Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе "Ұстаздық еңбек жолымда ..."

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Эссе "Ұстаздық еңбек жолымда ..."

Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырған да ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. (К. Д. Ушинский)

Эссе

Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе... Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келді.

Осындай қасиетті өмір деп аталатын таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың аялы алақаны мен ыстық жүрегі мен үшін - ұмтылмас күндер, айлар, жылдар...

Өмірге көзқарасымды қалыптастырып, бағыт - бағдарымды айқындауға жәрдем берген, адамдық пен надандықтың, адалдық пен арамдықтың ара жігін ашып көрсетіп, кісілік пен кішіліктің қадірін ұғындырған менің көңілімдегі алып Адамдар. Атақ пен даңқты мақсат етпей, оқытатын пәнін шын сүйген, шәкірттері үшін жаны күйген, менің ұстаздық жолымды таңдауыма себепкер болған Жандар. Ол – менің әкем мен шешем. Олардың, «Асылы, сенен жақсы мұғалім шығады - ау» деген бір ауыз сөзі мен үшін ұстаздық сапарға берілген жолдама секілді. 1984 жылы Гурьев педагогикалық училищесінің бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бойынша оқып, білім алдым. Білімімді одан әрі жетілдіру мақсатымен 1989 жылы Атырау педагогикалық университетін тәмәмдадым. Алғаш еңбек жолымды Құлсары қаласындағы №9 Макаренко атындағы мектептен бастадым. Күні кеше жас ұстаз болып табалдырығын аттаған мектеп мені жылдар бойы есейтіп, шығармашылық шабытымды шыңдады. 2004 жылдан бері оқу ісінің орынбасары қызметін атқарып келемін.

Өз пәнімде оқушымен жұмыс жасасам, бұл қызметте ұстаздармен түрлі жұмыстар жүргізу – мен үшін бір бақыт. Дүниедегі білім атаулының кілті де құпия сыры да ұстазға ғана анық. Өркениеттің ғалами талабы білімді ұстазды қанаттандырып, жаңашылдық пен ізденіс шыңына қондырады. Мен білетін ұстаз - нақ осы өркениетке лайықты ұстаз. Жалпы, «биіктік» атаулының бәрі мені қызықтырып келеді. Оның тылсым құпиясы тым күрделілігімен тереңіне бойлай түсуге шақырады. Бірте - бірте көтерілген саты баспалдақтай өрге сүйрейтін менің құштарлығым аспани тұлғаның кесек бейнесін асылық қасиеттерімен толықтырып қойды. Өркениеттің ғарыштап дамуы ғылыми прогрестің ұшқан құспен теңесуі болмақ. Ғажап идеялар, дархан істер ғаламат жоспарлар жаңа ғасырдың қолынан ғана келеді. Ал осы алау оттай жұлқынған ғасырдың тізгіні – ұрпақтардың ғана қолында, осы ұрпақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың еншісіне ғана берілмек. 2012 жылы ұлтымыздың президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында ұстаздарға өз болмыстарын заманға сай өзгерту керектігін атап көрсетті.

Қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы бағытта еңбек етуді алдыма мақсат ете отырып, өз білімімді жетілдіру жолында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының екінші деңгейі бойынша курсынан өттім. Бұл бағдарлама аясында үйренген білімімді іске асыру үшін жаңаша бағытта жоспарлар құрып, ай сайынғы жұмысыма кірістіріп отырдым. Яғни, ай сайын коучник, семинар, конференция өткізу арқылы екінші деңгей бағдарламасының жеті модулімен мұғалімдерді таныстырып, сындарлы оқыту әдісін біртіндеп, өз тәжірибелеріне енгізуге бағыт - бағдар беріп отырамын. Педагогтарға коучник өткізу арқылы өзіме деген сенімім қалыптасты. Әріптестеріме оқытудың әдісінен мәліметтер бере отырып, әр шараны тартымды өткізуге болатынын түсіндім, ол арқылы өзім де өзгеріске енген ұстаз деңгейіне көтерілдім. Жұмыс барысында тренингтің мұғалімге берері мол екені көрінді. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер - жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағұлмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт - бағдар береді. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.
10 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстаз болу - борышым (эссе)
Ұстаз болу - борышым (эссе)
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын.
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×