Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың әдіс - тәсілдері

07 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дидактикалық ойынның түрлері
Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың әдіс - тәсілдері

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
(В. А. Сухомлинский)


Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, әлеуметтік ортамен қарым - қатынастың жоқтығын білдіреді.

Көбінесе аутизм 3 - 5 жас аралығында анық көрінеді. Соның нақты ерекшеліктері төмендегідей:
Аутизмі бар бала көзін бір жерге тоқтатпайды, әсіресе қарама - қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет - әлпетіне, тікелей (көзбе - көз, тура) қарамайды. Бұндай балаларды ешнәрсе қызықтыра алмайды. Немқұрайлық ойындарда да пайда болады, бір іс - әрекетті неше рет қайталап, мәнсіз ойнайды. Аутизм балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.

Аутизмі бар балаларды оқу - тәрбиелеу процесінде дидактикалық ойынды қолданудың туындауы, ең біріншіден, ойынның бұл жастағы басты қызметі болып келетіндігінен шыққан.

Педагог маман балалардың жас ерекшелігімен қатар, аутизмі бар балаларға тән дамуындағы ауытқуы туралы ұмытпауы керек. Әдетте, аутизмі бар балалар болбыр, эмоциясыз болып келеді. Сондықтан баланы қызықтыратын, көңілін бөлетін әдіс - тәсілдер қажет. Аутизмі бар балалар селқос, заттармен және ойыншықтармен белсенді әрекет жасауға ынталанбайды. Ересектерге әрдайым балалардың ұсынылған қызметке жағымды, әсерлі қарым - қатынасын жасап тұру қажет. Дидактикалық ойынның мақсаты да осында.

Дидактикалық ойын мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын әдісі, оқыту нысаны, өзіндік ойын қызметі және бала тұлғасын жан - жақты тәрбиелеудің тәсілі болып келеді. Дидактикалық ойын барысында таным процестері де дамиды.
Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен сабақты берік меңгерту болып табылады.
Дидактикалық ойындарды сабақтың әр алуан буындарына енгізу:
1. Сабақтың кіріспе бөлімінде;
2. Материалды игеруге даярлық кезінде;
3. Материалды пысықтау кезінде;
4. Игерілген материалды қайталау кезінде дидактикалық ойындарды пайдалануға болады.
Дидактикалық ойынның негізгі түрлері. Мектепке дейінгі педагогикадағы барлық дидактикалық ойындарды үш түрге бөлуге болады: заттармен (ойыншықтармен, табиғи материалдармен) ойнау, үстел жанында ойналатын баспалық ойындар және сөздік ойындар.

1. Заттармен ойнау. Заттармен ойнағанда ойыншықтар мен деректі заттар қолданылады. Олармен ойнағанда, балалар әр түрлі заттарды салыстырып, олардың ұсақтығын не айырмашылығын табуды үйренеді. Бұл ойындардың құндылығы: балалар заттардың түр - сипатымен танысып, түсін, көлемін, пішіні мен сапасын ажыратуды үйренеді. Бұл ойындарда салыстыру, сараптау - жіктеу, қойылған мақсаттарының шешілу кезегін айқындау мәселелері шешіледі. Заттар әлеміндегі өздерінің білімдерін арттыру кезінде ойын шарты күрделенеді: затты бір ерекше сипатына қарай табуды, осы сипатқа қарай заттарды біріктіруді үйренеді. (түсі, пішіні, сапасы мен нысаны т. б. бойынша)

2. Үстел жанында ойналатын баспалық ойындар.
Үстел жанында ойналатын баспалық ойындар – балалардың қызықты ойыны. Олар әр түрлі болады: қима суреттер, лото, домино т. б. Бұларды қолдану арқылы дамыту ойындары да әр алуан болады.
Суреттерді жұптастыру. Бұл ойындағы ең оңай тапсырма - әртүрлі суреттердің ішінен екі мүлдем бірдейін табу. Суреттерді ұқсас жерлеріне қарай табу (классификациялау). Бұнда - жалпылау, заттар арасында байланыс табу.
Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтап қалу. Бұл ойындардың дидактикалық тапсырмаларына, реттік және есептік сандарды, үстел үстіндегі суреттердің орындарын (оң - сол, жоғары - төмен, жанында - алдында т. б.) есте сақтаулары жатады, суреттерді қозғағаннан кейін қалай өзгергендерін айтып бере алуы.
Кеспе суреттер мен текшелерді (кубиктерді) құрастыру. Бұл ойындардың мақсаты – бөлшектерден тұтас зат құрастыруды меңгерту.
3. Сөздік ойындар. Сөздік ойындар балалардың сөздері мен әрекеттеріне негізделген. Балалар бастапқы білімдерін қолдана отырып, заттар туралы өз білімдерін тереңдетеді.

Осы айтылған дидактикалық ойын түрлерін қарастыра келе, өз іс - тәжірибемнен жұмыс бағыттарымның бірі қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру болғандықтан, түрлі математикалық дидактикалық ойындар түрлеріне тоқталғым келеді.
Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың әдіс - тәсілдері жүктеу
6 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес»,- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық іспетті.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Грузин педагогы Ш. А. Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру
Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10 - 20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар
Бала тілін ойын арқылы дамыту
Бала тілін ойын арқылы дамыту
№7 «Айгөлек» МКҚК балабақшасы тәрбиешісі: Асия Рахметова
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар ЖОББМ физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×