Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
"№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
биология пәнінің мұғалімі
Адамьянова Шолпан Советовна

Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Жаман баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі – өнеге білетіндігінен, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек»
(М. Әуезов).
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, т. б. қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар - ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде рухани - адамгершілік тәрбие аса маңызды орын алады. Адамгершілік - тұлғаның сана - сезімін, іс - әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал. Сондай - ақ тұлғаның ар - ожданын, танымдық қызығуларын кешенді дамытады.
Адамгершілік – адамды сүюді және оның қадір - қасиетін құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершілік ұстанымдары татулықта өмір сүру, бақытты болуға ұмтылу бала мен кәріге жәрдемдесудегі қажеттілігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады. Адамгершіліктің қалыптасуына мінез - құлық үлкен роль атқарады. Халық даналығында «Ақылды кімге керек, мінез - құлқың болмаса» дейді. Демек жақсы мінез адамдарға мейірімді, кішіпейіл, рақымшыл болу – адамгершілік мінез - құлық.

Адамгершілік тәрбиенің түп негізі отбасынан басталады. Ата - аналар балаларын жақсы мінез - құлыққа тәрбиелей отырып, қалыптасқан дағдыға, әдетке айналдыру арқылы адамгершілік қасиеттерді олардың бойына сіңіреді. Бала ата - анаға қарап, еліктеп өседі. Кейбір ата - аналардың айтар ақылдары, күнделікті тіршіліктегі іс - әрекеттері, мінез құлықтары баланы теріс тәрбиелейді.
Отбасынан тәрбие алмаған баланы мектеп қабырғасында тәрбиелеу міндеттіміз.
Адамгершілік тәрбие беру білім берумен шектелмейді, Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде дүниетанымын қалыптастырады. Баланың сана - сезімін адамгершілік мұраттарын қалыптастыру тәрбиенің ең бірінші міндеті.

Оқу мен тәрбие әруақытта егіз. Тәрбие процесінде ұстаздар шешуші роль атқарады. Ұлы педагог К. Д. Ушинский «Тәрбиенің қайнар көзі ұрпаққа тәлім - тәрбие беретін адамды өте жоғары бағалап, осы мәңгі нұрдың қызметшісі» деп атауы бекер емес. Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына мұғалімдер қауымының еңбегі зор. Мұғалімдер оқушыларға адамгершілік тәрбиесін сыныптан тыс іс - шаралар арқылы (ойындар жүгізу, әңгіме өткізу, дөңгелек стол, дебат, үгіт - насихат тобының жарыстары, сауалнама алу, белгілі бір саладағы мамандармен кездесу т. б.) жүзеге асырады.

Оқушыларға рухани - адамгершілік тәрбие беру - қазіргі мектеп кітапханаларының ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларының ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беруде әр - түрлі қызмет түрлері қолданылады.[1]
Ауызша түрі:
- лекция, оқу кеші, факультативтік сабақтар;
- библиографиялық шолулар, сұхбаттар, кеңестер;
- оқырман конференциялары;
- шығармашылық, әдеби - музыкалық, тақырыптық кештер;
- танымал тұлғалармен кездесу кеші;
- диспуттер, дөңгелек үстелдер, дебат - клубтар;
- презентациялар;
Көрнекілік түрі.
- аралас көрмелер;
- стендтер
Баспа басылымдары:
- библиографиялық, биобиблиографиялық көрсеткіштер;
- ақпараттық материалдар: баспаға беретін пресс - релиздер мен мақалалар;
- жарнама материалдар: хабарландыру, шақыру қағаздары, т. б.
Кешенді түрі:
- әр түрлі үлгідегі (ауызша, көрнекі, баспа) кітапханалық сабақтар (апталық, онкүндік, айлық), экскурсия.
Оқушыларға рухани - адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларда нақты жағдай мен алғышарт болуы қажет, оған мыналар қатысты:
- оқушылардың талаптарын жақсы білу;
- рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы іскерлік; кітапханада жақсы анықтамалақ - библиографиялық аппараттың болуы. Осындай жұмыстарды іске асыра отырып, әрбір мұғалім
Абай атамыздың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз», -
деген өлең жолдарын әрдайым есте сақтап, болашақ ұрпақтың санасына құйған жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет
Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы
Мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп - өркендеуі кітаппен тығыз байланысты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×