Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

Мақсаты: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі, көркем - эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегішінің басты міндеті сюжетін барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

Кіріспе
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым - қатынасы, мінез - құлқы т. б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой - өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін, шығармашылық қабілетін дамыту енді - енді ғана қолға алынған мәселе екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Қалыптасу тарихы:
Қазақ халқының тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегі – халықтың тәрбие көзі, халық шығармасы, халық мұрасы.
Қай халық болмасын, өзінің даму жолында қилы - қилы тарихи кешулерден өтеді. Соған байланысты халық өз басынан өткен оқиғаларды аңыз - әңгімелер, ертегілер, мақал - мәтелдер етіп қалдырып отырған. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу - сызу өнері болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп - төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың октемдік бабасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс - әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте - бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара - бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс - әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп - салдарлық белгісі жоғалған. Бірте - бірте мифтің бұрынғы қалпы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте - бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегі де сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдардан туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т. б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбуова Шолпан

Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту. жүктеу
7 086
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.
Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Ақбота» мектепке дейінгі мекемесінің психологы Аекеш Айсұлу Райсқызы
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×