Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі сабағында қорытынды, бекіту кезеңінде интерактивті тақтамен жұмыс

21 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндам тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында қорытынды, бекіту кезеңінде интерактивті тақтамен жұмыс"

Қазақ тілі сабағында қортынды бекіту кезеңінде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу өте тиімді және де оқушылар өздері мысал келтіріп, білімдерін тиянақтап, қорытындылайды.
Қазақ тілі сабағында қорытынды бекіту кезеңінде мынадай тапсырмаларды пайдалануға болады:
Тіл дыбыстарын бөлу, дауысты дыбыстарды қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыстарды көк түспен жазып, есте сақтау қабілеттері қалыптасады. Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып жаз. Берілген дыбыстарды оқушы өзі орнынан қояды, ал қалған оқушылар қателерін түзетеді.
Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
п - б:... айдасыз,... аласыз,... алық, са... ар, са... тау, са... бақ.
т - д: ба... пақ, са... ақ,... ак,... абыс,... алап,... әрі,... аңалық.
к - г: а... е, е... ін, кө... тем, ко... ер,... үл,... еремет, тер... еу.

Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көрсет. Дауысты дыбыстан басталатын сөздер дөңгелектің астында көрінбейді, ал дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер көрініп тұрады.
Келесі тапсырма: Бітеу буынды сөздерді теріп жазу.
Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар:
Күрделі сан есімдерді бір бөлек, дара сан есімдерді бір бөлек жазу.
Сан есімдерді теріп, сөзбен жазу.
Зат есімді қайталау. Зат есімдерді атау, сұрақ қою.
Деректі, дерексіз зат есімдерді бөліп жазу.

Ережелерге байланысты мысалдар жазу.
Сурет бойынша мәтін құрастыру. Міне осындай бірнеше түрлерін қолдануға болады және де мен өз тәжірибемде қолданамын. Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта – ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі болады. Интерактивті оқыту әдісін соңғы кездері қарқынды оқыту технологиясында кеңінен қолдануда.
Мультимедиа проекторы оқыту орталықтарында ауадай қажет.
Өйткені адамның белгілі бір ақпараттары қабылдауы сексен пайызға дейін көру қабілеті арқылы жүзеге асырылатындықтан, көз алдында болып жатқан ақпаратты түсінікті де көрнекті түрде суреттеу өте қажет екені белгілі.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, оқушылар бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.
Шынында да, интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.

Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал – жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.
Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтары есебінен оқытушыларға «тақтаның алдында тұрып түсіндіру».
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру
жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы.

Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш.
Мультимедиа жүйесінде компьютерлік сауаттылық көрсеткішін:
- қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға
арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
- тілді белсенді оқытудың әртүрлі әдіс - тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
- оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды, қашықтан оқыту түрінде қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушыларға естіртуге болады мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т. б. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес оқушыда тақтаны қолдана алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керсінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада мұғалім арқылы дайындалған тапсырмаларды орындау.
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
5 053
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар саны - 25. Дауыссыз дыбыстар түрлері 3-еу қатаң, ұяң, үнді.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×