Білімділер поралы

Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы

Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ««Қазақстан 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,- дей келе,... Қазақстан бүкіл әлемдегі сияқты мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек,- деп атап көрсеткен. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай жастардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, ол үшін білім беру, оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Ал білім баспалдағы балабақшадан бастау алатындығын ескерсек, ол жерде балаға білім берудегі, баланың біліктілік дағдыларын, таным қабілеттерін қалыптастырудағы басты құрал - ойын технологиясы екенін естен шығармағанымыз абзал.

Балабақша қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады.

К. Ушинский: « Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады»,- деген ой айтады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез – құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды

Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 25
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 25
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика