Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың ерекшелігі

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың ерекшелігі

Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың ерекшелігі.
Ежелден ой ұшқырлығын, зеректігін бағалаған халқымыздың ғасырлар бойы жиып, көздің қарашығындай сақтап келген асыл мұрасы - сөз өнері ұлтымыздың өрісі, мәртебесі, тұрмыс - салты мен мінез - құлқының көрінісі іспеттес. Жас ұрпақты ұлттық сана - сезім рухында тәрбиелеуде ана әлдиімен даритын ана тілін дамытуда, ауызекі шешен сөйлеуге үйретуде, сөз өнеріне баулуда - сөздің алар орны зор. «Сөз қадірім, өз қадірім» - деп, кеңдігін де, елдігін де бір сөзге сыйғыза білген халқымыздың асыл қазынасының бірі, қадірлі - інжу маржаны - шешендік сөздер.

Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал - тәсілдерді қарым - қатынас мақсатына сай қолдана білу - жалпы мәдениетке қойылатын аса қажетті шаралар. Осы шарттарға жауап беретін сөз – шешендікке ұласады. Тегінде сөз өнерінің шеберлері қоғамдық өмірде болып жататын әр тарапты өзгерістерді, құбылыстарды, адамдардың мінез әрекетіндегі жағымды - жағымсыз көріністерді, елдің тұрмысында ұшырасатын жағдайларды кезінде көрегендікпен байқап шешендік сөзбен жақсылық пен татулыққа меңзеуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке еңбекқорлыққа тәрбиелеуге ықпал жасаған. Шешен билер сөз өнері арқылы дарынды, талантты жастарды сөз өнеріне ынталандырып баулып отырған.

Шешендік сөздер адамзат өркениеті тудырған рухани - мәдени құндылықтардың бірегейі.
Шешендік өнерді меңгертудің басты бір әдісі - оқушылар алдында түрлі проблемалық жағдайлар қойып, соның шешімін тапқызу, тіл арқылы білдіру, онда да тілін әсерлі де дұрыс, дәл, орынды болуын қажет ету. Сондықтан да әдістер жүйесін іріктеуде проблема - лық әдістер жүйесін танымдық, ізденімпаздық тұрғыдан қалыптастырып, дамытатын әдістер ретінде қарастырудың маңызы ерекше. Проблемалық жағдайды шешу кезінде оқушылар өзіне сенімді болады, қызығушылығы артады, білімге деген көзқарасы өзгеше сипат алады. Сабақта шешендік сөздердің астарын талдау, дауды шешу, шешендік сөздерді ары қарай жалғастыру, образға ену, мәнерлеп айту, шешендік сөздерді толықтыру, топта талқылау, пікір айту, ой қорыту тағы басқа әдіс - тәсілдерді проблема қоя отырып тиімді қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығыушылығын арттырады.

Оқушыларды шешендік өнерге бейімдеуде монолог әдісі, пайымдау әдісі, эвристикалық әдіс, репродуктивті әдіс, диалог әдістері кеңінен қолданылады. Осындай әдіс - тәсілдердің арқасында оқушының бойында белсенді оқу әрекеттері қалыптасады, оқушының жеке ізденіс қабілеті дамиды, оқушының өзінің шешендік тәжірибесін жүргізу мүмкіндігі қалыптасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды, яғни дәстүрлі сабақпен салыстырғанда меңгерілетін жаңа сөздер екі есеге артады. Оқушының жеке дара қабілеті дамиды.

Бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі маман, ел билейтін, халыққа қызмет ететін, әр алуан-алуан маман иелері. Ол өз тілінде еркін сөйлей алатын, өз ой - пікірін жұртшылыққа ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуі керек. Міне, оқушының ана тілінде сөйлеу мәдениетін, тіл шеберлігін арттыру үшін шешендік сөздерді сабақта қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан олардың алдында сөйлеген сөздері шебер де көркем болуға тиіс.

Тарихтан белгілі билер мен шешендер, ақын - жыраулар шығармашылығы тіл игерудің үлкен мектебі екені сөйлеу тілінің шеберлігіне қарай бағалау, соған байланысты халықтың немесе елдің тағдырын шешу сиқты үрдістің маңыздылығы да бабалар дәстүрінің негізі. Әрине шешендікке қойылатын талап қоғамның дамуына байланысты жаңаша сипат алады. Бұл ұлттық озық дәстүрімізді әлемдік өркениеттілікпен ұштастыра отырып, шәкірт бойына қалыптастыру - біздің парызымыз болмақ.. Ол мақсатты орындауда оқушының бойында танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.

Танымдық бағыт бойынша:
- қарым - қатынас жасауда сөйлеу әдебін үйрену;
- шешен сөйлеудің талаптары мен шарттарын ұғындыру;
- ауызекі сөйлеуде шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Практикалық бағыт бойынша:
- ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау;
- тіл мәдениетін жетілдіру;
- сөздікпен жұмыс, мәтінді талдау;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру;
- сөйлеу талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;
Соңғы жылдары еліміз егемендік алғаннан кейін шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Қорыта келгенде бұл күнде шешендік сөздің рөлін көтеру - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

«Білім негізі - бастауышта» деген қанатты сөзде үлкен шындық пен жауапкершілік жатыр.
Болашақ ұрпақтың жағдайын бүгіннен ойлап, олардың тұлғалық қасиеттерінің жастайынан дұрыс дамуын қарастыруымыз керек. Ол үшін тұлғаға бағытталған оқытудың тәрбиелік мәнін аша түсуіміз керек. Бастауыш мектеп баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтыны негізгі саты. Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан - жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр.

«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Осы орайда егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болып отырам
Бастауыш сыныпта оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, халықтық педагогика арқылы баланың бойында ұлттық мінез - құлық, кішіпейілділік, сыпайылық, рухани - адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді дарыту қажет.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болды. Осы тұста шешендік өнердің қажеттігі күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін ала келді. Еліміздің Конституциясында қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылады.

Жас ұрпақты ұлттық сан - сезім рухында тәрбиелеуде, ана әлдиімен даритын ана тілін дамытуда, ауыз екі шешен сөйлеуге үйретуде, сөз өнеріне баулуда - сөздің алар орын зор.
Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші – сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік сөйлеу стилінің қалыптасуы.

Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын, шешендік өнердің қыр - сырын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол және де билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата - бабада бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Шешенге қойылатын талаптар
Шешенге қойылатын талаптар
шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту; шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру; тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындаға жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шабаева Патима Пазылқызы
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№122 жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Эсентемирова Жанна Литанатовна
Тілді дамыта оқыту
Тілді дамыта оқыту
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×