Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңаша оқыту – жетістік көзі

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д. Б. Эльконин дәлелдегендей 3 - 10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой - өрісін, қиялы мен шығармашылығын жан - дамыту болып, жаңа заман талабына сай жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л. С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу - тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім - білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.

Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс - әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс - әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,- деп көрсетеді С. В. Селевко.

Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды - көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:

- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;
- тәрбие және білім жүйесі құрылымын.
Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:
- мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін;
- мұғалім мен оқушы қарым - қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым - қатынас;
- оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін;
- білім беру мекемелерінің құрал - жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;
- оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Білім беру технологиясы ұсынылуда:
Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология.
Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
- оқушылардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
- сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;
- сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.
Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады:
- оқытудың негізгі бірлігі - сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;
- сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;
- оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;
- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды. Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.
В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба белгілері арқылы табысты оқыту.
Материал ірі мөлшерде енгізілді және блоктарға бөлінген. Оқу материалы тірек схема - конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік дағдыны қалыптастырады;
- барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым - қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

С. Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы».
Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.
Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш - жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.
Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс - әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.

Н. П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау»
Бұл технологияны автор «деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту» және дамытушы сабақтар циклы бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:
- тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);
- қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);
- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);
- материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары;
- тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.

Толық нұсқасын жүктеу
26 243
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Шығармашыл жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологияның тиімділігі
Шығармашыл жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологияның тиімділігі
Гүлмира Тұрашқызы Боранбаева мектеп директорының ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі
Қасқыр
Қасқыр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Мусаева Замира Есенжолқызы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Лағым
Лағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Төлепберген Фарида Жалғасбекқызы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×