Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. [2, 4] Сара Алпысқызының өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік білім берудің маңыздылығын күшейтуге бағытталған. «Өзін - өзі тану» оқу орындарына пән ретінде кіргізілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. «Өзін - өзі тану» - даналықтың бірінші белгісі – деген екен. К. Маркс. [1, 39] Осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар бойына даналықтың бірінші белгісін ұялатуға алғашқы қадамдар жасалды. «Өзін - өзі тану» авторлық жобасы біздің мектеп - гимназияда да табысты іске асырылуда.

Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемнен, бұл пәннің үш жақты, «Бала - Ата - ана - Мұғалім» үшін тиімділігін аңғардым. «Өзін - өзі тану» пәні сабақтарындағы «Шаттық шеңбері» кезеңі балалардың көңіл - күйлерін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал етеді. Ал, «Тыныштық сәті» балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. [2, 5] Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді «Өзін - өзі тану» сабақтары барысында ұсынылған ойындар да балаларды мейрімділікке, достыққа, сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулиды.

Әрбір сабақта қойылған мақсатқа жету үшін өзімнің әрбір ойлаған ойымды алдын - ала дайындап, жұптап, бала бойына өмірдің бар асыл қасиеттерін құюға тырысамын. Бұл пәнді оқыта отырып, менің ұстанатын басты қағидам: «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп Абай айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін, бойындағы қайрат - күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа жетелер арманға апарар қиын да қастерлі жолдарын нұсқап, еңбек етудің, білім алудың, өмір сүре білудің қыры мен сырын үйретеді. Менің де оқушыларға тілегім осы.

Төменде қысқаша сабақ жоспарының үлгісін назарларыңызға ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
Мақсаты: Адамгершілік құндылық ретіндегі «Дос», «Достық» ұғымдарының мәнін ашу
Міндеті: - достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту, жауапкершілікке, достыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа - Ж. Айжанованың орындауында «Достарым» әні, қазақ алфавитіндегі әріптер

Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме? (оқушылар сәлемдеседі)
- Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Іздегенде табылатын қасыңнан», біз бұл сабақта ДОСТЫҚ, ДОС туралы айтатын боламыз. Ендеше бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап, үндеместен жанымыздағы достарымыздың достығын, жылуын сезініп көрейік.
Бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі Х. Закарияновтың «Достарым» атты әніне үнтаспаға қосыла отырып орындайық:

Әңгімелесу (берілген сұрақтар бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады)
Оқу ақпараты. Оқушылардың әңгімелесу барысындағы жауаптарын негізге ала отырып, төмендегі оқу ақпаратымен қорытындылаймыз.
Адамдардың бір - біріне деген адал сезімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырылады. Достық дегеніміз - адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір - біріне деген адал сенімі. Достар бір - біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық - сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.
Дәйексөз. Төмендегі Цицеронның ұлағатты сөздерін көзқарас - себеп - мысал - қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талдайық.
«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады»
Көзқарас Себеп Мысал Қорытындылау
Достық - адамзаттың бір - біріне деген ықыласының, ойының үндесуінен, ұқсастығынан туындайды. Өйткені достар бір - біріне ұқсас келеді. Менің досым маған қатты ұқсайды. Менің достарым,
менің үндестерім әрқашан көп болсын. Досты бағалап, қадірлеп жүрейік.
Ойын: « Достар»
Ойын шарты: Музыка әуенімен бәрі билейді. Музыка тоқтап, мұғалім «үш дос» дегенде үшеуден бірігіп тұра қалады. «Төрт дос» дегенде төртеуден, «бәріміз доспыз» дегенде бәрі бірігеді.
Жағдаятты талдау Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, жағдаят құрастыру және талдау.
- Арманның Айбекке деген қандай ниетін байқадыңдар?
- Оқиғаның соңын қалай аяқтар едіңдер?
- Егер оқиғадағы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Жүректен жүрекке. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оларға әріптер таратылады. Олар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс.
А - әрпі: - Сен досыңды қалай жақсы көресің?
- Адалым, ардағым...
С - әрпі: - Досыңды неліктен жақсы көресің?

- Сырлас, сымбатты болғандықтан.... (Оқушылар өз пікірлері арқылы сабақты қорытындылайды.)
Әр сабақты жоғарыдағыдай жоспарлап өткізуде мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Әр сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды - мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс - тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады. «Өзін - өзі тану» пәні бағытындағы оқу тәрбие саласындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізу алдағы уақыт еншісінде.
13 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Өзін - өзі тану оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтауына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі Мақсаттары: • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес
Алтын жүректі ана
Алтын жүректі ана
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самаликова Айман
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×