Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп

18 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сағиева Эльмира Мұхаметкәрімқызы

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп

Ұстаздық – ол ешқашан көнермейтін, қандай қоғам болса да өзінің қайта өрбитін қуатқа ие құрметті де сыйлы мамандық. Болашақтың бастамасы қасиетті шаңырақ – мектепте. Осы шаңырақтағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз - үнемі ізденісте болу керек, ол «ізденуші». Күннен күнге әлем өзгеруде, осы заман ағымы мен талабына қарай білім беру де өзгеріп, дамып өрбіп келе жатыр. Мемлекетіміз шет мемлекеттермен тығыз байланысқа шығып тәжірибе алмасуға да қол жеткізген жағдайымыз бар. Бүгінгі біздің білімді ұрпағымыз – ертеңгі біздің көшбасшымыз. Ал көшбасшыға заман талабына сай білім беріп, оны тәрбиелеу үшін біз білімді болуымыз керек. Ол үшін мен ең бірінші сабақ беру тәсілімді түбегейлі өзгертуім керек, осы мақсатпен курсқа келуді ұйғардым. Қызметтес әріптестерім осы курсты оқып келгенде, олардың өздерінің оқыту мен оқуға енгізген өзгерістерін көріп, қызыға, қызғана да қарадым, менде осы курсқа деген қызығушылық пайда болды. Сонымен не керек тәуекелге бел буып менде осы үш айлық курсқа келдім. Осы курсқа келер кезде қатты қобалжу басталды. Бойымда бір үрей, қорқыныш пайда болды. Сан мыңдаған сұрақтар мазалай бастады. «Енді не болар екен?, «Бағдарламаның негізгі идеяларын меңгере алам ба? тіпті бекер келіппін деген өкініш сезімдері де болды. Шынымды айтсам бұл курсқа келгенде мен бір басқа әлемге тап болғандай сезімде болдым. Себебі, бұрын - соңды естімеген сын тұрғысынан ойлау, кері байланыс, күту ағашы деген сөздер мен үшін жаңалық еді. Бағдармадағы 7 модульдің негізгі идеясын меңгеруім үшін мен ең бірінші жалпы осы курсқа деген көзқарасымды өзгертуім керек болды, өзгерттім. Сонымен не керек күрделі де, қызықты бағдарламаны меңгеру менің басты міндетім деп қабылдадым. Бірінші «бетпе - бет» кезеңінде сыныптағы барлық оқушылардың оқу үдерісінің сапасын арттыруға негізделген 7 модуль туралы толық теориялық білім алып, келесі мектептегі тәжірибе кезеңінде алған теориялық білімімді жүзеге асыру үшін, өзімнің оқыту мен оқу тәжірибеме өзгерістер енгізуге іс - әрекеттерімді жоспарлап мектепке келдім. Алғашқы күні мектеп директорымен кеңестім. Тәжірибеге келгенімді ескертіп, сыныбымда яғни қазақ тілі кабинетінде біраз өзгерістер болатының айттым, ол кісіні бағдарламаның мазмұнымен таныстырып, зерттеуге 8 «Б» сыныбын алатынымды айтып ескерттім. Содан соң әріптестеріммен кездесіп, кеңестім. Әріптестерімнің көпшілігі менің жаңа идеяма сеніммен қарады. Оларды топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, күту ағашы, кері байланыс, бағалау әдістері қатты қызықтырды. Әріптестеріммен кеңесуден мен жақсы әсер алдым бірақ сондада мұғалім ретіндегі көкейімдегі сан түрлі: Қалай оқытамын? Қандай әдіс - тәсілдерді қолдансам болады?

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп. жүктеу
1 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы
«n - дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем, дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну, көру және сындарлы оқытудың теориясына негізделген жеті модульді ықпалдастыру бойынша оқушылардың өз бетімен
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз - өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мен курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде нені үйрендім?
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту
Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту
Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде.
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×