Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Коучинг тақырыбы: «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық»

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі
бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді,
патриот, еңбекшіл, өз салт - дәстүрін,
мәдениетін, тілін, дінін,
ділін құрметтейтін азамат
нағыз көшбасшы
болуға лайық»
(Н. Ә. Назарбаев)

Мақсаты: Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.
Оқыту нәтижелері: Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Топқа бөлу: Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу
Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ өзінің топ басшысын сайлау.
Тaпcырмaлaрдың түрлeрi: Тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa қoлдaнылaтын тәciлдeр (пocтeр жacaу, пiкiрлecу, oй бөлicу)
Жүрісі:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биі (топқа бөліп отырғызу)

III. «Құмырсқаның әрекеті» туралы бейнебаян көрсету
Бейнебаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? т. б. (Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды)
Бейнебаянда тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар?

IV. Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті әріптестер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары ортаға келіп сұрақтарды таңдап, алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.
Сұрақтар:
1. Көшбасшы деген кім?
2. Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

3. Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?
4. Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз?
5. Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын деп сезінесіз бе?
6. Егер сіз көшбасшы оқытушы болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?
7. Мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс - әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?
8. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?
9. Оқу - тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?...
10. Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін не істер едіңіз?...
11. Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан қолдау қажет деген пікірге қалай қарайсыз?
12. Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер едіңіз?

V. Түйін. Көшбасшы ұғымына анықтама беру (презентация слайд)
Құрметті әріптестер енді көшбасшы ұғымы бойынша сіздің пікірлеріңізді жинақтап түйін жасайық. Сонымен көшбасшы - оқытушы дегеніміз кім?
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) - нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.
Көшбасшы оқытушы - бұл идеялар генераторы, нағыз шебер, ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін - өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.
Көшбасшы оқытушыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады.
Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау.
Көшбасшы оқытушы мен Басшы мағынасы бір емес.
Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады.
Ал, Көшбасшы оқытушы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.
Көшбасшы оқытушының кодексі
• Өзіңнен жоғарыдағыларға қарапайым бол, бірақ өзіңді төмендетпе.
• Өзіңмен теңдестерге қысқа, бірақ сыйластықта бол.
• Өзіңнен төмендерге мейірімділік танытып, достық қарым - қатынаста бол.
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және мінезі жақсы болуы тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 564
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданатынымен ерекшеленеді.
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, мұғалім - көшбасшы, көшбасшы - оқушы қарым-қатынас тәжірибесін арттыру.
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Жалпы мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық
Oқытуды бacқaру жәнe көшбacшылық
Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, прaктикaлық тaпcырмaлaр aрқылы түciнiктeрiн кeңeйту. Көшбасшы ұғымының мәнін ашу, мұғалім тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу
Коучинг жоспары
Коучинг жоспары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы №1 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мустанова Марал Булатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×