Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Делинквентті жасөспірімдерді рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үрдісінде өзіндік санасын қалыптастыру

19 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Делинквентті жасөспірімдерді рухани - адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үрдісінде өзіндік санасын қалыптастыру.

Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі. Ендеше адамгершілік тәрбиесінің ең негізгі міндеті - жас ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат - мүддеге сай адамдық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіру болып табылады.
Алдымен «делинквент» деген сөздің мағынасына тоқталайық. Дединквент - лат. «delinquent» құқық бұзушы ауытқыма мінез - құлқы өзінің ұшқыр көріністерінде жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Қазіргі кезеңде нормадан ауытқушы (девиенттық) мінез - құлық деп қоғамда қалытасқан тәртіпке сай емес әлеуметтік мінез - құлық екі үлкен категорияларға бөлінеді:
1. Анық немесе жасырын психо - патологиялық ауытқыған мінез - құлық
2. Әлеуметтік - құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез - құлық.
Мінез - құлықтағы қиындық және «қиын» балалар ұғымы 1920 - 30 жылдары пайда бола бастады. Психолог - педагог ғалымдар А. Макаренко, С. Шацкий, А. Выготский, П. Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан - жақты зерттеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себепші болады.
1. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс - керіс, маскүнемдік, ата - ананың біреуінің болмауы.
2. Мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни, жеке оқушылардың мінез - құлық ерекшеліктерін, ынта - ықыласын, қызығуын, талап - тілегіе ескермеу.
3. Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.
В. Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы - күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт пен мұғалімнің ерік - жігерін, күшін, қажырлы, педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Ал А. Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.
Енді «үлгермеуші» сөзінің мағынасына тоқтала кетейік. Әдебиеттер мен тәжірибелердегі мәліметтерге сүйене отырып, бұл түсінікке қандай да бір анықтама беруге болады. Үлгермеушілік негізінде оқушылардың дайындығының оқу үрдісінде бір тақырыптың оқылуына арналан сабақ немесе оқу тоқсаны, жарты жыл, жыл талаптарына сәйкес келмеушілігі түсіндіріледі.
Үлгермеушілік тұлғаның тәрбиеленуімен жалпы мәдениеттің маңызды жеткіліксіздіктерінен байланысатын аса кең көрініспен сипатталады.
«Үлгермеушілік» түсінігі мен «қиын бала» ұғымы тығыз байланысты болғандықтан екеуін бір ұғым ретінде қарастырған жөн.
Тәрбиеленуі қиын балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкір арасында тартыс тумауы қажет. «Егер бала бұзақы болса, оған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі» деген А. Макаренконың сөзі бекер айтылмаған.
Ұстаз деликветті балаға жан - жақты тәрбиені адамгершілік тәрбиедан бастау керек. Оның адамгершілік сезімнің сенімін, белгілі бір мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс - әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады.
Жеке адамда рухани адамгершілік құндылықтарды орнықтыру, адам оның тәрбиесі ежелден ақ Әбу Насыр Әл Фараби, Шоқан, Абай, Ыбырай сынды Шығыстың ұлы философтары мен ойшылдарын қатты толғандырғаны мәлім. Мәселен Әбунасыр Әл Фараби «Барлық халық бейбіт өмір сүрсе, жер беті бақытқа толады» деп адамгершіліктің ең биік сатысы - бейбіт өмір сүру, яғни адамдар арасындағы өзара түсініктік, өзара келісім, өзара сыйластықтың аса маңызды екендігін айтады.
Ұлы ақын Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері достыққа, бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақырады. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс тәсілдері оның жан - жақты дамуына бағдарланса, «қиын» баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу жүзеге асады.
Өзімнің ұстаздық жолымдағы тәжірибемнен мысал келтірейін.
1. Ең әуелі «қиын» оқушыларға адамгершілік тәрбие беру барысында халықтық педагогиканың маңызы өте зор. Жас ерекшеліктеріне сәйкес:
1. Ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал - мәтелдер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет - ғұрыптар, халықтық ойындар, үлгі - өнегелер арқылы оқушыны адалдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
2. Батырлар жырлары мен лирикалық дастандар, термелер мен өмиеттерді оқу, оқыту тыңдату, аңыз - әңгімелер арқылы «қиын» оқушыны шыншылдыққа, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен
күресе білуге үйрету.
3. Мұсылман дінінің пайғамбары Мұхаммед пайғамбардың үлгі - өнегеге толы хадистері арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
4. Баланың тәртібі мен үлгеріміндегі ауытқушылықты зерттеу, оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін бақылау мақсатында баламен сенімді әңгіме жүргізу.
Мысалы, мынадай жұмыстар жүргіздім.
« Қорғаушы мен айыптаушы» ойынын ұйымдастыру. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп, 1топ «айыптаушы» айыпталушының жағымсыз мінез құлқын көрсетіп, оны бір сөзбен айтып, жағдаятты дәлелдеу. Мысалы:«Өркөкірек» дейді де, оны дәлелдейді. Қорғаушының міндеті - айыпталушының
Бұл әрекетінің туындау себебін анықтап, айыпталушының жағымды жақтарын көрсету. Мысалы: Ол өзін осылай көрсетті, себебі оның іс - әрекеті бағаланбады. Әр оқушының пікірі айыпталушыға ашық айтылады. Содан кейін «айыпталушыға» сөз беріліп, ол естіген сынға өзі жауап қайтарады.
Ескерту: Ойын адамды бағалауға емес, оның іс - әрекетін бағалауға үйретіп, өзге адамның іс - әрекетін бақылауға баулиды.
3. Әңгіме, сауалнама, күнделік - бақылау.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық дамуын бақылау, сынып ішіндегі рухани - танымдық атмосфераны қалыптастыру.
Өтілу барысы:
Ойынды төменгі және орта буын оқушыларымен өткізуге болады. Ойынның бірінші кезеңі оқу жылының басында « сатып алу - сату» түрінде өтеді. Оқушылардан бірнеше шағын топтар құрылып( әр топта 5 - 6 адам) жағымды қасиеттерді тұтынушылар ролін ойнайды. «Сатып алу - сату» айырбас түрінде өтеді. Ұнамды қасиеттерді(сыпайылық, қайырымдылық, шыдамдылық, адамгершілікт. б )өздеріндегі ұнамсыз қасиеттерге ( дөрекілік, олақтық, тәрбиесіздік, сараңдық) айырбастап алады.
«Сатып алу - сату» жүргізген соң, сынып жетекшісі оқушылармен бірге жүргізілген іс - әрекеттің қорытындысын шығарады.
10 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түз өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу болады,
Тәрбие саласындағы 12 бағыт
Тәрбие саласындағы 12 бағыт
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×