Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Көңілашар"

21 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым»
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздар қауымен қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегінің ұшан теңіз екенін ұғындыру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ақ жаулықты аналар мен ардақты қариялар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Көңілашар» бағдарламасына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ағайын! Баршаңызға келген қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!
3 - жүргізуші:
Бүгінгі студияда мен Мәлік, Айшолпан және Дулат. Алдағы 45минут ішінде сіздер «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым» атты бағдарламамен танысасыздар.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі біздің тақырыбымыз ұстаздар мен қарттар жайында болмақ.
2 - жүргізуші:
Студия қонақтарына қоятын сұрақтарыңыз болса жазбаша және ауызша түрде қоюға болады.
3 - жүргізуші:
Сонымен алғашқы қонағымыз аудандық оқушылар үйінің психологі Мырзабаев Төлеш ағай.
1 - жүргізуші:
Қош келдіңіз Төлеш ағай! Көңіл - күйіңіз қалай? Қалай жеттіңіз?
Жақсы, сонымен алғашқы қонағымыз Төлеш ағай таныс болыңыздар!
2 - жүргізуші:
Төлеш ағайға қоятын сұрақтарыңыз болса жазбаша, ауызша түрде хабарласыңыздар!
3 - жүргізуші:
Алғашқы сұрағымыз сіз ең алғаш еңбек жолыңызды қайда бастадыңыз және қай мектептен бітірдіңіз?
Енді осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздықты таңдайыңызға не себеп болды?
Сол жайында айтып өтсеңіз.
1 - жүргізуші:
Төлеш ағай ұстаздық жолы әрине қиын жол осы жайында біздің көрермендерімізге кеңірек айтып өтсеңіз.
2 - жүргізуші:
Сізге сұрақ қоюшы оқушы бар екен, сұрағын тыңдайық.
Сұрақ: Өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз туралы және ол кісі туралы мақтана аласыз ба?
3 - жүргізуші:
Рахмет, бүгін біздің студияға келіп, ой бөліскеніңізге. Біздің бағдарлама арқылы көрермендерге сәлем жолдасаңыз
1 - жүргізуші:
Енді кезекті әнге берсек.

2 - жүргізуші:
Қазір жергілікті уақыт «10 - 00» Келесі қонағымыз, ақ жаулықты анамыз ______анамызда студиямызға келіп үлгерді. Біздің келесі қонағымыз зейнеткер, ақ жаулықты анамыз және әжеміз ____
Апай, қош келдіңіз! Қалай жеттіңіз? Үйдегі кішкентай немерелеріңізден шығу мүмкіндігі
қалай болды?

3 - жүргізуші:
Ал,_______апай бүгінгі біздің тақырыбымыз «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым»деп аталады. Өзіңіздің еңбек жолыңызда болған қиындықтар мен қызықтар жайлы айтып өтсеңіз?
1 - жүргізуші:
Жақсы. Енді, тілшіміз көріп қайтқан үйірме мүшелерінің мерекеге арналған құттықтауларын бірге тамашаласақ.
2 - жүргізуші:
Рахмет. Сізге хабарласқан көрерменіміз бар екен, сұрағын тыңдасақ..
Аты - жөніңізді таныстырып өтсеңіз?
Сұрақ: Сіз зейнеткер болғандықтан үйде келіндеріңіз ақыл сұрап отыратын шығар, келіндеріңізге қандай ақыл айтып отырасыз?
Әжемізден қонақ кәде сұрасақ
3 - жүргізуші:
Көрермендерге қандай тілегіңіз бар? Тыңдайық. Сізге үлкен рахмет айтамыз. Алдағы уақытта немерелеріңіздің қызығын көріп, солардың ортасында ең бақытты әже болып жүре беруіңізге тілектеспіз.
1 - жүргізуші:
Рахмет, қош сау болыңыз!
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, қазіргі орындалар ән сіздерге арналады.
Ән:____орындайтын____
3 - жүргізуші:
Әдемі әннен кейінгі қонағымызбен таныс болыңыздар. Аудандық оқушылар үйінің «шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат ағай. Қош келдіңіз, көңіл - күйіңіз қалай? Самат ағай сіз біздің білім ордамызға келгелі ______жыл болды. Осы аралықта қолөнер үйірмесі бойынша еңбегіңіз шексіз. Енді, қандай оқу орнын бітірдіңіз? Қолөнермен айналысуға кімнің ықпалы болды?
1 - жүргізуші:
Ұстаз еңбегінің зор екенін қалай дәлелдейсіз?
2 - жүргізуші:
Осы ретте біздің тілшіміз ________жалпы көрермендермен сұхбаттасқан еді. Соған көңіл бөлейік.
Сұрақ: Оқушылар үйінде сізге қандай үйірмелер ұнайды?(2 - 3оқушыдан сұрау)
Сұрақ: Болашақта қандай мамандықты таңдар едіңіз? (2 - 3оқушыдан сұрау)
3 - жүргізуші:
Ал, Самат ағай әңгімемізді әрі қарай өрбітер болсақ, сіз осы уақытқа дейінгі жетістіктеріңізді айтып өтсеңіз?
1 - жүргізуші:
Біздің тілшілеріміз дәл осы атпен тәрбие сағатымыздың куәгері болған еді. Соны тамашалайық.. Көңілді тапқырлар клубы.
2 - жүргізуші:
Міне ұстаз туралы қандай теңеу айтсақ та жарасады. Сіз өзіңіздің ұстаздарыңызды мақтан тұта аласыз ба?
3 - жүргізуші:
Рахмет, ағай. Сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.
1 - жүргізуші:
Өзіңізді тек өмірдің биігінен көрейік. Көрермендерге игі тілегіңіз.
2 - жүргізуші:
Міне, Құрметті көрермендер, біздің бағдарламамыз аяқталып келеді.
3 - жүргізуші:
Әрбір күндеріңіз сәтті болсын!
Келесі кездескенше күн жақсы болсын!

Келесі тыңдалар ән:_______
2 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Аман бол – асыл қарттарым!
Аман бол – асыл қарттарым!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Қарттарым, аман-сау жүрші
Қарттарым, аман-сау жүрші
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×