Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілін үйренейік қолданбалы курсы бойынша 4 - сыныпқа арналған БАҒДАРЛАМА

01 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
«Ағылшын тілін үйренейік» қолданбалы курсы бойынша 4 - сыныпқа арналған БАҒДАРЛАМА

1. ТҮСІНІК ХАТ
Оқу пәнінің нысаны. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Ағылшын тілі» оқу пәні «Тіл және әдебиет» білім саласына жатады.
Негізгі бағдарлама кешені 10 бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім 2 немесе 3 сабақтан тұрады. 3 сағат қайталау немесе бақылау сабақтары болып есептеледі. Бағдарлама бастауыш сынып жасындағы балалардың ағылшын тілін игеру жолындағы алғашқы қадам жасауына жәрдемдеседі. Ағылшын тілін білу оларға қазіргі кезеңдегі ең өзекті, коммуникативті / танымдық / тәсілге жетелейді. Әр түрлі тартымды тапсырмалар, өлеңдер, әндер, фразалар, суреттер балаларды әуелі сөйлеуге, одан кейін оқуға және жазуға үйретеді. Бағдарламаға енгізілген тілді меңгеру деңгейіне байланысты түрлі плакаттар, тақырыптық безендіру материаалдары, дәйек сөздер, көрнекіліктер арқылы балалар жаңа сөздерді тез жаттап, игерген білімді есіне сақтап қалуына көптен – көп көмек. Жалпы осы бағытта жасал, ан кешенді бағдарлама балалардың ағылшын тілін сүйсіне, қызыға оқуына жетелейді. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйрену білім беруді дамытудың әлемдік үрдістерінің талаптарына сәйкес. Бастауыш деңгейде ағылшын тілін оқыту білім алушыларға меңгерген білімдерін күнделікті қолдануға мүмкіндік береді. «Ағылшын тілін үйренейік» курсын оқытуда 2014 оқу жылында Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТТЫ негізге ала отырып, Шетел тілдері бөліміндегі 3. Негізгі, орта кәсіби, ортадан кейінгі кәсіби және жоғары білім беру мекемелерінде шетел тілін ерте жастан оқытуды енгізудің қажеттілігін ескере отырып, күнделікті қарым - қатынас, басқа ұлт өкілдерінің тілімен, мәдениетімен танысу, яғни бастапқы игерім ерте жастан оытудан басталады. Бұл бағдарламада «ағылшын тілін үйренейік» курсы жаңа мәнге ие болады. Сондықтан бұл курс балалардың қазіргі заманғы шет тілін үйренуде, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік береді.
«Ағылшын тілін үйренейік» курсын оқытуда оқыту, тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып ) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруге, дамытуға арналған құрал.
«Ағылшын тілін үйренейік» бағдарламасын ерте жастан оқытудың мақсаты мен міндеттері оқушылардың ақыл - ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Ағылшын тілінің грамматикасын, күнделікті сөйлесу диалогтарын үйрету, шағын мәтін құрап, тілдік қорларын дамытуға жетелеу.
Оқу пәнінің міндеттері:
- оқушылардың ой - өрісін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
- коммуникативті іскерлікткрін дамыту;
- сауалнама толтыру, мәтінге тікелей сүйене отырып, жазбаша қысқаша түсініктеме
беру;
- өзін - өзі ағылшын тілінде таныстыру;
- жауапкершілікке тәрбиелеу;
Оқу курсының мазмұнын таңдап алудың дидактикалық негіздері
«Ағылшын тілін үйренейік» курсы бойынша білім мазмұнын таңдап алудың негізіне төмендегілерді ескеретіндей негізгі тұжырымдық ұстанымдар басшылыққа алынды, яғни, ағылшын тілін ерте жастан оқытудың деңгейіне арналған курс бағдарламасы;

Шетел тілін оқыту тілдік тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау есте сақтау,

назар аудару, ерік – жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімін жетілдіру үшін қызығушылықтарын арттыру
Ағылшын тілін үйренейік курсын меңгеруде арнайы іскерлікті қалыптастыру.
Шет тілін үйренуде өзін - өзі бағалау, білім алуға талпыну. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың ағылшын тілінен алған білімдері ескеріледі. Жалпы оқушылардың деңгейлік саралауға бағдарланған, яғни оқу материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болуымен
қатар, «ағылшын тілін үйренейік» курсын оқуға қабілеті мен қызығушылығы бар оқушылардың да талап - тілектері ескеріледі. Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының базистік оқу жоспарына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейіндегі курсы бойынша оқу жүктемесі: аптасына 1 сағатты, оқу жылына 34 сағатты құрайды.
Оқу курсы мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың бағдаралды дайындығын ұйымдастыруға бағытталған әрі оларды дамытудың сараланғандық сипатын қамтамасыз етеді және балалар мен ата - аналардың талап - тілектері ескерілді.

3 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылына 34 сағатты;
4 сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылына 34 сағатты

2. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Оқыту курсының базалық мазмұнын сағат санын көрсете ортырып, сыныптар бойынша бөлу Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандартында берілген типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

3 – сынып
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан )

1. Тіл ұстарту (1 сағат)
Өткенді қайталау

2. Кел танысайық (2 сағат)
Hello, My name is Sam. New words.
Sunny introduce

3. Сен өзің туралы айта аласың ба? (2 сағат)
New word. Make flash cards. Өзі туралы өзге адамдарға айтып, жаңа сөздерді дыбыстап айтып үйрену.

4. Write – Жазыңыз. (2 сағат)
Put the words in the alphabetical order. Сөздерді әліпби ретімен қою.
Find the words.

5. School. (2 сағат)
Play and say. My school room. What is your scorf?
New word. Мәтін құрау. Мектеп туралы өлең жаттау.

6. Prepositions – Көмекші есімдер. (2 сағат)
On, In, By. Answer the questions. Мәтінмен жұмыс.

Қызықты грамматика.

7. Grammar Practic. Article «А» (2 сағат)
Артикль деген не? Ережесі, қызметі.

8. Plural of nouns. (2сағат)
Зат есімге жалғанған көптік жалғаулар. Жаттығу жұмыстарын орындау.

9. Numerals – Сандар (2 сағат)
0 ден 10 - ға дейінгі сандар. Қосу және азайту.
10 - нан 20 - ға дейінгі сандар.

10. Verb To be. To be етістігі. (2 сағат)
Етістіктің қолданылу ережесі. Жаттығу жұмыстары

11. Test yourself. Білімді қорытындылауға арналған бақылау жұмыстары.
(1 сағат)

12. Sunny Plays. Көңілді қойылымдар. (2 сағат)
Listen, read and act out. New words. Дүкендегі ойыншықтар.

13. My favourite food. Менің сүйікті тағамдарым. (2 сағат)
New words. Fruits. Vegetabls. Сөздікпен жұмыс. Сурет салу. Кроссворд шешу.

14. Prepositions – Көмекші есімдер. (2 сағат)
Грамматикаға шолу. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Дайындаған: ағылыш тілі пәні мұғалімі Ыбрай Ы. Т.
Ағылшын тілін үйренейік қолданбалы курсы. жүктеу
5 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
«Елтану» қолданбалы курсы Ұлы Британия мен АҚШ - тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім және экономика негіздері бойынша оқушылардың білімдерін толықтыруға, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт беруге негізделген.
Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы
Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы
Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы бағдарламасы.
Кембридж тәсілімен оқыту
Кембридж тәсілімен оқыту
Бұл бағдарлама орыс мектебіндегі 9 - сыныптарға арналған. Қазақ тілін тиімді үйретудің таптырмас бір құралы деп ойлаймын.
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×