Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – тал бесігім. Эссе

07 қараша 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
№31орта мектептің 7 сынып оқушысы
Сығайбаев Бекболат

Табиғат – тал бесігім
Эссе

Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
Иә, туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке. Табиғат - адам баласынын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын

ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.
Кең дала көремісің сонау жатқан
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар, көл, өзен,
Әке, сол анам еді мені туған.

Табиғаттың басты байлығы - жер. «Күте білсең, жер - жомарт» деген халық мақалы тектен - текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек орман. Табиғат – ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, орман - тоғай емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ бөкен.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім. (Сәкен Сейфуллин)
49 962
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ғылыми жоба. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Ғылыми жоба. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір
Туған жер - тал бесігім
Туған жер - тал бесігім
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Петропавл қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Ботагоз
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Мақсаты: табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивтік тақта,табиғат туралы суреттер,. Сабақтың барысы (интерактивтік тақтамен слайд).
Жерді аялайық (тәрбие сағаты)
Жерді аялайық (тәрбие сағаты)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×