Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп

18 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұғалім портфолиосы С есеп
3 деңгей
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп.

Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша жаңаша көзқарас, жаңаша қарым - қатынас, жаңаша ойлау жүйесі қалыптасып отыр. Сындарлы түрде білім беруде оқушыларда пәнге деген білім, білік дағдыларын меңгеруге бағытталған, оқушылардың жеке басының физикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да дамып - қалыптасуына, тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан да Қазақстанның Н. Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Англияның Кембридж университетінің бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан бұл бағдарламасы - мұғалімдердің жұмысының табысты болуына, жаңаша жұмыс жасауға, оқыту үдерісінде жаңа әдіс - тәсілдерді қолдануға, оқушылардың «үніне» құлақ қоюға, сапалы да тиянақты сабақ өтуге көмектеседі Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі әдістер, тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімдерінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 6 бет)
Сондықтан да қазіргі кезеңде бүкіл әлемде сындарлы оқыту жүйесі қолға алынып жатыр.
Менің мақсатым:
Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз - өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мен курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде нені үйрендім?
- Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін сабақтарыма кіріктіруді, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, кері байланыс жасау арқылы оқушыға келесі сабақтарымда қызықты тапсырмаларды тиімді жоспарлауды үйрендім. Сабақта заманауи ақпарат көздерін кіріктіре отырып, оқушылардың жаңалықтарды есту, көру, визуалды қабылдаудың нәтижелілігін байқадым. Және осы Бағдарлама бойынша 7 модульдің қолданылуы туралы толық ақпарат алдым. Соның ішінде ең маңыздысы – «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі және «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдері маған қатты ұнады. Және де осы Бағдарламаға негіз болған теоретик - ғалымдардың ойларымен пікірлерін басшылыққа алуды үйрендім. Әсіресе, Мерсер мен Литлтонның диалогтық оқытуға байланысты айтқан ойлары менің көңілімнен шықты. Александердің ұсынған диалогтың 5 үлгісін сабақтарымда пайдалануды көздедім. Сонымен қатар бағалауға байланысты «бағалау – бұл тек техникалық тәсіл емес, ол мұғалімдердің ауызша және жазбаша баға қоюы арқылы іске асады» деген пікірімен толық келісемін. Бұлардан бөлек
Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы барлығынан да маңызды» деген пікірі де мен үшін мәні ерекше болды.

Шымкент қаласы.
Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы

Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп. жүктеу
11 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы
«n - дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем, дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну, көру және сындарлы оқытудың теориясына негізделген жеті модульді ықпалдастыру бойынша оқушылардың өз бетімен
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп
Ұстаздық – ол ешқашан көнермейтін, қандай қоғам болса да өзінің қайта өрбитін қуатқа ие құрметті де сыйлы мамандық. Болашақтың бастамасы қасиетті шаңырақ – мектепте. Осы шаңырақтағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×