Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері

24 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды тұлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жұмыстардың әдіс - тәсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық - тан оқушыларға арналған күнделік жүргізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылу керек. Ол әрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныстыруға болады.
Әр оқушының мінез-құлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.
Оқушылардың мінез - құлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата - аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы ұсындық.
Гистограмманың мақсаты: мұғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез - құлқындағы ерекшеліктерді анықтау.
Жеткіншек жастағы балалардың арасында суицидтік проблеманың туындауы, мектеп жасындағы оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерімен байланыстырады. Көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша жеткіншектердің отбасында дұрыс тәрбие алмауы, ата - анасының мейірімін көрмеген, отбасындағы шиеленіскен жағдайлар салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:
- Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы, жеткіншек жастағы
баланың өз қатарынан кем қалуы;

- Баланың рухани дамуына ата - ананың немқұрайлы қарауы, баланың жан дүниесін түсінбеуі, баланың ата - ана тарапынан өте қатты қысым көруі;

- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етіп, бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінуі.

- Шектен тыс қамқорлық, баланың әр қылығын қанағаттандыру, жеткіншектің қыңыр болып өсуі.
- Жеткіншек жастағы балалардың бір - біріне қысым көрсетуі;

Жеткіншек жас сыныптарында кез - келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.

1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау-дамайға түсетін оқушылар.
2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым - қатынасы ұнатпайды.
Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.
Психолог Н. Д. Левитов ұсынған оқушының мінез - құлқының бар ерекшелігі — шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:
1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?
2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?
3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?
4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты дәрежеде ұстайды?
5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?
6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай ұстай біледі?
7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.
Мінез - құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.
Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері. жүктеу
12 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы
Кез келген нәрсенің оң, теріс тұстары болады. Жағымсыз қасиеттер арқылы жақсы қасиеттерді бағалаймыз. Біреудің бойындағы қасиеттерін айту үшін адам әуелі өзін тану керек. Сондықтан парақты екіге бөліп өз бойыңыздағы жағымды, жағымсыз қасиеттеріңізді
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары
Астана қаласы, Генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Алдажұманова Жұматай Арыстанқызы
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×