Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар - біздің досымыз

28 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы «Құстар - біздің досымыз» (слайдымен)
Мақсаты: оқушыларға туған табиғатын сүюге, тірі табиғат құрамы құстарды қорғау барша адамзаттың міндеті екенін ұғындыру, тапсырмаларды орындай отыра алған білімдерін тексеріп, ептілікке, шапшаң қимылдауға үйрету, еркін сөйлеуге дағдыландыру, табиғатқа, өзін қоршаған ортаға қамқорлықпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты сайысымда құстар жайлы білімдерімізді жинақтап, қорытынды жасаймыз. Құс табиғат байлығы. Байлықтың көзі - құстарды әркез қорғай білу керек дей отыра сайысымызды бастаймыз.

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді - дей келе ортаға қыс бойы күткен жыл құстарын шақырамыз

(ортаға құстар келеді)
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын.
Көңілге түрлі ой салар
Тартымды ән мен жыр болсын - деп сайысымызды бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Өнер
3. Сән үлгісі (құс бейнесін келтіру)
4. Құстар туралы болжамдар
5. Сұрақтарға жауап
Ашық жарқын жүзді,
Әділқазылар біздің.
Тыңдап баға берерге.
Шақырайық төрге.- деп сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

Әділқазылар мүшелері...
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қыс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сырлар жыл құсынан - деп әр топ өздерін
таныстырсын
Сазды әуенін сыйлауға
Арамызға құстар келді
Әнді ынтамен тыңдауға
Шақырады сіздерді - дей келе сайысымыздың келесі кезеңі құстарымыздың тамаша әндерін тамашалаңыздар
(Өнерлерін көрсету)

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Қанаттарын кең жайып биік самғап
Айна көктен жететін жер бетіне - деп келесі кезекті сән үлгісіне береміз

(Сән үлгісі көрсетіледі)

Қазақ халқы қашанда табиғатқа жақын, табиғат - ананы қадірлеген халық. Табиғаттың бір бөлігі құстар екенін жақсы білеміз. Ата - бабаларымыз сол құстардай нәзік, сұлу, қырағы, батыл болсын деп бабаларының есімдеріне құс атауларын берген
Қарлығаш, Сандуғаш, Лашын, Сұңқар, Қаршыға, Аққу, Бұлбұл деп қойған. Сонымен қоса күнделікті тұрмыс тіршіліктерін де құстармен байланыстырған соған байланысты болжамдар бар ендеше, сайысымыздың келесі кезеңі құстарға байланысты болжамдар айту.

(Құстарға байланысты болжамдар айту)
Көкейге бір қонымды,
Сұрақтар бар орынды
Жауап айтар ұтымды.
Әр топқа бір сұрақтан қойылады
Ал, енді топтарымызды ортаға шақырайық.
1. Бейбітшілік құсы (Көгершін)
2. Құс төресі (Аққу)
3. Көктемде алғаш ұшып келетін құс (Ұзақ)
4. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс (Тырна)
5. Ең ұзақ жасайтын құс (Қарға)
6. Ең кішкентай салмақты құс (Каллибри)
7. Ірі сұңқарлар өкілі (Лашын)
Сайысты қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 250
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×