Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Мектепке жол" акциясы

06 тамыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
"Мектепке жол" акциясы

Жақсыдан шарапат
Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. Янайкин ауылдық округі акиматының мамандары мен Батурин ЖОББ мектебінің ұжымы бірлескен 6 рейд жасалды. Рейд қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарында, алқаптарда жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ. Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін 16 оқушы анықталып, оларға ауылдық округтегі жеке шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер бекітілді.

15 тамыз күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияға өтініш білдіре келген 3 отбасы шақырылды. Янайкин ауылдық округінің маманы Н. Пискарева мен мектеп директоры Ж. Сабиров Пагодина Никита мен Александрды және Нишонов Алексей мен Артемды 20 000 тенгеге «Батыс Кроун» мал бордақылау кешенінің ұжымы, Жулдигали Алиханды 7 000 тенгеге «Бисенов» шаруа қожалығының жетекшісі М. Бисенов оқушы сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, өз көмектерін көрсетіп отырғанын айтып, оқу құралдарын балаларға табыс етті.
Акция шеңберінде оқушыларға демеушілер атынан қолдау көрсету жалғасын табады.

Батурин ЖОББ мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Г. Т.
10 881
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×