Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гидравлика

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
(Презентациясымен)
I. Сәлеметсіздер ме, оқушылар мен әріптес ұстаздар! Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы "Гидравлика". Бұл тақырып бойынша қарастыратын сұрақтарымыз:
1. Гидравлика негіздері
2. Гидростатикалық қысым

II. Үй тапсырмасы мына сұрақтар арқылы сұралады:
1. Гидравликаның қалыптасуы
2. Гидравликаның өзіндік орны
3. Мақсаты мен міндеті

III. Гидравлика дегеніміз - сұйық заттың тепе - теңдік жағдайын және оның механикалық қозғалысының заңдарын зерттейтін ғылым. Сондай - ақ гидравлика осы заңдардың инженерлік практикалық есептеулерге қолдану тәсілдері қарастырылады.

IV. Ал енді оқушылар кім жылдам екен? "Орын тап" ойыны арқылы ойларыңның ұшқырлығын көрсетіңдер. Орнын тап ойынында шарт бойынша көп нүктенің орнына қажетті сөзді тез, жылдам қойып шығыңдар. Белсенді оқушылар бағаланатынын ескертіп өтейін.

V. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында келесі кезекті тест сұрақтарына береміз. Мына тест өткен "Кіріспе" тақырыбына байланысты қойылып отыр.
Тест тапсырмалары:
Гидравлика нені зерттейді?
А) сұйық ә) температура б) жылуды

2) Табиғатта сұйықтың неше обрегаты бар?
А) 5 ә) 3 б) 4

3) Гидравлика неше бөлімнен тұрады?
А) 3 ә) 1 б) 2

4) Сұйық қандай дене?
А) биолгиялық ә) географиялық б) физикалық

5) Газ қандай дене?
А) қысылмайтын ә) қысылатын б) екеуі де

6) Сұйықтың негізгі қасиеті?
А) сығылғыш ә) аққыш б) қатты

7) Гидростатикалық қысымның неше қасиеті бар?
А) 2 ә) 4 б) 3

8) Сұйықтың қасиетіне байланысты тыныштықта тұрған сұйыққа неше күш әсерін тигізеді?
А) 5 ә) 1 б) 100

Тест тапсырмалары бойынша да бағалаймыз.

VI. Енді жаңа сабақтың бірінші сұрағын қарастырайық. Гидравликаның негізгі 3 бөлімі бар, олар: Гидростатика, гидродинамика, гидростатика, кинематика.

VII. Гидростатика дегеніміз - тыныштықта тұрған сұйықтың және оған батырылған қатты дененің тепе - теңдік жағдайларының заңдылықтарын қарастырады.

VIII. Гидродинамика дегеніміз - сұйықтың қозғалу заңдарын сондай - ақ сұйықпен қатты денелер бір - бірімен салыстырғанда орын ауыстыруы кезіндегі өзара әсерін зерттейді.

IX. Кинематика дегеніміз - дененің механикалық қозғалысының уақытқа байланысты өзгертуін қарастырады. Бірақ қозғалыс себептерімен өзгеріс әдістерін анықта - майды.

X. Екінші сұраққа келетін болсақ, гидростатикалық қысым - Сұйықтың қасиетіне байланысты тыныштықта тұрған сұйыққа тек қана бір күш әсерін тигізеді. Ол сығылу кернеуі.

XI. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары:
1. Гидравликаның негізгі зерттеу объектісін атаңыз.
2. Неше агрегаттық жағдайы айырылады?
3. Қысылғыш дегеніміз не?

XII. Үй тапсырмасына: Ауланбергенов, Қадырбаев. Гидравлика негіздері 8 - 11 бетті оқып келу.
XIII. Назарларыңызға рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Мақсаты: Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру, үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу. Міндеттері: Денелердің өзара әрекеттесуін, масса ұғымын, массаның формуласын білу.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Аэродинамика және гидродинамика арасындағы байланыс
Аэродинамика және гидродинамика арасындағы байланыс
Скакова Айгерим Ниязхановна Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны арнайы пәндер оқытушысы
Қазандықты сумен қамту көздері
Қазандықты сумен қамту көздері
Скакова Айгерим Ниязхановна Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны арнайы пәндер оқытушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×