Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандығым – мақтанышым

17 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мамандығым – мақтанышым
Кез­келген адам баласы ес білгелі өзінің тағдырын кай мамандықпен байланыстыруы жайлы ойланады. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл адам өміріндегі өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Біреулер үшін – мамандық ойлаған арман мен қалаудың орындалуы сондай - ақ отбасы дәстүрін жалғастыру болса, ал, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, білім шыңындағы дербестікке талпыныс, ал енді үшінші біреулер үшін әйтеуір бір мамандық иесі атану үшін таңдалған бұрыс бағыттың нәтижесі болып жатады. Осындай қателіктерді жібермеу мақсатында өзіңнің мүмкіндіктеріңмен қызығушылықтарыңды есепке ала отырып таңдалуы қажет. Мамандық таңдау жайлы ұлы ғұлама ғалымдарымыз да ойларын дөп басып айтып кеткен. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Ал Абай атамыздың сөзімен айтар болсам: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Мен өмірімде мамандық таңдаудан шатасқан жандардың қатарына жатамын. «Экономика» мамандығы меның еңбек тағдырым деп ойлап, 2 жылымды босқа кетірдім. Бірақ адамдар қателіктер арқылы өзін әрі дамытады демекші, мен де әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оның ішінде Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенті болып, бұл жолы мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Бұл қызмет түрі елдің негізгі тірегі ­ қарапайым халыққа альтруизмдік қызметті алға тартатын, қайырымдылық пен жанашырлықтың негізін қалайтын мамандық болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс - әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс – мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі көмек жиынтығын көрсететін қызмет түрі.
Қазақстан Республикасында «Әлеуметтік жұмыс» енді гүлденіп келе жатқан мамандық түрі болып табылатындықтан елге енгізер жаңалықтар өте көп. Шет елдерде әлеуметтік қызметкерлер өте жоғары статусқа ие, және мүмкіндіктері мен қызмет түрінің көптүрлілігімен ерекшеленеді.
«Әлеуметтік қызметкер қандай орталықтарда қызмет атқаруға болады?!» Бүгінгі күнде әлеуметтік қызметкерлер Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында (ХҚКО); түрлі бағыттағы оңалту орталықтары мен дағдарыстық орталықтарда; Халықты жұмыспен қамту саласында; ауруханалар мен емдік - профилактикалық сауықтыру мекемелерінде; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету орталықтарында және жастармен, егде жастағы азаматтармен, көпбалалы немесе көмекті қажет етуші отбасылармен тікелей жұмыс жасайтын, көмек беретін және т. б. мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқаруға мүмкіншіліктері бар. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының ұжымы кәсіптік біліктілігімен, өз кәсібіне және университетіне жан - тәнімен берілген, әр студенттің білім сапасына мән беріп қана қоймай ақыл кеңесін әрқашан аямайтын, жауапкершілігімен ерекшеленетін, оқытушылар ұжымы халықаралық білім беру технологиясын жетік меңгерген. Бүгінде кафедра бітіруші түлектері үшін Ресей Федарациясы (Уральский Федеральный Университет имени первого Президента Росии Б. Н. Ельцина, Белгородский государственный национальный исследовательский университет) негізінде қосдипломдық бағдарлама жұмыс жасайды.
Түлектерге айтарым, әлеуметтік жұмыс мамандығын таңдау арқылы шет елдегі практикада қолданылып жүрген көптеген қызмет түрлерін өз елімізде қайта жаңғырту арқылы көптеген жаңалықтарға қол жеткізу арқылы мамандықтың профессионалды маманы болуға шақырамын!

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Әлеуметтік жұмыс
мамандығының 4 - курс студенті
Зинадин Жұлдызай Мұхтарқызы
Жетекшісі: доцент м. а
Сарыбаева И. С., доцент м. а. Амитов С. А.
2 917
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек.
Мамандығым - мақтанышым
Мамандығым - мақтанышым
Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Мамандық – кез - келген адам үшін өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, біліктілікті, өзіндік жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Менің бейімділігім
Менің бейімділігім
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы " №9 орта мектеп"КММ Матаева Аглиман Бултукановна
Мамандық – жетістік мерейі
Мамандық – жетістік мерейі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Менің мамандығым - менің болашағым
Менің мамандығым - менің болашағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Торгай Пралиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×