Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі

01 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермеймі!
Өлер жерден кеттік біз,
Енді мәңгі өлмейміз!
Жасасын, Алаш, жасасын!
(С. Торайғыров)

Біз – тәуелсіз мемлекетпіз. Ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған асыл мұраты ол - тәуелсіздік. Тәуелсіздік қазақ еліне оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік көптеген халықтарға қақтығыс, қантөгіс арқылы келген. Тәуелсіздік жолына жету үшін қаншама жылдар бойы ата - бабаларымыз, зиялы қауымдар күресіп келді. «Алаш» сөзі арғы ата - бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екенін барлығымыз білеміз. Арғы ата - бабаларымыз «алаш» деп ұран тастап жауға қарсы аттанған. Тәуелсіздік пен еркіндікті аңсаған үміттерінің шырағы ешқашан өшпеді. Аллаға шүкіршілігі сөнбеді. Жақсылығы мен жамандығы қатар келетін бұл өмірден азаттық жолында қаншама жан қыршын кетіп, құрбан болды. Жүрегі «қазағым» деп соққан талай ұлтжанды жастарымыз «ұлтшыл» деген жалған жаламен қыршын кетті. Бірақ та, қазақтың еркіндік таңына барардағы жолын ешкім кесе алмады. Алдынан от шығарса отымен күресті, су шығарса суына жүзді, батырларымыз қылышымен, ақындарымыз қаламымен дес бермеді. Қасы қаны, кеудесінде шыбын жаны қалғанша, елім деп шырылдады. Талай қанды жексен оқиғалар орын алды. Ақыры соңы тәуелсіздік таңы атты! Алаш тарихы, оның тәлімді тағылымы, Тәуелсіздік алған күннен бастап, халық санасына сіңіруі қажет.

Алаш партиясының құрылуы, қазақ халқының өміріндегі елеулі оқиға болды. Алаш партиясы тұңғыш саяси ұйым еді. Партияның негізгі мақсаты, отаршылдық саяси езгіден құтылып, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы мақсатта қазақ зиялылары көп еңбек сіңірді. Қазақ еліне ұран тастап, қазақ халқының көзін ашуға тырысты. Алаш қозғалысының тарихы - қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Орынбор қаласында Алашорда үкіметі құрылғандығы жарияланды. 1917 жылдың 5 - 13 желтоқсан аралығында өткен екінші жалпы қазақ съезі барысында Алашорда үкіметі, Алаш автономиясының жариялануы ұлт тарихындағы ерекше маңызға ие ұлы күн ретінде әдебиетімізде мәңгілікке қатталып қалды. Отаршыл империя қысымындағы қазақ мемлекеттігін қалпына келтірудегі «Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің жаңару мен жаңғыру бағытындағы саяси - қоғамдық қызметін жалпы әлеуметке жеткізуде, елдік мұраттағы ұлы мақсатта ұйысуды қазақ санасына сіңіруде қалам қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелді.

Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов негізін қалады. Алаш партиясының құрамында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Дулатов тағы басқалары тәуелсіздік ісіне, қазақ халқының өркендеп өсуіне зор үлесін қосқан тұлғалар. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білім - ғылымға деген құлшынысын ояту қажет екенін түсінді. Алаш арыстарының белсенділерін әр түрлі айып тағып қуғын - сүргінге ұшыратып, жазаланды. Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды біріктіру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты іс жасау еді. Ахмет Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Маса» жинағын шығарды. Міржақып Дулатов «Оян қазақ!» деп ұран салды, Сұлтанмахмұт Торайғыров «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» тырысты. Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Ресей үкіметі Алаш зиялыларына қарсы айып тағып «халық жауы» деп ату жазасын кесті.
Халықтың жадында сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқыныс болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты өзіне өзек еткені бәрімізге белгілі. Алаш қайраткерлерінің ерлігі, қаламгерлердің асыл мұрасы бүгінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қалмақ. Алаш зиялыларынан жастардың алатын үлгісі өте мол. Алаш қайраткерлерінің әрбір туындысы жастарды патриотыққа, білімді болуға, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелейді. Кезінде Алаш зиялылары «халық жауы» деп айыпталып атылды, ал қазір олардың орны ерекше. Алаш қайраткерлерінің әрбір туындысы, келешек ұрпаққа мол қазына.

Уақыттың тым аз қалғандығын түсіне отырып, «Қазақ» газетінің басқармасы Ж. Досмұхамедовтің хатын алған соң, 5 - қазан күнгі санында «Алаш партиясы» деген бас мақала жариялап, онда былай деп көрсетеді: «Әр саяси партия өз ұранын шақырып, өз ұраны атынан список түзеп, сайлау ісіне кірісе бастады. Қазақ партиясының программасы жасалмағанымен жалпықазақ съезінің қаулысы жасалмақ программаның негізі болсын делінген еді. Съезд қаулысы халыққа мағлұм. Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп, қазақ саяси партияның атын «Алаш» қою, ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпықазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар, сайлауда кандидат списогін «Алаш» партиясының списогі деп жүргізулері керек». «Алаш» партиясының ұйымдарын ашу және бағдарламасын жазу қалай жүрді. Ғылыми әдебиетте «Алаш» партиясы негізін сәуір және мамыр айларында құрылған қазақ комитеттері құрды, ал осы комитеттердің активистері «Алаш» партиясының мүшелері болды деген пікір бар. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастайды. Мәселен, Ә. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12 - 20 жұлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10 - на қарай Орынборда ашылады. «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы Ә. Бөкейхановтың Тамда 8 - 10 қазан аралығында болып өткен алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық - демократиялық, саяси партиясы болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айла-шарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте - бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы.

Сібір автономистері съезінен қайтар сапарында іске асырылады. Ол қайтар жолында Семей қаласына тоқтап 12 - 13 қазан күндері қала жұртшылығымен кездесулер өткізіп, баяндамалар жасайды. Ал оның соңы «Алаш» партиясының 15 - кісіден тұратын уақытша комитетін ашумен аяқталады. Комитеттің төрағасы болып Халел Ғаббасов, хатшысына Сыдық Дүйсенбин, қазынашы Әнуар Молдабаев сайланды. Комитет мүшелері оған құрметті төраға етіп Әлихан Бөкейхановты сайлайды. «Қазақ» газеті өзінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы санында «Алаш» партиясының Орынборда Торғай облыстық комитетінің ашылғандығын мәлімдейді. Комитетке мүшелікке Орынбор қаласында «тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы 14 ағза» сайланады. Комитеттің төрағасы болып Ә. Бөкейханов, төраға серігіне А. Байтұрсынов, хатшысына М. Дулатов, қазынашысына Ж. Жәнібеков сайланады. «Алаш» партиясының жарияланбағанымен, белгілі дәрежеде дайындалып қойған шартнамасы (жарғы) да болған. Ол жөнінде партияның Семейдегі облыстық комитетінің құрылуына байланысты «Қазақта» жарияланған материалдан мынадай деректі оқимыз: «Алаш» партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды, дайын болғанда жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты - комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын «Алаш» партиясының программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шышынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тіліп берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, «Алаш» жолынан ауып, айтысып - тартысуға жарамайтын, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш» партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн».

Қорыта келгенде, Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш - Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. С. Торайғыров – төтенше өзгерістер мен дүрбелең сілкіністер дәуірінде тарих сахнасына көтеріліп, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік жол салған, шығармаларына тұтас бір дәуірдің шындығын сыйғызған суреткер. Ол артына өлмес те өшпес мол мұра, қымбатты қазына қалдырған ұлы ақын. «Ақынның хаты өлмейді» дейді халық нақылы. Осы дана тұжырымды Торайғыровтың өміршең шығармалары дәлелдей түспек.
Суреткер шығармаларын тұтастырып тұрған алтын діңгек – қазақ халқының төңкерістер дәуірінде өз орнын табуы, күллі әлемдік өркениет айқасында жойылып, құрып кетпей елдікті сақтауы, сөйтіп тілі мен ділінен айырылмай рухы күшті жұрттар санатына енуі.

Алаш қамын естен шығармай, ұлттың рухани самғауын басты нысанда ұстап, еліне емірене қызмет қылуды өмірінің мақсаты санаған қаламгер мұрасы егеменді еліміздің зерделі, көшелі азаматына айналып келе жатқан бүгінгі буын үшін тіпті де қымбат, бағалы.
Ұлт зиялыларының қажырлы еңбегі кеңестік мемлекеттік мекеменің негізін қалады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.

Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Алаш азаттығы, ел мен жер тұтастығы, саяси теңдігі мен рухани кемелділігі жырланған өлеңдер елдік қасиеттерге бұла күш дарытудағы жасампаздық қасиетімен құнды. Ол Алаш баласына азаттық пен еркіндіктің қаншалықты қиындықтармен келгенін ұғынуына әрі сол жолда ұлы тұлғаларымыздың жаны мен қанын бергенін ар биігінен сезінуіне ой салары хақ.
Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай Алаш туы астында қазақ елі, мәңгілік жасаймыз.
Бір сөзбен айтқанда, біз бүгін Алаш арыстары армандаған егемен елде өмір сүру бақытына иеленіп отырмыз. Еліміз арысты, ойларымыз өрісті, жастарымыз намысты болса, қазақ елі тәуелсіздігіміз де мәңгілік болады деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
[«Алаш айнасы» кітабы. Қайрат Сақ 2016 ж /12 - 14 бет]
[«Алаш Алаш болғанда» кітабы. Ғалым Ахмедов 1996 ж /8 - 10 бет]
[Егемен Қазақстан 2003 ж 16 желтоқсан №326]

Серикбаева Жулдыз Серикбаевна
3 236
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
Біз – тәуелсіз мемлекетпіз. Ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған асыл мұраты ол - тәуелсіздік. Тәуелсіздік қазақ еліне оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік көптеген халықтарға қақтығыс, қантөгіс арқылы келген. Тәуелсіздік жолына жету үшін
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Біздің мақсатымыз
Біздің мақсатымыз
Авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×