Баяндама Әліппені оқыту
ШҚО, Көкпекті ауданы
Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі Кажигалиева Роза Газизовна
Баяндама.
Әліппені оқыту.
Сабақ оқу жұмысының ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орны ерекше. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақта оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Балаға ыстық мейірім мен ықылас қажет.
Қазіргі уақыт талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, өзіндік ізденістерге талпынады. Мұғалімнің сан алуан ізденісі, білімі, әдістемелік-теориялық, ұстаздық біліктілігі, сабақтарда көрініс табады. Сондықтан сабақ өткізгенде оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әдістің тиімді түрлерін пайдалану қажет.
Сонымен бірге Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауын әр сабақтың мазмұнына сай пайдаланып, оқушыларды білікті де білімді, саналы да тәрбиелі азамат болып өсуге тәрбиелеу көзделеді.
1-сыныпта «Әліппе кезеңі сауат ашудың негізгі де жауапты кезеңі. Бұл мерзімде сауат ашудың басты мақсаты оқу мен жазуды үйрету. Бұл кезеңде мен сабақтың түрлері: саяхат сабағы, серуен сабақ, мереке сабағы, жарыс сабағы, аукцион сабағы, өмір сабағы, білім сабағы, т. б. өткіземін».
Мысалы: 1. дыбыс танытуда мынандай әдіс қолданамын.
- Балалар тақтада жазылған мына сөздерге қараңдаршы. Мен бүгін сендерге таныстырайын деген әріп тығылып тұр. Бұл дыбыс қай сөзде?
Балалар оқи отырып табады, содан соң жаңа әріпті дөңгелектеп ортасына жазамын. Сөйтіп танысамыз.
Ә ------ ӘНШІ, СӘН, ӘСЕМ, ӘН, ДӘН, ӘКЕ, ДӘМДІ; ТАРАҚ, БАСТА, ТІС, БАҚА
Оқушылар дыбыстармен танысқаннан кейін, ол сөздері, сөйлемдерді оқу керек. Әліппеден үнемі оқи бергенге жалығады, жаттап та алады. Сондықтан мен «Сөздер суретке дұрыс қосылған ба?» деген ойын ойнатамын. Оқушылар дұрысын табу үшін қызығып сөздерді оқиды. Осындай тапсырмалардан кейін әліппе оқылады. Барлығы бір рет күбірлеп оқып шығады. Содан кейін мынандай тапсырма беруге болады. А) Бірінші сөйлемдегі екінші сөзді тап. Ә) Жол деген сөз қай сөздердің арасында тұр? Б) 3 немесе 4 сөзден тұратын сөйлемді оқы, т.б.
Балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі дидактикалық ойындарды айтуға болады. Профессор Т.Сабыров былай деп жазыпты: Сабақты ойынға айналдыруға болмайды, бірақ ойын түрлері: дидактикалық, ұлттық, т.б. қолдануға болады. Сабақты концертке айналдырып, оны сабақтың бір түрі деп қарау мүлдем теріс пікір. Шын мәнінде сабақта дәстүрлі емес тәсіл-амалдарды: сайыс, бәйге, КТК сияқты т.б. ойындарын қолдануға болады.
Мысалы мен сабақта мынандай ойындарды қолданамын: «Ғажайып алаң», «Орынын тап», «Үндемес», «Күн мен түн», т.б. Бұндай дидактикалық ойындар балаларды жан-жақты тәрбиелейтіндей болу керек. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады.
Оқудан тексеру жұмысын өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, жеке тексеру түрлерін жүргіземін. 1. Өзін-өзі тексергенде оқулықтың тиісті бетін ашқызып, аты-жөнін, мәтіннің атын жазып аламын. «Бастадық» дегенде бәрі іштей оқи бастайды. «Аяқтадық» дегенде оқу тоқтатылады. Соңғы аяқталған сөз қарындашпен белгіленеді. 2. Өзара тексеруде алдымен партаның оң қатарындағылар оқиды, сол қатардағылар тексереді.
Ашық буынды сөздерді буын жігімен дұрыс буындап оқи білу сауат ашу ісінің кілті болып саналады. Егер оқушылар сөзді буын жігімен оқи білуге төселсе, әліппеден басқа кітаптардағы жаңа сөздерді дұрыс оқи алады. Ашық буын тұйық буындай емес, мағынасыз болып келеді. Буынға жаңа дыбыс қосып оны оқуға үйрету арқылы іске асырылады. Мысалы: ал сөзінің соңына а қосуға үйрету арқылы ала деген жаңа сөз жасауға болады. Бір сөзден екінші сөз жасау оқушыларды қызықтырады.
Буындап оқытуға төселдіру үшін әліппеде бірыңғай ұқсас буындар беріледі. Сол ұқсас буындарды тақпақ тәрізді оқу арқылы буын жігін сезуге дағдыланады.
Әліппе кезеңінің бір қиындығы жіңішке дауысты дыбыстарды таныстырумен байланысты туындайды. Сөз ішінде бір дыбыстың ықпалы екінші дыбысқа тиеді. Соның ішінде жіңішке дауыстылар қасында тұрған дауыссыздарды жіңішкертіп жібереді. Егер оқушылар сөздегі әр дыбысты жеке дыбыстаса, сөз дұрыс шықпайды. Сол себептен жіңішке дауыстылары бар сөздерді тұтас оқуға ерекше дағдыландыру қажет. Мысалы: Ұн деген сөздегі н мен үн деген сөздегі н бірдей емес, екеуі де екі түрлі болып естілетінін бақылату қажет.
Әліппе кезеңінде тілдің дыбыстық жүйесіне тән ерекшелігін баланың құлағына табиғи сіңіруде қызықты ертегі, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, санамақтарды оқып беру мен айтқызудың маңызы зор. Мысалы: Мұғалім ертегіні мазмұнына қарай дауыс ырғағымен құбылтып, мәнерлеп оқып беру арқылы балаларды сөйлеу машықтарына біртіндеп үйретеді.
Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында М.Жұмабайұлы жан-жақты құнды ойлар айтқан: Ол түсініп оқымай жаттап алушылыққа, баланы «тоты құсқа» айналдырып жіберуге қарсы. Баланы адам мектепке тоты бол деп жібермейді. Баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне сурет орнату керек дейді. Бала біреудің айтқан сөзін сөзбе-сөз қайталап күйіс қайырып тұрмайтынын, тиісті сөзін өз жүрегінен суырып сөйлейтінін айтады. Мектепте оқыған бала білімді құшақтап алып, тұрмыста жарамсыз болып шықпауы, бала нені білсе де көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша өзі істеп білуін қолдайды.

Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жакашева Гульжанат Касымовна
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.