Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.

20 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Коучинг - сессия жоспары
Тақырыбы: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде.

Жалпы мақсаты: Кәсіби қоғамдастықтың маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын көрсету. Мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі арналғанын атап көрсету. Кәсіби қоғамдастықтың мектеп жұмысының ілгерілеуіне ықпалы зор екеніне көз жеткізу.
Оқу нәтижесі: - Қоғамдастықтар үшін қатысушының пікірі бағаланатын іс - шаралар пайдалы болатынын біледі.
- Мұғалімдер бір - бірімен кездесу, пікіралмасу арқылы кәсіби қоғамдастықтың тиімділігін білді.
- Кәсіби қоғамдастық жұмысының жүзеге асуына бірлесе әрекет етудің үлесі зор екеніне көзі жетеді.
- Бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемаларды шешеді және жаңа идеялармен алмасады
- Ата - аналар мен мектеп арасында байланыс дамиды.
- АКТ - ның мүмкіндіктерімен жаңа қырларын бірлесіп игереді.
Негізгі идеялары: Мектепішілік ынтымақтастықты нығайту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және бағдарламаның жүзеге асырылуына ықпал ету.
Оқыту мен оқу үдерістерінің тиімді әдіс тәсілдерін жүйелі жетілдіру. Зерттеулер мен нәтижелерді тарату арқылы қарым - қатынас орнату
Қолданылатын рeсурстaр: Проектор, стикeрлер, маркерлер, флипчарттар, слайдтар, видеоматериалдар.
Психологиялық көңіл күй қалыптастыру 3 мин.
«Комплимент» активити (тренинг) жасау арқылы қатысушылардың жақсы көңіл – күйлерін, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу 3 мин.
«Өз жұбыңды тап».
Қатысушыларға топқа өз қалауларымен отыруға мүмкіндік беру.
Коуч: Неге сіздер дәл осылай бөліндіңіздер?
Сонымен біз не жөнінде ой бөліседі екенбіз?
(Коучинг тақырыбы айтылады)
Белсендіру 15 мин.
«Сұхбат» стратегиясы
Коуч: Мен сіздерге алдын ала кәсіби қоғамдастықтар туралы ақпарат беріп, танысуларыңызды сұранғанмын.
Қазір қосымша «Мұғалімдердің желілік қауымдастығы» виртуалды сабағынан үзінді көріңіздер.
Тапсырма: «Кәсіби қоғамдастық дегеніміз не және оның маңызы»
Коуч: Әр топ «Қоғамдастық, Компьютер, Смартфон, Интернет» терминдерін негізге ала отырып ҚАЙДА? ҚАЛАЙ? НЕ? деген сұрақтарды қатыстырып сұрақтар әзірлейді.
Аудирорияда сұрақтармен жұмыс жасау үшін «Сұхбат» әдісі қолданылады.
Әр топ сұхбатшыларын дайындап көршілес топтарға сұрақтарына жауап алып келуге жібереді. Қалған топ мүшелері келген сұхбатшыға жауап береді.

Ю. Гагарин атындағы ЖОМ
Бірінші деңгейлі мұғалім Е. Жолдыбаев

Коучинг - сессия жоспары: Кәсіби қоғамдастық – педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде жүктеу
4 165
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалім қандай болуы керек? Бұл сұраққа мұғалім білімді, кәсіби шебер болу керек деп оңай жауап беруге болады. Мұғалімге тек кәсіби шеберлік пен білім жетпейді.
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлім алушының оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі. Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету үшін тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі
Кейде мұғалім өз тәжірибесі жөнінде айтпаса, қаншалықты пайдалы нәрсе істегенін сезінбейді. Білім көтеру, білім арттыру жүйесі мұғалімнің әркезде де шығармашылықпен жылдам ұтымды ойлау білу қажеттігін талап етеді. Оқу мен оқыту үдерісі барысында
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×