Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күрделі шарттар

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Күрделі шарттар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелілік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.
Оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйренеді.
Тыңдау мәдениеті қалыптасады, өз ойын толық, анық жеткізе алады.
Көрнекілік: Презентация, суреттер
Құралдар: Қима қағаздар, постерлер, маркерлер, стикерлер
Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Ынтымақтастықты оқытуды орнату;
- Сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасы
Үйге берілген тақырып: «Тармақталу операторлары». Оқушылар 3 топқа бөліп, әр топ өз тапсырмаларын плакат бетіне түсіріп, қорғайды.

І топ: Тармақталу операторлары туралы түсінік
ІІ топ: Тармақталу операторларының блок – схемасы
ІІІ топ: Тармақталу операторларының алгоритмдік тілде және Паскаль программалау тілінде көрсету.
Постермен жұмыс
Шаттық шеңбері
Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесімен таныстыру. Оқушылар ортаға шығып бір – бірінің қолынан ұстап, бірі – біріне жақсы тілектер айтады.
Жаңа сабақ
Күрделі шарттар
Және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.
Паскаль тіліндегі логикалық операциялар:

And (және) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.
Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.
Not (емес) А=0 логикалық операциясы А≠0 шартымен бірдей.

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.
Бұған мысал ретінде квадрат теңдеу
ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) түбірлерін табатын программа құруды қарастырайық.

І топ – квадрат теңдеуді математикалық жолмен шешуді көрсетеді;
ІІ топ – квадрат теңдеудің блок – схемасын сызады.
ІІІ топ – квадрат теңдеуді шешудің Паскаль тіліндегі программасын жазады.

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады.
Компьютермен жұмыс
ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) квадрат теңдеуінің түбірлерін табатын программаны компьютерде теріп, нәтижесін көреді.

Сабақты бекіту:
1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?
2. Тармақталу операторының толымды түрі?
3. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?
5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Басқару операторлары. Шартты оператор
Басқару операторлары. Шартты оператор
Алматы облысы, Көксу ауданы «Қазақ орта мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Бишеева Марал Қаршығақызы
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×