Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих – ғасырлар куәсі

14 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тарих – ғасырлар куәсі»
Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи - танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Алда келе жатқан үлкен ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Және осы мерекемен тұспа - тұс келген «Тарих апталығы» аясында 8 «а» сыныбында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Тарих – ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар!
1. « Жеті Жарғы» тобы:
2. « Алтын Орда» тобы:
3. «Дала Жолы» тобы:
Сайысымызға баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
-----------------------------------------------------------------------
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1 - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай
1 - топ
1. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – Тәуке хан
2. Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз – Шара Жиенқұлова
3. 31 - мамыр қандай күн? Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
4. Е. Пугачев көтерілісінің қамтыған уақыты? 1773 - 1775жж
5. Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін, киізден тігілетін аяқ - киім. – байпақ
6. ҚР туының авторы – Ш. Ниязбеков
7. Жошы хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Орталық Қазақстан
8. Абай Құнанбаевтың шын есімі – Ибраһим
9. Этнография - халықтың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, қоғамдық дамуын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
10. 40 өтірік айтқан бала – Тазша бала

2 - топ
1. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? Шыңғысхан
2. Қазақ хандығының негізін салушы? Керей хан
3. 22 қыркүйек қандай күн? Тілдер мерекесі
4. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілістің қамтыған уақыты? 1836 - 1838жж
5. Күміс не алтын теңгелер, тиындар қадалған шашпау қалай аталады? Шолпы
6. ҚР Елтаңбасының авторы? Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
7. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан аймақ? Түркістан қаласы
8. Шыңғысханның шын есімі? Темучин
9. Нумизматика - тиындар, құйма ақша кесектері, т. б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.
10. Жеті қазынаның бірі - Ит
3 - топ.
1. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының авторы – Есім хан
2. Қазақтың тұңғыш шешені кім? Жиренше (15ғ.)
3. 30тамыз қандай күн? Конституция күні
4. С. Датұлы көтерілісінің уақыты? 1783 - 1797жж
5. Жылықының тосырқамауы үшін немесе мұздан таймауы үшін тұяғына тағылатын ат әбзелі? Таға
6. ҚР Әнұранының авторы? Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; Ш. Қалдаяқов
7. Айшабибі кесенесі? Жамбыл облысы
8. Абылайханның шын есімі - Әбілмансұр
9. Адамзаттың өткен тарихын материалдық жәдігерлер арқылы зерттейтін ғылым? археология
10. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын - Көкпар

2 - кезең. «Тарихқа саяхат» (Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
1. «Тарихи тұлғалар»:
10 ұпай: 1771 - 1781ж. ж. билік құрған қазақ ханы – Абылай хан
20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? – Жәңгір Бөкейханұлы
30. 1710жылы Қарақұмдағы халық жиналысында Кіші жүз әскерінің қолбасшысы әрі ханы болып сайланған хан – Әбілқайыр хан
40. Әйгілі тарихшы, әдебиетші, Қазақ хандығының қалыптасу тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы - Мұхаммед Хайдар Дулати
2. «Тәуелсіз Қазақстан»:
10 ұпай: - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені – «Бәйтерек».
20: 2011 жылы 1 - желтоқсанда ашылған Қазақстан бойынша алғашқы, Орталық Азия бойынша 2 - ші (Ташкент) метрополитен Қазақстанның қай қаласында орналасқан? – Алматы
30: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? 2006ж. 7 – қаңтар
40: Қай елде біздің Елбасымызға арнап ескерткіш орнатылды? Түркия, Анкара қаласы
3. Салт - дәстүр:
10 ұпай: Базарлық дегеніміз қандай салт - дәстүр? Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіші ретінде қабылданады. )
20: Сүйінші дегеніміз? Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.
30: Ерулік дегеніміз? Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келсе, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм - тұз тартуы.
40: Өмілдірік дегеніміз? Ер - тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе қалың былғарыдан жасап, қайып тіккен, құйма әшекей заттармен безендірген. Кейбір өмілдіріктердің тері негізінің астына киіз, шұға салынады.
4. Әр түрлі сұрақтар:
10: Қазақстанның атын әлемге паш еткен этно - рок музыкалық ансамблі -«Ұлытау»
20: 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының Жарғысының» авторы – Сперанский
30: Қазақстан XXX жазғы олимпиада ойындарында неше медаль иеленді? 13
40: Әлемнің 7 кереметін ата:
1. Мысыр пирамидалары.(Египет)
2. Семирамида аспалы бағы.(Вавилон)
3. Галикарнас кесенесі (Кіші Азия)
4. Артемида ғибадатханасы (Эфес)
5. Родос алабы (Родос аралы)
6. Зевс мүсіні (Олимпия)
7. Александрия шамшырағы (Мысыр)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 133
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Сандуғаш Сайлаубайқызы
Ата Заң – елдігіміздің еңсесі
Ата Заң – елдігіміздің еңсесі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар
Тарих - ғасырлар куәсі
Тарих - ғасырлар куәсі
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×