Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама «Желтоқсанда үзілген жауқазындар»

13 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
«Желтоқсанда үзілген жауқазындар»
Қайран, қазақ елі... Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қазақтың басына үйірілген қара бұлт сейілмеді. Күні кеше болғандай желтоқсан оқиғасына да, биыл 30 жыл толыпты.
Желтоқсан айы... кешегі дүркіреп өткен 1986 жылға дейін бүкіл қазақ үшін қарапайым бір айдың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән - мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер: үрейлі үкімет үйі, оны қоршай толқыған ызалы қыз - жігіттердің жігерлі келбеттері, оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер, одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт - сұрт айқасы, адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырси құлаған қазақтың бозбалары елестейтіні белгілі. Оған қоса, «Желтоқсан желі» немесе «Қара бауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуендердің сарыны алыстан талып естіледі. Себебі, бұл әндер әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден кеткенімен, көңілден кетер емес. Себебі, оның тарихтан алар орны ерекше.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасына, себеп болған жағдай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында, 1 хаатшылығына қазақтың елі – жерімен, тыныс – тіршілігімен таныс емес Г. В. Колбинді қазақ еліне ерен еңбек сіңірген азаматы Д. Қонаевтың орнынына әкелуі еді. Колбин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Қазақстан» деген елді тек картадан ғана білетінін айтты. Осылайша, төтенше өткен пленум таңертеңгі сағат 10: 00 - де басталып, бар жоғы 18 минутта аяқталды.
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Алматының орталық алаңына шамамен 25 - 30 мыңдай адам бейбіт шеруге шығып, Қазақстанды басқаратын адам осы елдің тыныс – тіршілігімен, табиғатымен, дүниетанымымен таныс болсын деген ниетін білдірді. Алаңға жиналғандар Қонаевтың ел алдында сөз сөйлеуін талап етеді. Бірақ, Колбин Мәскеумен сөйлесіп, Қонаевты шерушілер алдына шығарудан бас тартады, әрі төтенше
соғыс әзірлігін жариялауға келісімін береді, жағдай ушыға түседі. Оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт - шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» немесе «Бұрқасын - 86» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді...
Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратпақ болды. Алаңды күшпен тазарту операциясының жоспары қабылданады. Шеруге шыққан жастарға «ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағып, саперлік күрекпен, дубинкамен ұрып - соғып, өрт сөндіру машиналарымен су атып, итпен және т. б. жан - жаққа таратты. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке Фрунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 милиция қызметкерлері тартылған. Арнайы алдырылған бес қаруы сай әскер қарусыз жастарға қарай лап қойды. Дайындықтан өткен әскерлер қар тазалайтын күректермен жастарды төпелеп, құлағандарын аяқтарынан сүйреп, автобусқа тиеп қар басқан жалаңаш далаларға, қоқыс тастайтын жерлерге алып кетіп жатты.
Осыдан соң оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 2281 адамды тұтқындады, оның ішінде 873 студент, 1171 жұмысшылар мен қызметкерлер, 39 жұмыссыз жастар, 23 КОКП мүшелері, 1194 комсомол мүшелері болды. 270 студент көтеріліске шыққаны үшін деген жаламен оқудан шығарылды. Еліміздің аймақтарынан 107 адам сотталды.
1986 жылы 19 - 25 желтоқсанда еліміздің басқа да аймақтарында көтерілістер болды. Ол көтерілістерге 2500 - дей адам қатысты, оның 281 - і ұсталды. Бейресми ақпараттар бойынша 168 адам желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан. 1987 ж. жазда КОКП Орталық Комитетінің қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды.
Желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісінде ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан - ұрпаққа үлгі.

Желтоқсанда үзілген жауқазындар
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.
Асанова Ләззат Алтынайқызы 1970 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 1986 жылы 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілердің қатарында болды.
Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздері, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда, он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Ләззат қыз Алматы қаласында 1986 жылдың 25 желтоқсанында жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Ләззат Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1970 жылы қаңтардың 1 - інде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1985 жылдары мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесінің бастауыш кластарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылғанмен, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға жайыла түсті. Бұл көтеріліс дүйім қазақ жастарының қозғалысына ұласты. Сондай қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында кешкі сағ. 7 - мен 9 - дың аралығында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Барлығы да алаңсыз еді...

Қалымбетова Жанна Бахытовна

Баяндама «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» жүктеу
12 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан оқиғасы туралы білімдерін кеңейту, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. «Желтоқсан құрбандары» слайды Ұран сөз жазылған баннер «Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің бастауы, егемендігімізге негіз қалап берген сара жол»
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×