Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


12 жылдық білімге көшудегі сынып жетекшінің бейнесі

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
«Күллі ғажайыптың ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам»
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білі беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін - өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», – деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар аталған Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы құндылықты - бағдарлы, мәдениет танымдық, оқу - танымдық, коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық, әлеуметтік - еңбек және тұлғаның өзін - өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұраққа жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталған екі бағытты басшылыққа алады. Олардың біріншісі - оқушының қабілетін ескере отырып жеке даралық бағытта оқыту, екіншісі - оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

Ұлы педагог К. Д. Ушинский айтқандай «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруы қажет.
12жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттік сыныптың контингентін жан - жақты танып білу, оқушылардың көңіл - күйіне бақылау жүргізу, осы сыныпта жұмыс істейтін басқа экспериментатор мұғалімдермен тығыз байланыста болу, нақты жағдайларға сүйене отырып, эксперименттің мақсат - міндеттерін оқушылардың ата - аналарына жеткізе білу, сондай - ақ өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде сынып жетекшісінің орны бөлек. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондықтан да сынып жетекші - ерекше тұлға. Сынып жетекшісі ата - ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым - қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші, ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Мұғалімнің, сондай - ақ сынып жетекшісінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшіге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын сеніп тапсырады. Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты - ата - аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Химия - биология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×