Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет

08 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет.

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми - инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген болатын.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті елдерге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – елдің берік тірегі. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз. Әрбір жеке тұлғаның бойында ізгілік, кішіпейілділік, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы керек. Жаңа ғасырдың тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңі шығармашыл кемеңгерлерді тәрбиелеу бесіктен басталып, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Ұлағатты ойшыл ұстаз Әбу Насыр әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегеніндей, білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ендеше құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие беру – мұғалімнің, соның ішінде біздің, яғни класс жетекшілердің еншісінде тұрған абыройлы да ардақты іс екенін мәңгілік жадымызда ұстауымыз керек. Осы абыройлы да ардақты істі атқаруды орындау барысында мониторингтік қызметтің маңызы зор.

Мониторинг дегеніміз – «Мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан бақылау, бағалау деген ұғымды білдіреді.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.

Педагогикалық мониторингтің негізгі бағыттары: білім сапасының мониторингі, педкадрларының кәсіби деңгейінің мониторингі, медициналық диагностика, психодиагностика, мектеп бөлімдері қызметінің мониторингі болып бөлінеді.

Білім сапасының мониторингі.
Мақсаты: оқушы мен мұғалімнің қызметін бағалау, білім сапасын көтеру.
тоқсандық бақылау жұмыстарының мониторингі;
әкімшіліктің бақылау жұмыстарының мониторингі;

Түрлері
тоқсан бойынша оқушылар рейтингі;
жай және эксперимент кластарының салыстырмалы мониторингі.
Педагогикалық мониторигтің мазмұны дайындық кезеңі
Кезеңдері практикалық кезең
аналитикалық кезең

Педагогикалық мониторинг нәтижесінде анықтау
Диагностика әдістерінің түрлері
Тәрбие саласындағы дайындығы бойынша мониторингі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен өзіңді жеңе білуге тәрбиелей алсаң, өз ісіңнің маманы бола аласың, кәсіпқойлық өздігінен - ақ пайда болады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы
Мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп - өркендеуі кітаппен тығыз байланысты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×