Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығармашыл жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологияның тиімділігі

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шығармашыл жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологияның тиімділігі
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д. Б. Эльконин дәлелдегендей, 3 - 10 жас арасындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Бұдан шығатын қорытынды бастауыш сатыда баланың тілін ой - өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, өз іс - тәжірибемізде қолдану арқылы оқу - тәрбие процесінде жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.

«Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» - деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс - тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал - жабдықтар, т. б) қандай да бір іс - әрекеттте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл - ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде жеке тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін - өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылтайтын, жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз. Кез келген ұстаздың білім мен тәрбие беру үрдісінде алдына қойған өмірлік ұстанымы болады. Менің де өз ұстанымым бар, ол төмендегідей іздену табу нәтижеге жету.

Ал ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімін қажетіне қолдануы болып табылады. Нәтижеге жеткен соң болдым деп тоқтап қалмай, әрі қарай қайтадан іздену, табу, яғни даму үрдісінде болу деген сөз. Міне, осындай ұстанымды мен өз шәкірттерімнің бойына еккім келеді.
И. Я. Лернер « даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардығы мәселелерді шеше білуге дайындығы леп түсіндіреді. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл - ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек, даму деңгейі жоғары болады».

Әрбір ұстаз алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушыларды жеке тұлға болып қалыптасуы үшін еңбек етуде. Көрнекті психолог Л. С. Выготский айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» делінген. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл - ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық - адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу - процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық - педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы жүргізген іс - тәжірибеммен бөлісудемін
Шығармашыл жеке тұлғаны дамытудағы алдыма қойған мақсаттарым:

Ортақ мүдде бойынша топтармен жүргізілген жұмыстар
Бала – табиғатынан зерттеуші
Себебі, ол өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайлы танып білгісі келеді. Жаңаны танып білу үшін жан - жағын бақылайды, зерттейді. Оқушы бойында зерттеушілік дағдылардың болуы, тек ғылыми жұмыспен айналысатындар үшін ғана емес, кез - келген оқушы үшін өте қажет. Өйткені, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуына қажетті жағдай. Зерттеу дегеніміз - жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі. Оқушы зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.
Мен оқушыларымның этнографиялық зерттеулер жүргізуі
үшін қандай қадам жасадым?
Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру қажет. Осыдан зерттеу тақырыбы шығады. Ол үшін оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама сұрақтары төмендегідей:
1. Сені не қызықтырады?
2. Сен ең алдымен немен айналысқың келеді? (техника, поэзия, экономика, спорт, мәдениет, табиғат, ғылым )
3. Сен бос уақытыңда немен айналысасың?
4. Сен қандай пәндерді қызыға оқисың?(математика, тарих, әдебиет, жаратылыстану)
5. Сен немен мақтана аласың?
Оқушылардың сауалнамаға берген жауаптарына қорытынды жасағанда білгенім, олардың 38 %- ы спортқа қызығатынын, 26%- ын тарих қызықтыратынын, 24%- ы табиғатты зертеуге ынталы екенін білдім. Ал 12%- ы ғана тұлғалар жайында білгісі келеді. Сондықтан мен осы проблемаға сүйене отырып, оқушыларға «Неге аулымызда туып - өскен, еңбек еткен жерлестеріміз, олардың еңбектері жайлы зерттеу жасамаймыз?» деп ұсыныс жасадым. Зерттеу жұмысын жүргізуде ең бастысы - белгілі нәрсенің белгісіз жағын табу болғандықтан, бір топ оқушылар қызығушылық танытты. Сол топпен жұмысты бастау үшін алдымызға мақсат қойдық.
Сауалнама бойынша
қорытынды

Зерттеудің мақсаты: тілінің жүйріктігі, заманмен үндестігінің арқасында көпшілік ортасында сыйлы, ақылшы бола білген ағалар еңбегіне өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру. Ақын ағалар өлеңдерінің мәнін ашып көрсетіп, мазмұнын игеру және еңбектерін жарыққа шығаруға (әртүрлі себептермен) мүмкіндігі болмай, отбасындағы кітапхана сөрелерінде сақталып келген шығармаларын жинақтап, мектеп оқушыларына, ауыл тұрғындарына, мүмкіндік болса баспасөз арқылы көпшілік қауымға таныстыру, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері
«Ақын жанды - асыл ағалар» тақырыбы бойынша ауылымызда туып - өскен, еңбек етіп, өмірден озған тұлғалар жайлы зерттеулер жүргіздік.
«Кітап оқу - адамды білімді болуға, әңгімелесу – тапқырлыққа, естігенді жазып отыру – дәлдікке тәрбиелейді» деп Ф. Беконның айтқанына сүйене отырып, жұмыс жоспарын жасадық. Жұмысты бастамас бұрын оны жүргізуді кезеңдерге бөліп, олардың орындалу мерзімін белгіледік.
1 - кезең. Ақын ағалардың шығармаларын жинау, кітапшалар жасау. Оларды оқу, негізгі идеяларына тоқталу, талдау жасап, өз пікілерін айту. Алынған тақырып бойынша мектепішілік мүшәйра ұйымдастырдым. Онда ақын ағалардың шығармаларынан мәнерлеп оқу, эсселер жазу, сол кісіге арнап өлеңдер жазып, сайыс түрінде өткізілді. Оқушылардың көптеп қатысуы осы жұмысқа деген қызығушылықтың артуына себеп болды.
2 - кезең. Сұхбаттасу жүргізу. Отбасымен, замандасымен, әріптестерімен, ауыл тұрғындарымен және шәкірттерімен. Оқушылар жүргізген сұхбаттың материалдарын жинақтап жазып отырды. Осы кісілерден қолда бар материалдарын сақтауға алды. Сұхбаттасу барысында жаңа ақпараттар алды.
3 - кезең. Архив материалдарын дайындау. Өмірбаяндары, еңбек жолдары, отбасы жайында фотосуреттер, видеокассеталар, сол кісілердің қолжазбалары, өлеңдері жарияланған баспасөз материалдары т. б жинау.
4 - кезең. Шәкірттер баулу. Поэзияға қызығушылығы басым, әрі қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу. Шығармашылық - зерттеу жұмыстарының маңызды бөлігі. Шығармашылықпен зерттеушілік ізденіс – оқушы үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: Біріншісі – жаңа өнімге қол жеткізеді, екіншісі – ізденіс процесінің нақты нәтижеге жетуі.
Зерттеудің жеткен нәтижесі қандай?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 465
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға
Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға
Гүлмира Тұрашқызы Боранбаева мектеп директорының ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі
Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Оқу - тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×