Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технологиялар негізінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру

05 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технологиялар негізінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру»

«... Тәрбиесіз берілген білім адамның хас жауы...»
Әл – Фараби

Білім мен тәрбие - адамгершілігі мол тұлға қалыптастырудың қос қанаты. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Бала – өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу адамзат қоғамының басты міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі, берер гүлі, алтын тіреуі, діңгегі – бала. Осы ойды халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді. Бұл – әр ошақтың түтіні сөнбесін деген ізгі тілектен туған сөз ғана емес, сонымен бірге елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Алайда осынау тәрбиенің тамаша құралы – рухани мұрамыз әлі күнге дейін көлеңкеде қалып келеді. Осынау көмбеде жатқан қазынамыздың бар қадір – қасиетімен көрініп ұрпақ тәрбиесіне қызмет етуіне көңіл бөлетін кез келді. Бұл керек десеңіз біздің ұлттық болмысымызды, халықтық қасиетімізді өзімізге де, өзгеге де жазбай танытатын тағылымы мол мұра.

А. С. Макаренконың: «Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу», - деп айтқанындай қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болсақ, онда ұлттық білім мен тәрбие берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.

Ғұлама ғалым Абайдың «Отыз сегізінші сөзінде»: «Біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйренуіміз керек» дегендей заман талабына сай білім мен тәрбие беруді мақсат тұтуымыз керек.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген. Ендеше, Елбасының «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс. Өйткені, мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күннің талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беруде. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз, көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,- деп К. Д. Ушинский айтқандай, мұғалімдер заман көшінен қалмай, жаңалықтың жаршысы болуы керек. Белгілі ғалым А. Маслоу тұлғаның қиындыққа дайын болу, қарым - қатынас, таным, сыйластық, қауіпсіздік, шығармашылық, өзін - өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту; тағы басқа қажеттілік жүзеге асса, оның танымдық құрылымының дамитынын, қызығушылығының қалыптасатындығын ескертеді, осы қажеттілік қанағаттандырылса, қызығушылығы қалыптасса, тұлғаның белсенділігі артатыны белгілі. Осы бір қағидаларға сүйеніп, үлкен болашағы бар, бәсекеге қабілетті, көп ұлтты еліміздегі ұлттық білім мен тәрбиеге көңіл бөлгім келіп отыр. Ал оларды жетілдіру, қызығушылықтарын аттыру - ұстаз міндеті деп санаймын.
Жеке тұлғаны дамытудың ұлттық білім мен тәрбие берудің негізгі міндеттері:
• Оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым - қатынас деңгейінде меңгерту;
• Оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
• Қарым - қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту;
• Ойын жағдаяттарында білімді қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
• Оқушыны сөйлесімдік қарым - қатынастың жаңа тәсілдеріне, қазақ халқының мәдениетіне, салт – дәстүріне, ұлттық - мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
• Оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
• Оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;
• Оқушылардың қазақ еліне, мемлекеттік тілге, рәміздерге деген құрмет сезімінің жоғары болуына тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту» деп атап көрсеткендей әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Тіл - адамдар арасындағы қарым - қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Осыған орай мұғалімнің басты мақсаты жас ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеу мен оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асыра білуі керек.
Жеке тұлғаны дамыту мақсатында оқушы бойында мынадай қасиеттердің болғанына баса назар аударылады.

ОҚО, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу.
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Адамгершілік - рухани тәрбие
Адамгершілік - рухани тәрбие
Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң - егін ек, бірнеше жылға мақсат қойсаң - ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң - ұрпақ тәрбиесімен айналыс. (Халық даналығы)
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×