Жаңа педагогикалық технология оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолы
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар қоғамдық - экономикалық қатынастардың ғаламдануы, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне енуі, қазіргі қарқынды даму кезінде оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа даму қадамдарын жасауда. Жаңартылған білім беруде ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіншілік береді. Демек, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру болашақ ұрпақтың саналы, мақсатты болашағына бағыт беру деген сөз. Бұл жаңа формация ұстазына қойылатын жауакершілікті танытатыны сөзсіз. Ж. Аймауытовша айтсақ, «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнерге» айналуы тиіс.
Осы тұста, мемлекет «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Бұл құжатта ағымдағы жағдайға сараптама жасалынып, негізгі басым бағыттарды айқындап берді. Басты мақсат - білім алушыларды болашаққа дайындау, білім беру ұйымдарын жақсарту, бағалау мен басқару - білім берудегі мемлекеттік саясаттың басты назары болып отыр.
Сондықтан, сапалы білімге қол жеткізуде, білім алушының функционалды құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибелері зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалықты қабылдауға бейім, оқушылармен ортақ тіл табысып «оқушы үнін» тыңдай білетін, ақпараттық - тенологияларды жетік меңгере алатын «жаңашыл ұстаз» болса, шәкірті дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды өнерпаз, ізденімпаз, өз алдына мақсат қоя алатын, өзіндік ұстанымы қалыптасқан тұлға болары сөзсіз. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Осы тұста, функционалдық сауаттылықты бала жанына дарыта отырып, оның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық қызметтерге белсене араласуына, жасына қарамай заман ағымына ілесуіне, үн қосуына, үнемі білімін жан - жақты жетілдіріп отыруына бағыттай аламыз, оның ортаға әлеуметтік тұрғыда бейімделуіне мұрындық боламыз. Сондықтан да, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғарылып, бедел биігіне де әсер етеді. Саналы ұрпақтың өсуі, оның жаңа өмірге қаншалықты бейім екендігі ұлттың келешегін бағамдайды десек, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың оқытудың әдістемесі мен мазмұнын жаңғыртудағы басымдығы да осында. Білім алушының пәнді терең түсінуі, өздігінен оқып - түсіну қабілетін дамытуы, оқушы мен мұғалім арасындағы серіктестік қарым - қатынас, оқушы бойында креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік, топпен бірлескен жұмыстағы белсенділік қасиеттер мұғалімнің бағыт - бағдар беріп, көшбасшылық етуімен жүзеге асырылады. Сондықтан мұғалім оқушының білімін ізгілендіруде сыни тұрғыдан ойлауға, өзін - өзі бағалауға, АКТ мүмкіндіктері арқылы өздігінен білім алуға бағытталған оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін дұрыс таңдауы қажет және таңдаған әдіс - тәсілдің оқу мақсаттарының орындалуына қаншалықты ықпалы болғаны, нәтижелілігі мұғалімнің алдағы жоспарына негіз болуы керек. Мұғалімнің шығармашылық әрекеті оқушыны шығармашылыққа жетелейді. Мектептегі бағалаудың дұрыс жүргізілуі материалды меңгеру, меңгермеуін анықтаумен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі десек, бағалаудың өзін дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын байқауға болады.
Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына апарар жол - білім жолы. Ендеше, жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілікті қалыптастырмай, ескі біліктілікті арттыру жүйесімен шешу, нәтижеге бағытталған білім беру мүмкін емес. Жаңа формация мұғалімі рефлексияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, сауатты, белсенді, шығармашыл тұлға деп негіздеуге болады. Сондықтан мұғалім алдындағы негізгі проблема - функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда оқушылардың оқу - танымдық құзіреттіліктерін дамыту; оқушылардың білім алуының нәтижелерін бақылау және мәселені шешу; оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда теориялық және практикалық даярлық; бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу;
білім алушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту.
Қорыта айтқанда, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеуде жаңа серпін мен шығармашылық ізденіс аса қажет. Бұл жолдағы негізгі айқын бағыт нәтижеге бағытталған жаңа педагогикалық технологиялар. Соның ішінде, мен, мектеп әкімшілігі ретінде, мектеп жұмысының табыстылығы, оқу - тәрбие жұмысының сапалылығы білім ұйымын басқаруды жүзеге асырудағы жаңаша көзқарас пен инновациялық қызметтен бастау алатынын ескеріміз қажет. Осыдан жаңартылған орта білім беру мазмұнын жүзеге асыру басшы кадрлардың кәсіби деңгейіне, олардың білім беру үдерісіндегі мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Жаңартылған білім берудегі алғашқы қадамымыз ағымдағы жағдайды талдап, мониторинг жүргізу арқылы ұйымдастыру мен жоспарлаудан, бақылау мен бағалаудан, түзетуден, кадрлармен жұмысты жандандыру тұрса, қойылған мақсатқа жету жолындағы әрекетіміз де нәтижелі болады деп сенемін.
Педагогтік шеберлік – үйрену мен ізденудің жемісі. Сондықтан оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын мамандардың болуы - заманауи білім беру сұраныстарының бірі. Ендеше, Мәңгілік Елдің жаңа форматты мұғалімі оқу үдерісіндегі жаңаны жасқанбай қабылдап, жасампаз еліміздің тәуелсіздік байрағын дарынды, талантты шәкірттерінің жетістіктерімен биікте береді деп ойлаймын.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы/ 2019 жыл 27 желтоқсан
2. Қазіргі мектепті басқару. Тәуірбекова С. Ж/Алматы, 2019

Шаймерденова Гульпиза Сатылгановна
Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
«Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін
тірек мектебі(ресурстық орталық)» КММ
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
Жаңа педагогикалық технология баяндама оқушылардың функционалды сауаттылығы Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Жаңалықтар
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары

Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.