Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

30 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осы Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу - әдістемелік, материалдық - техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс - қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
1. Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу - әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық - техникалық базасын нығайту.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 - шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс - әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай - ақ тұлға аралық қарым - қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай - ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т. б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен анықталды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

Астана қаласы,
№44 ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Ауелбекова Клара Саипидиновна

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту. жүктеу
4 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау және дамыту жолдарын үйрету. Оқу сапасы туралы қорытынды жасау мақсатында, оқытуды жақсартудағы бағалау жолдарын зерделеу, ұтымды қолдану, іс - тәжірибеге енгізу жолдарын
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
TIMSS халықаралық зерттеулерінің концептуалды негіздері (мақсат, міндеттері, тапсырмалар форматы). PISA бағдарламасының мақсат, міндет, құрылымымен таныстыру.
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Қaзipгi жиыpмa бipiншi ғacыp Eлбacымыз Н. Ә. Назарбаев aтaп aйтқaндaй - бiлiм ғacыpы. Қоғамның жылдам өзгеруіне байланысты жaңa қоғaмғa caй өзгeшe қaбiлeт, өзгeшe қacиeткe иe ұpпaқ қaлыптacып кeлeдi
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×