Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандар сыры

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Реферат
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы – сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу – ғылыми әдіснамалық үлкен өзекті мәселе.
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін, қасиеттерін көрсету. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт - дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар, киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту мақсатында сандар әлемінің сан алуан сыры мен қызық құбылыстары аясында материал жинақтау.

Cан ұғымы математиканың ең басты ұғымдарының бірі. Сондықтан мектеп бітірген оқушылардың математикадан білімдерін тереңдету мақсатын көздеп, үйірме жұмыстарында сан ұғымынан толық мәлімет берген жөн. Осы тақырып көлемінде ұйымдастырылатын математикалық жаттығуларды оқушылар қызыға орындайды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы олардың математикадан білім деңгейін көтеруге болады.
«Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиеті салмақталып, өзіне тән ерекшелігі сараланып, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.

Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады.
«Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралап, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.
Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Сандар сыры.
Математика ғылымы
Қызықтырды біздерді
Сандар сырын ұғуға
Шақырамыз сіздерді.
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.

«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік – бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі.
Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.
Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеудің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды.
Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7).
Олар сандардың жоғарыдағы сипаттамасына қосымша мынадай анықтамалар береді:

БІР – тәуелсіздік пен жетістік;
ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;
ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;
ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу;
БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;
АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер;
ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;
СЕГІЗ – ақша мен билік;
ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам.
ҚЫРЫҚ – бак, дәулет.

Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
40санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаудан тараған.

3 саны туралы
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет
Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.
Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым

4 саны туралы
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил
Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету
Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран

5 саны туралы
Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма
Бес жаман мен бес асыл:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.

7 саны туралы
1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.
2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.
6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк:
Меркурий, Шолпан, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Сатурн.
9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідеі түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.

13 саны туралы
Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға
12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.
Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.
Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ.
Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ.
Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ.
666 – ең қорқынышты сан
Әлемді әсіресе батыстықтарды дір еткізетін санның бірі 666 саны.
Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатынасы шамалы. 666 - ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 6 саны еркіндіктің ешкімге еш нәрсеге бас имейтін асау сан екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.
Шехеризада саны.
Бұл Шехеразаданың әйгілі 1001 саны. 1001 саны немен ерекшеленеді? Бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. Бұл сан қалдықсыз 7 - ге, 11 - ге, 13 - ке бөлінеді, яғни, ол осы үш жай сандардың көбейтіндісі болып табылады. 1001= 7 × 11 × 13 мұнда таңданарлықтай ештеңе жоқ. Таңданарлық жай мынау: осы санға үш орынды санды көбейткенде, көбейткен санның өзінен тұратын, тек екі рет қайталанатын нәтиже шығады.
Мысалы: 873 × 1001 = 873 873
207 × 1001 = 207 207

Арифметикалық құпияны біле қоймайтын достарыңды мына фокуспен таң қалдыра аласың.
Есеп. Достарыңның біреуі саған көрсетпей өзі қалайтын үш орынды санды параққа жазсын, одан кейін оған сол санды тағы да тіркеп жазсын. Шыққан алты орынды санды саған көрсетпей өзі немесе көршісі 7 - ге бөлсін, сен оның қалдықсыз бөлінгендігін айтып, бөліндіні келесі досының 11 - ге бөлуін ұсын, оның да қалдықсыз бөлінгендігін ескертіп, шыққан бөліндіні үшінші көршісінің 13 - ке бөлуін өтін, шыққан нәтижені бірінші досыңа «Сен ойлаған сан мынау» деп тапсыр.
Ең үлкен сан.
Бұл сұраққа нақты жауап жоқ, өйткені сандық қатардың ең жоғарғы шекарасы болмайды. Бірақ жеке атаулары бар сандар арасында өзінің «рекордсмені» бар. Онымен Нирванаға жету үшін қажетті космос циклдары саналады. Сөзбе - сөз «саналмайтын» деп аударылады. Бірақ осы асанкхейяның нақты ( 10140 немесе 140 нөлі бар бірлік) мәні бар. Екінші орында гугол (10100 немесе 100 нөлі бар бірлік) саны тұр. Оны 1938жылы қолданысқа американдық математик Эдвард Каснер енгізді. Аударылмайтын сан атауының авторы 9 жасар жиені болды.
Кеңістіктегі көрінетін жұлдыздардың саны 70 секстиль (7× 1022 ), ал жер шарын құрайтын атомдар саны додекальонмен ( 1039 немесе 39 нөлі бар бірлік) саналады. Гугол мен асанкхейяны абсолютті түрде «виртуалды» деп айтуға болады.
Кеңістіктегі электрондар саны, кейбір теорияларға сүйенетін болсақ, 1087 - нен аспайды. Бұл гуголдан 10 триллион есе аз.
Дегенмен талай керемет зерттеулер табиғат құпиясының жұмбағын шешуге құмартқанымен, ой түйіні әлі күнге тиянақталмай келеді.
Қорытынды.
Қоғамның ақпараттық үдемелі қарқынмен дамуы жағдайында алған білімдерінің негізінде, өзін - өзі танитын, өзін - өзі дамытатын, адамгершілік тұрғысынан дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны даярлау – басты мақсатымыз.
Ұлы ойшыл Әл - Фараби: « Адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген. Мектептің оқу - тәрбие жұмысы «Ұстаз - ата - ана - шәкірт» ынтымақтастық педагогикасы негізінде жүзеге асады.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуде. Жоғарыда айтып өткендей оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы олардың математикадан білім деңгейін көтеру мақсатында 5 - 9 класс оқушыларымен «Сандар сыры» үйірмесіне жетекшілік етемін және өткен оқу жылында үйірме жұмысын жинақтап, Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының редакциялық – баспа орталығынан «Сандар сыры» атты әдістемелік құралым басылып шықты. Үйірме оқушыларымен жартыжылдық сайын «Алтын қақпа» ойынын өткіземіз.
71 242
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оң сандар және теріс сандар
Оң сандар және теріс сандар
Оң және теріс сандармен жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады, есеп шығаруда жаңа ойлар қалыптастырады
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Киелі сандар сөйлейді
Киелі сандар сөйлейді
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп Ермекова Занзура
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Ұлы математиктер
Ұлы математиктер
Леонард Эйлер (1707-1783) XVIII ғасырдың ұлы математигі. Швейцарияда туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×