Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылдың үлгілі сыныбы

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
№247 орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілетін
«Үлгілі сынып – мектеп тірегі» атты 8 - 9 - 10 сыныптардың сынып аралық сайысының сценарийі


Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар, сыналғалы отырған сыныптардың жанкүйерлері. Бүгінгі «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Үлгілі сынып – мектеп тірегі» сынып аралық байқауына қош келдіңіздер!
Олай болса көп созбай, сайысымызды бастайық. Сайысымызға қатысушыларды, өз сыныбының намысын қорғаушыларды ортаға шақырайық!
8 - сынып намысын қорғаушылар.
9 - сынып намысын қорғаушылар.
10 - сынып намысын қорғаушылар.

Сайысымыздың қатысушыларын сахна төріне шақырдық. Енді келесі кезек, әділқазылар алқасымен таныстыру. Қане, әділқазы алқасымен таныс болайық.
• Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары –
• Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі –.
• Мектебіміздің география - биология пәндерінің мұғалімі –
Мінекей, сайысымыздың қатысушыларымен қатар бағалаушы әділқазыларымен де таныс болдық. Ендеше, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1 - кезең. «Сәлемі түзу сынып»
2 - кезең. «Біздің сынып – мектептің мақтанышы» слайд көрсету
3 - кезең. «Өнерлі өрендер сыныбы»
4 - кезең. «Көңілді тапқырлар сыныбы»
5 - кезең. «Шеберлер сыныбы»
6 - кезең. «Ұстаз бен шәкірт арасындағы келеңсіз оқиғалар және оларды шешу жолдары»
7 - кезең. Қорытынды. Марапаттау.

Міне, осы кезеңдер бойынша бүгін 8 – 9 – 10 сынып оқушылары сайысатын болады. Ал, әрбір кезеңнің шарттары сайыс барысында айтылатын болады. Жеңген сынып: «Жылдың үлгілі сыныбы» атағын иеленетін болады. Олай болса, сайысушылардың шығу реттік сандарын анықтап алып, сахна төрінен шығарып саламыз.
Алғашқы кезеңіміз «Сәлемі түзу сынып» яғни сәлемдесу. Сыныптардың өздерін таныстыруын тамашалаңыздар. Бағалау «5» баллмен өлшенеді. Олай болса, алғашқы сыныпты тамашалаңыздар.
Ұпай санын анықтау.
Келесі кезеңіміз «Біздің сынып – мектептің мақтанышы» деп аталады. Олай аталу себебі, сайысушы сыныптар мектептің үлгілі сыныбы болатын болса, онда олар мектептің мақтанышы дегенді білдіреді. Бұл кезең сыныптарға үй тапсырмасы есебінде берілген болатын. Ереже бойынша слайдты сынып атынан 1 оқушы түсіндіреді. Берілетін уақыт 1 - 3 минут аралығы. Слайд тақырып бойынша жан - жақты өрбуі тиіс. Бағалау «5» балдық жүйемін жүріп отырады. Олай болса... сыныптың слайдын тамашалайық.
Ұпай санын анықтау.

«Жігітке жеті өнер де аз», Өнерді үйрен де, жирен», Он саусағынан өнер тамған» мақалдары халқымыздың өнерлі болғанын білдіреді. Олай болса, «Өнерлі өренді сыныптардың» өз өнерлерін тамашалайық. Кезең ережесі: Сынып оқушылары кез - келген жанрда «ән» немесе «би» өнерлерін көрсетуі керек. Олай болса... сыныптың өнерін тамашалайық.
Ұпай санын анықтау.
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боласың көрсең мәз,
Көңілді тапқырлар,
Күлдіріп алға бас, - дей отырып «Көңілді тапқыр сыныптардың» КВН өнерлерін тамашалайық. Кезең ережесі: Сынып оқушылары КВН яғни әзілге толы «Мектеп әлемі» тақырыбында көріністер құруы тиіс. Берілетін уақыт 5 - 8 минут. Олай болса... сыныптың әзілдерін тамашалайық.
Ұпай санын анықтау.

Бүгінгі сайысымыздың кезекті кезеңі «Шеберлер сыныбы». Олай болса әр сыныптың өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын тамашалайық. Кезең ережесі: Сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын жасап, олардың жасалу жолымен таныстырып өтуі керек. Бұл бөлімде де сыныптың атынан бұйымдарды таныстыруға 1 оқушы шығады. Олай болса... сыныптың қолөнер бұйымдарын тамашалайық.
Ұпай санын анықтау.

Дей отырып келесі: «Ұстаз бен шәкірт арасындағы келеңсіз оқиғалар және оларды шешу жолдары» кезеңімізді бастаймыз. Кезең ережесі: Сынып оқушылары әділқазылар алдындағы сұрақтардың біреуін таңдап алып, сол қағазда қойылған ситуациялық сұрақтарға логикалық түрде «3» жауап берулері тиіс. Бағалауда «3» балдық жүйемен жүреді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Олай болса сыныптарға: Іске сәт!
Сендердің сыныптарыңа қарама - қарсы кабинетте өздеріңнен жоғары сынып оқушылары оқиды. Сендердің сыныптарың шығарма жазып не болмаса тест тапсырып жатыр. Ал, қарсы кабинеттегі оқушылар тым қатты шулап жатыр. Сендердің сол сабақтағы іс - әрекеттерің?
Сәйкес жауаптар:
• кабинет есігін жауып аламыз;
• мұғалімге хабарлаймыз;
• қаншалықты артық кетсе де, өзімізден үлкен сыныпқа дөрекілік танытып, тынышталуын бұйырмаймыз.

Сендердің сыныптастарыңның бірі пән мұғалімдерімен үнемі келіспей керісіп қала береді. Оның айтуынша мұғалімдер сабақты тек осы баладан ғана сұрай береді екен. Сендер осы баланын орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Сәйкес жауаптар:
• Ұстаздың оқушыдан сабақ сұрағаны оны білімді, білгіш қылып тәрбиелеуінде;
• Ол баланың әр сабаққа тыңғылықты дайын болуына көмектесеміз;
• Сенің мінезіңді осы жағдайларға байланысты шыдамды қылып өзгерту керек дер едік.

Сендердің сынып жетекшілерің мектепке енді ғана келген жас маман еді. Әлі де сынып жетекшілік тәжірибесі аз болатын, жетекшілікке икемі келмейтін. Сендер сол сынып жетекшінің өз орнынан ауысқанын қалар ма едіңдер?

Сәйкес жауаптар:
• Сынып жетекшіміздің кемшіліктерінің орнын жоқтатуға тырысамыз;
• Өзіміз жол көрсетеміз;
• Сынып жетекшіміз тәрбие сағаттарын өткізгенде, ашық сабақтар өткізгенде онымен тығыз әрі ашық пікірлесеміз. Себебі, оқушы мен жетекші дос, ана мен бала секілді қарым - қатынастарды толық қамтиды.

Міне бұл сайысымыздан түйер ойымызды саралап өтейік. Әйгілі ғалым Леонардо до Винчидің айтуынша «Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт – бейшара» екен. Мұғалімді зор тұлға тұту, оның құдіреттілігін күннің сәулесімен іспеттес деп таныған Ушынскийде өз ұстазын қадір тұтқан. Оқушылар олай болса, қандай проблема болмасын мұғалімді қадірлеу, шоқ тұту біздің басты парызымыз.
Ұпай санын анықтау.
Құрметті әділқазылар, көрермендер бүгінгі сайысымыздың аяқталғанын хабарлаймыз. Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кештерде кездескенше, сау саламатта болыңыздар!
6 483
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың
Үлгілі отбасы – елге өнеге
Үлгілі отбасы – елге өнеге
№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Екі жұлдыз - 2013
Екі жұлдыз - 2013
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектебі "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасшысы Ықтияров Аяз Абдурахымұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×