқан рухани құндылықтарға қарай қол создық..
Сол тәуелсіздігімізді ғана еншілеп, бойға тұмар еткен, тәлтірек басып, түрегелген тұман кезеңдердің тар жолдарынан жаңылмай жүріп өтіп, іргемізді қымтап, ісімізді ілгері жүргіздік. Тарыдай шашыраған қандас - туыстарымызды тауып, түгелдеп, тарихымызды тура тұғырына қондырдық. Жаһанданудың құйтырқы құйынына құмартып, жұтылмай саналы салт – дәстүрімізді дәріптеп, тіл мен ділімізді, дінімізді дұрыс жолға қойдық. Әрине кейбір кемшіліктер орын алса да, келер күнге сенген келелі жұмыстардың арқасында көшіміз түзелді. Міне, бүгінгі Қазақстан халықтың біріге жұмылған жүйелі жұмыстарының арқасында азуы алты қарыс, айбатты елдердің өзі санасатын әлемдегі тұғырлы да, тұрақты елге айналып отыр. Қәзір біздің экономикалық әлеуетіміздің әрленуімен, адамдарымыздың тұрмыс – тіршілік жағдайының үздіксіз өсуіне, өркениетіміздің өрге басуына талайлардың таңданып, қызығып та, қызғана қарап отырғаны анық ақиқат.

Бұл толағай табыс пен тұрақты дамудың дем берген бастау бұлағы - бостандық. Бұл тәуелсіздігіміздің төл жемісі. Күн сайын дүбірлі дүмпулермен сәт сайын сан – қилы жаңару жаңалықтарды, дамуды дүниеге әкеліп жатқан ғаламат ғасырдың көшіне ілесу, қатардан қалмау көкірек көзі көрегенді кемелділікті қажет ететіндігі түсінікті. Тағы да Тәубә дейік! Осынау ордалы заманның орамды көшінде біздің ел өзінің экономикалық қуаты, салиқалы да тұрақты саясаты, өрелі өркениеті, өнері мен мәдениеті, спорт саласындағы биік серпіндері мен кемелденіп, ортадан ойып орын алып отыр. Бұл әрине біздің халық қолдап, ел сенім білдірген президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік кемел істері, нақты саясаты, ұстамды экономикалық позициясынан таймай халыққа сенім мен серпін беріп, бағдарлы басшылық жасауының арқасы. Елбасымыз әрбір халыққа жолдауында, түрлі деңгейдегі жиындарда «бүгіннің де, болашақтың да кілті – білімді ұрпақта» деп айтып, жалпы білім саласының сан – қырлы сапасы мен деңгейінің діңгегін бекітуге, технологияның түрлі саласын қолданып оқытуды оңтайландыруға баса назар аударуда. Бұл бүгінгі ұстаздар қауымының мойынына маңызды міндеттер жүктеп, білім мен тәрбие ісін жүйелі жолға қоюды талап етеді. Жалпы білім беру, тәрбие тағылымын бойға дарыту бүгінгідей еліктіргіш, қызықтырғыш, құбылғыш заманда жас ұрпақтың санасына өте қажет құндылық болып құйылар, ең қымбат қазына екенін естеріңізге салғым келеді.

Сондықтан осы Тәуелсіздігіміз тұғырлы да, тамырлы, белес биігіміз бәтуәлі да баянды болуы үшін сіздердің оқушы – шәкірттерге берер саралы ой - қазыналарыңызбен парасатты пайым – зерделеріңізге ел – халық, мемлекет зор сенім артады. Бұл сенім ұстаз деген ең қасиетті, қадірлі мамандықты меңгерген сіздер үшін биік мәртебе мен үлкен міндет. Осы мәртебелі міндет пен сенім үдерісінен көріну жолында аянбай тер төгіп жүрсіздер, және ол бұдан әрі де, болашақта да өз жалғасын тауып, өз жемісін бере беретініне сенімім мол. Сіздерге тәрбие мен білім беруде жасап жатқан игі істеріңізге табыс пен жеміс тілеймін! Келе жатқан тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын! Әрбір жанұяға жақсылық, базарлы бақ пен бақыт тілеймін! Осы бүгінгі берекелі бірлігіміз, тату тірлігіміз, бостандығымыз баянды болсын! Еліміздің мәртебесі артып, көк туымыз мәңгі биікте желбіресін! Рахмет.
2 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Шығарма: Менің туған ауылым
Шығарма: Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген.
Тәуелсіздік жасасын!
Тәуелсіздік жасасын!
Жас ұрпақ бойына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Балаларды Отан, рәміздер, Елбасы, тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту. Құрметті тәрбиешілер, кішкентай бүлдіршіндер!
Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп мұғалімі Батырхан Нұрымбет
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×