Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі

14 наурыз 2015, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»
Н. Ә. Назарбаев
Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бағыттағы толайым табыстарға, ілім - білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай - ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшысы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға сай
Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап - ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін ескере отырып, посткеңестік кеңістікте ең либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі болар, кез - келген этностың өкілі қай тілді білім алатынын, сөйлейтінін, шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады.
Бұл жүйе ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне – мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғарғы және одан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді көздейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Үштілділік - рухани жаңғыру
Үштілділік - рухани жаңғыру
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір - бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» Білекке сенген заманда Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×