Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Тақырыбы: Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
3. Күтілетін нәтижелер

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі.
2. Жоба өнімінің сипаттамасы
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау
Қорытынды
ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері.
ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер
Ү. Глоссарий
ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҮІІ. Қосымша

I Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап – жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі оқушы кез - келген мемлекеттің байлығы.

Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті, орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ...

Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті.

XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.

«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.
Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір - екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?
Ия, бүгін қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз?
Жобаның мақсаты: Дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зерделеу
Жобаның міндеттері:
1. Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.

2. Ғылыми – әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.
3. Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.
4. Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау.
Күтілетін нәтиже:
Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделенеді.

Ғылыми – әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі.
Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелер жинақталады.
Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады.
II. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздеме

Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс - әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек, бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты.
Табиғи дарындылық дегеніміз не?

Нышан дегеніміз - қабілеттің дамуының анатомиялық - физиологиялық алғышарты.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз - адамның кез - келген іс - әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір - біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс - әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.

Толық нұсқасын жүктеу
30 294
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыйкәделік шертер аспабы
Сыйкәделік шертер аспабы
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, № 142 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекназаров Ерболат. Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат
Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Тақырыбы: Visual Basic бағдарлама ортасы
Технология пәнін инновациялық әдіспен оқыту
Технология пәнін инновациялық әдіспен оқыту
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Сукашев Мұрат
Бидай өсіру
Бидай өсіру
СҚО, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі Жобаның авторы: Ибраева Толқын, Салықбаева Тамила Жетекшісі: Касимова Райхан Баймырзақызы
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×