Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас мамандарды ұстаздық шеберлікке баулу

11 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді. (Әлібекұлы Төле би)

«Жас мамандарды ұстаздық шеберлікке баулу»

Мектепке келген жас маман көптеген қиындықтармен кездеседі. Оларға ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да қабілеттерді қамтитын практикалық тәжірибені игеруіне оперативті көмек көрсетілуі тиіс. Ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу, қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында «Жас маман» атты зерттеу орталығы құрылды.
Ақсай қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі жанында 2005 жылы «Жас мамандар мектебі» құрылып, арнаулы жоспар бойынша өз жұмысын жүргізіп келеді. Жас мамандар мектебінің мүшесіне 1 - 5 жылға дейін еңбек өтілі бар мұғалімдер және олардың тәлімгерлері кіреді.
«Жас мамандар мектебінің» негізгі мақсаты: жас мамандарға кәсіптік бағыт - бағдар беру, педагогикалық біліктіліктерін арттыру, методикалық және практикалық көмек көрсету арқылы оларды тәжірибелі ұстаздар қатарына қосу.
Жүргізіліп келген жұмысымыздан күтетін нәтиже:
1. Жас мамандар белсенділігі артады; тәжірибелері молаяды;
2. Жылдық іс – жоспары мен танымдық ізденістерін көрсете отырып әр маман өзінің кәсіптік деңгейіне сараптама жасайды;
3. Қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгеріп шығады;
4. Әріптестерінің сыни көз қарастарын сараптап, алдыға жасайтын жұмыс жоспарларын бекітеді;
5. Білім көзі тек кітап, мұғалім ғана емес, жан - жақты ақпарат көздерін екенін түсінеді;
6. Мазмұнды жан - жақты, терең талдайды, салыстырады, өз пікірін дәлелдей алады;
7. Ұжымда ынтымақтастықпен, бірін – бірі құрметтеп, пікірлерін сыйлап, қадірлейді;
8. Мұғалім мен оқушы арасында демократиялық қарым - қатынас орнайды, ұстаз бен оқушының арасында сенім орнап, сыйластық артады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 322
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Power Point ортасында презентация жасау
Power Point ортасында презентация жасау
Адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Топ жетекшісі: Аманова Меруерт Ашимхановна
Ұстаздық ұлы жол
Ұстаздық ұлы жол
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Алшынова
Бастауыш сынып мұғалімі портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімі портфолиосы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы “№21 жалпы орта білім беретін мектебі” ММ Бастауыш сынып мұғалім Жанулова Гульшат Мухамбетрахимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×