Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлағатты сөздер

11 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұлағатты сөздер
Дене мен рух, жеке – жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді.
Меһмет Соймен
***
Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап – дайын тұрғын дәрісі.
К. Д. Ушинский
***
Жан сыры деп жазылған
Психология деген пән.
Шәкерім Құдайбердиев
***
Әрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзін – өзі жетілдіру, сонан кейін бір үйде немесе бір қалада тұратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді.
Әл – фараби
***
Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.
Д. Дидро
***
Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.
Л. Фейербах
***
Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек.
Н. Н. Миклухо – Маклай
***
Адам тек басқалар арасында ғана адам бола алады.
И. Бехер
***
Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды.
В. А. Сухомлинский
***
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені.
Абай Құнанбаев
***
Жеке адам өз ақыл – ойының толысқаны үшін қоғамға қарыздар.
Н. Г. Чернышевский
***
Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады.
Н. А. Островский
***
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы.
А. Линколын
***
... сөз жүзінде емес, мінез – құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асырауға болады.
Әл – Фараби
***
Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Әл – Фараби
***
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты.
Әл – Фараби
***
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Абай Құнанбаев
***
... адам мінезінің, ақыл – қайратының әртүрлі болуы – тәрбиенің түрлі – түрлі болуынан.
Жүсіпбек Аймауытов
***
Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді.
Жүсіпбек Аймауытов
***
Тәуір мінез – білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді.
Г. Спенсер
***
Мінез – принцип бойынша әрекет етуге қабілеттілік.
И. Кант
***
Мінез дегеніміз моральдық әдеттердің жиынтығы.
А. Стендаль
***
Мінез – құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете
***
Мінез – әркімнің өзін – өзі нұсқап, мақсатқа жету жолындағы пәрменді құлшынысынан байқалады.
И. Гете
***
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит
***
Мінез бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма шуақ болады.
Демокрит
***
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады.
Тек қана әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
К. Д. Ушинский
***
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды, Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету тіпті бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.
Б. М. Теплов
***
Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі.
В. Обручев
***
Егер адам бойындағы зиянды әдет – дағдыларды түп – тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш – жігері мен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та қиыншылығы сонда - мысқалдап ұзақ уақыт енген жаман әдет – дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.
К. Д. Ушинский
***
... Түйсік пен қабылдау неғұрлым нәзік болған сайын, адамның рухани мәдениетін сипаттайтын эмоциялық диапазоны кеңейе түспек.
В. А. Сухомлинский
***
Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын исі, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой хабар алып, жақсы – жаман әр істі сол тексермек.
Ш. Құдайбердиев
***
... зейін – адамның жан дүниесіне енетіннің барлығы да өтетін бірден – бір есік.
К. Д. Ушинский
***
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді.
Т. Тәжіраев
***
Зейін дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді үйрету... Өзің туралы ойдан, өз қам – қаракетіңнен бойыңды алшақ ұстау...
С. Соловейчик
***
... ес болмаса, біздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыз пайда болған бетте із – түссіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас нәресте қалпында қалар еді.
И. М. Сеченов
***
Егер адамда ес болмаса... ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай... ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп – даму прогресі де болмас еді.
Т. Тәжібаев
***
Өзінің есін дамытқысы келетін әрбір адам жүйелі және ұйымдасқан түрде есте қалдыруға және қайта жаңғыртуға өзін үйретуі керек.
Б. М. Теплов
***
Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады.
Әл – Фараби
***
... Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар.
А. П. Чехов
***
Тіл – ішкі сырды сыртқы шығаратын құрал.
Жүсіпбек Аймауытов
***
Тіл – халық тарихы. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы.
А. И. Куприн
***
Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса ісіңнің иесі дұрыс.
Д. И. Писарев
***
Сөз көмескілігі – ой пікір көмескілігінің айнымас белгісі.
Л. Н. Толстой
***
Құнды сөз құнарлы ойдан туады.
Л. Н. Толстой
***
Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.
Б. М. Теплов
***
Сөз – өмірдің салиқалы түйіні
Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығы.
Әбдірахман Жәми
***
Тіл – ұлттың жаны. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
А. Н. Толстой
***
Халық өз тілінен айрылған кезде харакетінен де айрылады.
И. Кант
***
Ойланбай айтқан сөзден без.
Муслихитдин Сағди
***
Сөз – ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр.
В. Г. Белинский
***
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
Ахмет Байтұрсынов
***
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
Ғабиден Мұстафин
***
Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.
Н. Г. Чернышевский
***
Тіріні көрге салар да – сөз,
Өліні тірілте алар да – сөз.
Әлішер Науаи
Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай
Әр нәрседен құр қалма.
Абай Құнанбаев
***
Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.
К. Д. Ұшинский
***
Қиял! Мұңсыз ақын да, философ та... тіпті адам болу да мүмкін емес.
Дени Дидро
***
Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар.
А. Франс
***
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
Л. Н. Толстой
***
Менің арманым – өмір үнемі алға қарыштай берсе екен.
Г. И. Успенский
***
... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.
Ғабиден Мұстафин
***
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Д. И. Писарев
***
Егерде арман адамның нақты әрекетінің орнына жүре бастаса, адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе... келешектің қамы болмай, дай лағу болып шығады.
Б. М. Теплов
***
Шабыт – тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ... Жалқау адамға шабыт жуымайды.
П. И. Чайковский
***
Шабыт... – ғаламат көрінген істің оп – оңай орындалуы. Ондайда сызу да, жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі.
Я. Корчак
***
Шабыттың өздігінен келіп, тербетіп оятуы қажет емес, тіпті жақсы, келмейді екен – бәрі бір жұмыс істей беріңіз.
И. С. Тургенев
***
Шабытты сақтау керек. Ол – творчествоның нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы.
А. А. Богомолец
***
Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды.
Г. Ибсен
***
Суреткерге творчестволық жалын, жанқиярлық қажет.
В. Н. Мешков
***
Творчество – өте зор, тұрақты және қатты жігермен істелетін еңбек.
Б. М. Теплов
***
Ашуға берілу – басқаның кінәсі үшін өзіңді – өзің жазалаумен бірдей.
Д. Свифт
***
Адамның жан дүниесінің шарықтап, жан – жақты жетілуінің қажетті шарты – сезімдерінің байлығы. Сезімнің қораш, солғын болушылығы – адамның өмірін де күңгірт, мардымсыз етіп жібереді.
Б. М. Теплов
***
Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ, сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады.
Біздің жеке басымыз – бақ, ал біздің ерік – жігеріміз оның бағбаны.
В. Шекспир
***
Ерен ерік – жігер – бір нәрсені қалау және жете білу ғана емес, қажет болғанда одан бас тарта білу.
А. С. Макаренко
***
Біздің еркіміз, бұлшық ет секілді ұдайы жетіліп отыратын әрекетпен шыңдалады.
К. Д. Ушинский
***
Сезімді тәрбиелеу... – эмоцияны билеп, қажет емес жағымсыз қобалжуларды басып тастайтын әдеттерге баулу.
Ф. Н. Гоноболин
***
Рухани байлығы мол... жоғары идеяларға берілген адамдар қиын жағдайлардың өзінде де қайратын жоймай, тіпті шат көңілмен өмір сүріп, жұмыс істей береді.
А. Темірбеков
***
Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәнінде ешқандай бағасы болмас еді.
С. Смайлс
***
Өзіңнің борышыңды орындап кетсең болды өзіңді тани кетесің.
И. Гете
***
Міндетті түрде күн сайын аз да болса міндет борышын атқарып отыру – тамаша іс. Э. Делакруа
Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың.
Л. Н. Толстой
***
Борышты түсінуіне қарап адамның қылықтарын жақсы, жаман деп бағалауға болады.
Б. М. Теплов
***
Адамдық борыш, ат үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Шәкәрім Құдайбердиев
***
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
***
Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады.
В. А. Сухомлинский
***
Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.
А. П. Чехов
***
Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.
Ахмет Игүнеки
***
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес
Қорқыт ата
***
Имансыздың жүрегінде Отан сүйіспеншілігі болмайды.
Меһмет Соймен
***
Қазақ меймандос халық, ол ең жақсы төсенішін қонағының астына төсейді, асының дәмдісін соның аузына тосады.
А. И. Левшин
***
Бала күнінен ат құлағында ойнау - қазақтың тұңғыш гимнастикасы.
А. И. Левшин
***
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А. Брем
***
Қазақ халқы әнқұмар халық... Бір де бір жиын. Бір де бір ойын – сауық өлеңсіз өтпейді.
М. В. Готовицкий
***
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А. Брем
***
Қазақ халқы әнқұмар халық... Бір де бір жиын, бір де бір ойын – сауық өлеңсіз өтпейді.
М. В. Готовицкий
***
... киіз үйді мекен еткен қазақтардың поэзияға бейімділігі Париж бен Лондондағы оқымысты қауым өкілдерінен молырақ екеніне ешкім таңданбауға тиіс.
А. Вамбери
***
Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған...
Оларды жауға қарсы ұрыста ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды.
И. Г. Эренбург
***
Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.
Э. С. Эренбург
***
Қазақтардың көру қабілеті мейлінше дамыған... Қазақ әдетте кең байтақ жазирада өмір сүреді, сондықтан жас шағынан зер салып, шола қарауға дағдыланған. В. В. Радлов
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш.
Баубек Бұлқышов
***
Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.
К. Г. Паустовский
***
Отансыз бақыт жоқ, кім – кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері.
И. С. Тургенев
***
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
Ғабит Мүсірепов
***
Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.
Әлішер Науаи
***
Ұлттық мақтаныш – жеке адам мен ұлт үшін бұлжымас заң. Кімде – кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза, қанғыбас.
Бауыржан Момышұлы
***
... өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады.
Мағжан Жұмабаев
***
Жастық оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Абай Құнанбаев
***
Мен жігін он бес – отыз арасында
Бұл жаста көп – бересі аласым да...
Сұлтанмахмұт Торайғыров
***
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл болашақ жөніндегі үлкен – үлкен жоспарлар. Бұл – перспектива атаулының бастауы.
Назым Хикмет
***
Қайран жастық... Бәлкім сенің ғажаптығың бәрін де тындыра аламын деп ойлау мүмкіндігінде болар – ау!
И. С. Тургенев
***
Жастық адамға бір – ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі – барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.
В. Г. Белинский
***
... Бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады.
А. И. Герцен
***
Бүгінгі жастарымызға ізгілік, парасат, жалындаған жігер тән. Олардың көкірегі ояу, көңілдері сергек.
Жазылбек Қуанышбаев
***
Сүюге үйрету, махабатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету – бұлар өзіңді өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы жақсы қасиетке үйрету болып табылады.
А. С. Макаренко
***
Өзінің әке – шешесін, жолдастарын, достарын жақсы көрмеген болса, жас жігіт өзінің қалыңдығын, келіншегін ешқашан сүймейтін болады.
А. С. Макаренко
***
Өзіне – өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді... Өзімшіл болсаң, онда отбасын құрмай – ақ қойғаның абзал.
В. А. Сухомлинский
***
Үйлену дегеніміз - өз правоңның жарымын азайтып, міндетінді екі есе көбейту деген сөз.
А. Шопенгауэр
***
Егер ерлі – зайыптылар бастары қосылғанша бір – бірінің құлқын, әдеттері мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес.
О. Бальзак
***
Өз сүйгеніңе адал, айнымас жар болу деген жан дүниеңнің бір бөлігін сүйікті адамыңа сыйлау деген сөз.
В. А. Сухомлинский
***
Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанмен бірдей.
А. П. Чехов
***
Әйелің жақсы болса, бірінші – «иманың», екінші – жиғаның, үшінші – ырысыңның тұрағы.
Төле би
***
Аяғын көр, асын іш деген сөз бар,
Шешесін көр, қызын ал, сол белгісі.
Шал ақын
***
Көргенді жерден қыз алсаң, атыңды ерттер жүгендеп, далаға жүрер уақта керегіңді түгендеп...
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
***
Қалыңдығыңа қалай қарадың, әйеліңе де солай қара
Н. Г. Чернышевский
***
Балаларым болса екен деу – табиғи нәрсе... бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.
Цицерон
***
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас.
Шал ақын
***
Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен – өзің есеп ал! Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізілсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
Абай Құнанбаев
***
1) Нені тез орындау көзделсе, қандай жағдайлар кездеспесін, орындайтын бол. 2) Орындайтын ісіңді жақсылап орында. 3) Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің еске түсіруге тырыс. 4) Ақыл – ойынды барлық күш – жігеріңмен тек іске жұмсай біл...
Л. Н. Толстой
***
Адам өзінің мінезі мен ерікті – жігерін не үшін шындайтынына ылғи да есеп бере білуі тиіс.
А. В. Петровский
***
Өзіңді – өзің бағындыруға, өзіңе – өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік – қайраттың бірінші қайнар бұлағы.
В. А. Сухомлинский
***
Өзіңді – өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді – өзің қатал, әрі әділ сотына тарта білуің керек.
Н. А. Островский
***
Адам өзіне – өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс.
Цицерон
***
... адамның өзін – өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт.
Мағжан Жұмабаев
49 588
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.
Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.
Медициналық сұхбат тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Өзінің ішкі сарайына, көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап - дайын тұрған дәрісі. К. Д. Ушинский Қарым - қатынас – біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×