Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет Өтемісұлы өлеңдері, өмірбаяны

02 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836 - 1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Жайық - Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады

1836 — 38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан - сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет - пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т. б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Өлеңдері

Әрәйнә
Жалған дүние
Жалғыздық
Елмен қоштасу
Еңіреу ұлы емшек боз
Исатай деген ағам бар
Соғыс
Шашылу
Шегініс
Тарланым
22 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Нарын құмының Жасқұс жерінде туған.
Махамбет пен Жақия
Махамбет пен Жақия
Халқымыздың тарихынан тағылым беру. Патриоттық сезімін ояту. Батырлар туралы білетіндерін жетілдіру, кеңейту.
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×