Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу - басты міндет

20 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу - басты міндет

«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» (Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта ақыл - ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын артып отыр. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, ерекше ізгі қасиеттермен қатар Отансүйгіштіктің де керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Отансүйгіштік сезімді, білім мен біліктілікті, дағды мен шеберлікті, адамгершілік қадір - қасиеттерді қалыптастыру үлкен қажеттілік. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.

Сондықтан ұстаздың алдында жас ұрпақты адал, шыншыл, сергек, өмірге құштар, көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса алатын, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын, еркін ойлау қабілеті бар, мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие, рухани жан дүниесі бай, жаны, ары таза азамат тәрбиелеу міндеті тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасуымыз керек,» - делінген.
Биікке жетудің бірден - бір жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесінде ескіден келе жатқан сара жолы бар.
Батырлықтың бастауын балалық шақтан бастап, өскенде Отанына қалтқысыз қызмет ететін патриот болуға итермелеу керекпіз. Ел қорғаған, жер қорғаған батырлардың іс - әрекетін үлгі тұтуымыз қажет.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпақ тәрбиесі. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Ең қасиетті Отанымызды, елімізді, жерімізді, сеніп тапсыратын, салт - дәстүріміз бен дінімізді, тілімізді келер ұрпаққа одан әрі жеткізеді деп сенім артамыз, ата - бабаларымыздың күресімен жеткен ұлы істерді жалғастырса екен дейміз. Халқымыз балаға жөргегінен бастап ер жеткенге дейін ұлттық ізгілікті, имандылық пен мейірімділік сияқты рухани қасиеттерді жеткізіп отырған. Қай заманда болса да әр халықтың ұрпағы үлгі тұтар ұлттық салт - дәстүрі, тәрбиесі болуы керек.

Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей жағдай жасау мұғалімнің міндеті.
Патриотизм – бұл Отанын сүю, сол елдегі халықты сүю, соның дәстүрлерін, сенімін құрметтеу. Бұл еліңнің мәдени құндылықтарын танып білуден басталады. Нәресте кезіңнен бесік жырынан бастап, батырлар жырында тәрбиелену сол елдің шаңында аунап, барлық құндылықтарын көзіңнің қарашығындай қорғау және келер ұрпаққа сеніммен тапсыру. Ол туғаннан бастап туыстарға деген игілікті көңілдің сүйіспеншілігі, сол елдің перзенті болғандықтан, сол елге деген қарызыңды абыроймен іске асыру және келер өскелең ұрпақты өзіңнің ісіңнен өнеге алатындай сүйсіндіре білу, сол елдің әр талына, құм - шөліне өзіңді және өзгені табындыра білу!

Қазақ баласының ер жетіп, ес жиюына айтарлықтай әсер ететін төл факторларымыз, батырлар жыры, «Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды!» «Ерлер мінген арғымақ ше?» «Тығырыққа тірелгенде иесі, Астыңғы ерні жер тіреп, Үстіңгі ерні көк тіреп, Тұлпарлары сөйлейтін!» деп келуші еді ғой эпоста. Қазіргі жас Қара қыпшақ Қобыландыны, қара қасқа атты Қамбарды, атақты Алпамыс батырларды біле ме? Жауынгерлік рухтағы, Отаншыл сезімге толы осы құндылықтарымыздан ажырап бара жатқанымыз да арқамызды аяздай қариды. Тіпті, кешегі Ұлы Отан Соғысының тірі куәгерлері – ақ сақалды аталарымыздың өнегелері мен тәлім - тәрбиелері қандай еді?! Қазір олардың да қатары сиреп бара жатыр. Соғыстың соңғы солдатына жас ұрпақтың құрметі қандай? Жоқ әлде компьютер заманы ұлтымыздың талай ғасырлық маржандарын ұмыттырып жіберді ме? Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу үшін мектептегі әртүрлі іс - шаралар, үйірмелер, сайыстардың алатын орны ерекше.

Батырларымыздың қаһармандық бейнелерін, олардың жасаған ерлік істерін ұмытпауымыз керек. Әсіресе мектепішілік өтетін патриоттық әндер сайысы, Махамбет оқулары, сахналық көріністерді үнемі өткізіп, тәрбие сағаттарында ата - бабаларымыздың ерліктерін айта отырсақ, келер ұрпақ олардың ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Туған жерін, елін сүюге жетелейтін түрлі жобалар оқушыларды Отанын сүюге қалыптастырады.

Оқушыларға сабақ барысында Отан туралы, атамекен туралы мәлімет беріп, ұлы тұлғалармен таныстыру арқылы ата дәстүрді меңгереді. Сондай - ақ сабақ барысында әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, аңыздар, мақал - мәтелдерді оқи отырып, оқушыларға өмірдегі ерлік, батырлық, Отан үшін еңбек ету, қызмет жасау, елді қорғауға дайын болу туралы түсініктер беріп, Отаншылдыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.
• Мақал - мәтелдер Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру құралдарының бірі болады.
• Жұмбақтар - оқу тәрбие үрдісінде жер, Отан, табиғат туралы жұмбақтар оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін арттырады.
• Ертегілер - халқымыздың тарихын, тұрмыс - салтын, әдет - ғұрпын білдіреді. Оқушы қиялын дамытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады.
• Аңыз - ертегілер - елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қаһарман өскелең ұрпаққа тәрбие ықпалын тигізеді.
• Батырлар жыры - батырлық, ерлік, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді болуына тәрбиелейді.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:
 Тарихымыз;
 Ана тіліміз бен дініміз және жеріміз;
 Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасатын салт - дәстүрлер мен әдет – ғұрпымыз;
 Ұлттық қадір - қасиетіміз;
 Ұлттық рухымыз;
Көш басын өркениет жолына біржола бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымыздың нұрлы болашағы мен бағыт бағдарын айқындап алғанымыз жөн. «Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйтқиды», деген қанатты сөз бар. Бұл үшін де парық - парасат, білім - білік, ерік - жігер, керек емес пе? Ұрпағын сүйген баба ғана қасиетті, Отанның болашақ азаматына: «Тарихыңды зерделе, аға ұрпақтың саған деген аманаты - ерлік, тәрбие алар сәтіңді бос жіберіп, қапы қалма», - деген. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендік қаһармандық патриотизмнің шынайы сабақтарын аламыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, мәдениетті, саналы, елім, жерім, дейтін өз елінің нағыз азаматтарын тәрбиелеу үшін, ата - ана мен мектеп бірігіп, оқушы ынтымақтаса отырып, білім ордасындағы тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 12 - жылдық білім № - 11, 2006ж
2. Бастауыш мектеп № - 2, 2002ж
3. Өшпес даңқ
4. Н. Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тоғысында»
5. Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары Алматы 2009

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы аудандық балалар саз мектебінің
«Теория және сольфеджио» пәнінің мұғалімі
Ихсанова Гульфия Жоламановна
11 333
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Бала – отбасымен бақытты.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазіргі заманның рухани – адамгершілік даму аспектісі және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×