Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі»

31 қаңтар 2024, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі»
Әлемде сан мыңдаған мамандық түрлері бар, оның бірі - ғасырлар бойы өз мәнін жоғалтпай келе жатса, енді бірі - қоғамда сағымдай өз қажеттілігін жоғалтуда. Бұл сұрақ мені де ойландырмай қоймады, бұлай дерім, еліміздегі тіпті, жаһандағы менің жасымдағы оқушылар үшін үлкен таңдау, бұл - кәсіптік таңдау! Осы орайда, ішкі даусым Алаш көсемі - Әлихан Бөкейханов “Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден“ деген феноменімен шешім қабылдауды дұрыс деп тапты. Айтпағым, менің түсінігімде “Мен таңдаған мамандық өзіме ғана емес, ұлтқа да қызмет етуге бағытталуы керек” екенін бала күнімнен сезетінмін. Шынында да, қазіргідей сандық технология күн санап дамып жатқанда, ұлттық құндылығымыздың лебі сезілмей бара жатқаны кеудеге қорқыныш ұялатады. Ұлтты сақтап қалатын, оның жаһандық құзырлығы емес, ұлттық жаны болмысы емес пе? Иә, мен таңдаған мамандықта осы бағытта. Мен үшін мінсіз, ең көреген, жанның тазалығы мен қуатын сақтайтын мамандық түрі - күйші мамандығы…

Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып, күйіп,
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның өміріне басымды иіп - деп ұлыларымыз атап өткен күй кәсібінің қысқаша тарихына тоқталып өтейін.
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Сонымен қатар, күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының ортақ аспабы деп те атауға болады. М. Қашқаридің еңбектерінде күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуынан оның тарихы сонау 7 - 8 ғасырлар пайда болғанын аңғаруға болады, ал тәуелсіздік тарихшылары болса күйді XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты деген пікірлерді айтуда. Ғалымдар өзінің сындарлы болжамын айтқаны түсінікті, ал тарихқа келсек домбыра - ғасырлық дастан! Бұлай дерім, тарих сахнасында күйдің құдіреті ерекше болған. Оның таңғажайып күші тіріні өлтіріп, өліні тірілткені туралы қаншама әл - қиссалар, деректер бар, сіздерге мың мысалдан біреуін ұсынып берейін: ХІІІ ғасырдың ІІ ширегінде түрткіл дүниені билеген Шыңғысханның тұңғышы - Жошы көз жұмады. Опаттан болған ұлының өлімін естуге жүрексінген билеуші “Бұл суық хабарды кімде - кім келіп, маған айтса басын шабамын!” - деп әмір етеді. Қараша халықтың батылы бармай, батылы барғандардың басы доптай ұшып жатқан кезеңдер еді. Сол кезде Кетбұға жырау домбырасын апарып, күй шертеді. Күйдің рухы көңілі қайысқан ханға тыныс беріп, ұлының ажалын сездіреді. Сол сәттен бастап, азалы хан әмірін тоқтатып, уәдесінде тұрып, қалғандарын жайына қоя береді. Бұл күй тарихта «Ақсақ құлан» деген атаумен қалды. Бұл күйдің құдіреті жайлы мыңнан бір мысал ғана, өздеріңіз білетіндей тағылымды тарихымыз бен сазды әдебиетімізде мұндай оқиғалардың шегі жоқ.
Күйші болу тек қана ұлттық рух пен жанды берік қылып қана қоймайды, ұлттың денсаулығын ешбір емхана бере алмайтын ем, ешбір мектеп бере алмайтын тәрбие береді. «Неге бұлай деді?» деп отырған боларсыздар. Енді мынаған қараңыздар: орта Азиялық ғалымдар, күйдің адам денсаулығына пайдасының көп екенін жарыса айтуда, мысалы бала 4 - 5 жастан домбыраға қатысса, оның сезім мүшелері, шапшаңдығы, ойлау өрісі өзге балаларға қарағанда ерекшеленетін болады. Нақтырақ айтсақ,
- баланың саусақтарының моторикасын дамытады;
- ⁠баланың миындағы моторикағада жауап береді, қызығы миға жауап беретін моторика мидың 3/4 бөлінін құрайды екен;
- оң қолға мидың сол жағы, сол колға мидың он жаңғы жауап береді, яғни адамдардың көбісі оң қолға икемді болғандықтан, мидың сол жағы жақсырақ дамиды;
- мида жаңа нейрондар қалыптасып, бала жастайынан жылдам елестету, шығармашыл түрде ойлау, тез әрі жүйелі шешім қабылдауға дағдыланады;
- ⁠дисциплина, яғни тұрақтылық пен жауапкершілік сезімдері қалыптасады;
- ⁠көшбасшы болуына мүмкіндік көбірек болады.
Осы айтқандарымды растау үшін және осы салада үздік өнер көрсетіп жатқан бір ұжымды сіздерге таныстырғым келеді. Назарларыңызда “Тұран” өнер мектебі. Бұл ұжымның құрылғанына небәрі 3 ай болған. Иә, 30 жылдық, 50 жылдық тарихы бар, аудандық, облыстық өнер мектептерімен мәдениет үйлерін де алуға болатын еді. Бірақ менің таңдауым осы ұжымға түсті. Жоғарыда айтқанымдай, мектептің құрылғанына бар - жоғы үш айдың жүзі болған. Бірақ келетін оқушылар саны жас ұжым үшін өте көп, ақылы болса да ағылып келетін оқушылар саны, бүгінде 150 - ге жуықтаған. Мектептің қаржылай демеушісі аудандық жас кәсіпкер - Нұрболат Берікұлы болса, жобаның идея авторы, шығармашыл жетекшісі – Есенов Нұрсұлтан Аманжолұлы. Жетекшіміз екеуміз сұхбаттасуға барған күні айымыз оңынан туып, көркемдік жетекшісінен бастап, ұжым ұстаздары және шәкірттері болған екен… Бәрінен бұрын мені қызықтырғаны кірген бетте төрге ілінген қазақтың мемлекеттік Туының төрде ілініп, күн сайын алдында рухты күйлердің орындалуы…Неткен ғажап көрініс иә?! Бұл көріністі сағаттап қарап отыра беруге болады, оның дәлелі ретінде мына кюарға кіріп көрсеңіздер…
Сонымен қатар, ұжым жас болса да жалынды ұстаздардан құралған. Ұжымда 7 мұғалім қызмет етеді. Өскелең ұрпақты ұлттық рух және өнермен нәрлендіріп келе жатқан ұжым ұстаздары, күн демей, түн демей, тіпті аптаның демалыс күндері де аянбай қызмет етуде. Жас болғандарына қарамастан, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар, атап айтар болсам:
  • Облыстық, республикалық және халықаралаық додаларда қоржындары бос қайтпай, жүлделі орындармен толыққан. «Бірақ ұжымның басты жетістігі – санға бейнеленген дипломдар мен лауреаттар емес, оқушыларымыздың ұлттық бойтұмарымызға айналған домбыраға деген махаббаты» - дейді, көркемдік жетекшісі – Нұрсұлтан Аманжолұлы.

Әлемнің ұядай ғана бір бұрышында жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншіліктің жүйелі дәні егіліп жатқанын көріп, келешекке деген кемел сенім пайда болды.
Қорытындылай келе, күй - менің жаным, менің ғана емес, ұлтымыздың болмысы, ұлысы! Оны жас ұрпақтың бойына меңгерту, дәріптеу, дәріптеп қана қоймай, басына небір нәубет түссе де, табандылық танытқан, қайсар қазағымның жаралы жүрегін алдағы уақыттада күймен емдеу менің басты миссиям екенін сезінудің өзі бақыт!

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі КММ
Авторлары: Алданазарова Зәуреш Кеңесқызы, Бахыт Дильназ Қожахмедқызы
1 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханқа 155 жыл
Әлихан Бөкейханқа 155 жыл
Әлихан Бөкейханов - халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Менің мамандығым - менің болашағым
Менің мамандығым - менің болашағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Торгай Пралиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×