Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Ағылшын тілі
Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты шетел тілі пәндерін де заман талабына сай, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып отыр.

Әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталату, тексттерді жаттату, тағы басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып, шаршататыны белгілі. Сондықтан да шетел тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезеңінде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ал бара - бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ол үшін мұғаліммен бірге оқушы да ойынның шартын меңгеруі тиіс. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды.

Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге қызығады.
Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері танымдық мақсатты көздей отырып оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың түріне қызығушылық басым болады. Сондықтан, олардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.

12 - 14 жастағы оқушыларға да танымдық қабілетті меңгертуде өзіндік психологиялық ерекшеліктер бар. Бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық мәнде ұйымдастыру пайдалы.
Жоғары сынып оқушылары әр түрлі шығармашылық жұмыстар істеп үйренгендіктен, олардың бойында білім алудың белсенді формалары қалыптасып дамиды. Бұл сыныптарда ойын түрлері шығармашылық мәнде, мақсатты жүргізіледі.

Адамның психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасағанда, танымдық қабілет оқушының жас ерекшелігіне ғана емес, жеке басқа да тікелей байланысты екендігі айтылады. Сондықтан мұғалім сабақта ойын түрлерін пайдаланғанда осы мәселеге де көңіл аударуы қажет.

13 - 14 жастағы оқушылардың өздері оқып жүрген пәндерге қызығушылықтары төмендейді. Ал психологтар бұл жағдайды үдемелі берілген информация әсерінен деп қарап, оқушылардың әр уақытта жаңадан білім алуға ынтасын арттыру керектігін, еш уақытта білімді дайын күйінде қабылдатудан сақтандырады. Ал, ойын түрлері бұл жағдайларды болдырмайды.
Бүкіл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмендеуіне мынадай себептер әсер етеді:
1. Ойлау жүйесіне, миына көп салмақ түсуден.
2. Сабақты бірыңғай, бір сарынды жүргізуден.
3. Жазба жұмысын мөлшерден тыс жиі жүргізуден.
4. Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.

Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын әдіс - тәсілдердің бірі ойын болып саналады.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай - ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады.

Ойын түрлерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады.
Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданамын:
1. Алфавитті дұрыс меңгерту.
2. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
3. Лексиканы меңгерту.
4. Грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
5. Оқушының ойын дамыту, дұрыс айту, жазу оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Қорыта келгенде, ойын – балаларды жан - жақты тәрбиелеудің, жеке ерекшелігін зерттеудің құралы. Ойын – баланың сезім мектебі, баланың өмірін ұйымдастырудың белсенді формасы.
6 764
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Г. Х
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бисенова Асылғаным Латипқызы
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×