Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы

24 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Ұстаздармен өткізген коучингіне рефлексивті есеп
"Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы" тақырыбында 60 минут 1 сабаққа арналған коучинг өткіздім.
Бұл тақырыпқа тоқталған себебім: Тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданатынымен ерекшеленеді. Оқушыларының білім алуына баса назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады.

Коучингтің мақсаты:"Оқуға бағытталған көшбасшылық идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.

Сабақ барысында әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында "Қар көшкіні" ойсергегі арқылы әріптестер арасында жақсы психологиялық ахуал қалыптастырып алдым. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады. Әріптестерді топқа гүлдер бойынша топтастыруды ұйымдастырдым. Гүлдердің жеке ерекшеліктерін айта отырып, мұғалімдерге ерекше көңіл - күй сыйладым. Сабақты бастамас бұрын мұғалімдерге "Көшбасшы деген кім?» дeгeн түрткi cұрaқ қoйып, жауап алдым да, бүгiнгi кoучингiмнiң тaқырыбы мeн мaқcaтын таныстырдым. Сабақтың басында ой қозғау арқылы әріптестердің өз тәжірибелеріне сыни тұрғыдан қарап, білім деңгейлерін сараптау мақсатында Г. Бардиннің "Адажио" мультфильмі көрсетіп, бейне баянда нені байқағандарын, бейнебаянда бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылатын сұрақтар қою арқылы анықтау мен мақсат - міндеттерін тұжырымдап беруге жетеледім.

Бұл тапсырма әріптестердің туындаған проблеманы сыни тұрғыдан ойлауларына көздейді. Көрсетілген бейнебаян бойынша әркім өздерінің алғашқы білімдерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салып, өз белсенділіктерін танытты. Келесі тапсырма бойынша "Ойлан, жұптас, бөліс"стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру мақсатында топтық және жұптық, жеке жұмыс ұйымдастырылды. Әр топқа тапсырмалар беру арқылы жеке, жұпта, топта талқылау арқылы
1 - топ "Көшбасшының ең негізгі 8 қасиеті"
2 - топ "Көшбасшының ең құнды 8 ережесі"
3 - топ "Көшбасшы болу үшін алғашқы 8 қадамы" тақырыбында аз уақытта ішінде әріптестер іздену, талқылау жұмыстары арқылы кластер құрастырды. Постер құрастыру барысында байқағаным топ мүшелері өзара қарым - қатынас жасай отырып, тәжірибемен және идеялармен алмасу арқылы мәселені бірлесіп шешудің жолдарын қарастыра отырып, барынша топ болып бірлескен оқу арқылы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылды. "Мұғалімнің көшбасшылығы" ресурсымен танысу жұмысы ұйымдастырылды. Әріптестер көшбасшылық жайлы түсінгендерін постер арқылы бейнелеп, қорғады.

Алдыма қойған мақсат: мұғалімдерге көшбасшылықтың түйінді ұғымдарын жүйелі түрде қолданысқа енгізу болды, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуде топта көшбасшылықтың үлесін айқындау менің түбегейлі мақсатым болды. Слайд арқылы көшбасшылық жайлы жайлы таныстырылым көрсеттім. Мұндағы менің ойым мұғалім мен оқушы көшбасшылығы оқу мен оқытудағы жан - жақты дамудың бірден - бір шешімі екендігін ұғындыру.

Сабағымызды ары қарай "Рөлдік ойын" арқылы жалғастырдым. Әр топқа "Мен көшбасшы бол аламын ба?" тақырыбында жағдаяттарды беру арқылы көрініс ретінде қойып, мәселерді шешу тапсырылды. Әріптестер әр түрлі жағдаяттар арқылы мұғалімнің көшбасшылығы жайлы тақырыптарды ашып, алған түйінді ойларын ортаға салды. Сонымен қатар мұғалімдерге оқушы мен мұғалімнің көшбасшылығына байланысты 5 қағидасын жазу тапсырылды. Топтар қағидаларын жазып, ортаға салды.

"Рефлексия" Әріптестердің семинардағы іс - әрекетті сипаттау, сараптау мақсатында және алдағы іс - әрекетімді жоспарлау мақсатында "Үлкен шеңбер"стратегиясы бойынша әріптестерді ортаға үлкен шеңберге шығарып сұрақтар қою арқылы бүгінгі коучингке кері байланыс алдым.

Алматы облысы, Балқаш ауданы,
"№1 Бақанас орта мектебі" МКМ - сінің
Жұман Дария Жұмаділқызы
4 680
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, мұғалім - көшбасшы, көшбасшы - оқушы қарым-қатынас тәжірибесін арттыру.
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Жалпы мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық
Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық
Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, прaктикaлық тaпcырмaлaр aрқылы түciнiктeрiн кeңeйту. Көшбасшы ұғымының мәнін ашу, мұғалім тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу
Коучинг жоспары
Коучинг жоспары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы №1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мустанова Марал Булатовна
Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық
Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжі биология және анатомия пәнінің оқытушысы Бейсенова М.Б. директордың оқу - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагогика пәнінің оқытушысы Кайболдиева Н.Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×