Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Литерлік шамаларға қолданылатын операциялармен таныстыру және оқушыларға программаларды құру кезінде осы операцияларды пайдалану тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Pascal бағдарламасында есеп шығара отырып тез ойлауға, шығаратын есептерін түсіндіре білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, практикалық жұмыстар, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілімен
Паскаль тілінің функцияларын және процедураларын оқып білу және ағылшын тілінен аудару.
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, суреттер, жұмыс дәптер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқу - құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мәтіндік режимде жұмыс істеу модулін ата.
К) Uses draph
Л) Uses crt
М) Uses
Н) Initgraph
2. Экранда терезе салу процедурасын ата?
Ж) Textcolor
З) Тextbackground
И) Window
К) Textmode
3. SetTextStyle процедурасының қызметі қандай?
П) Боялған тіктөртбұрышты салады
Р) Толтыру стилі
С) Боялған шеңбер салады
Т) Мәтіндік стильдің шығуын орнатады
4. Курсорды экранның қажетті жеріне көшіретін процедураны ата.
Е) Gotoxy
Ж) Textmode
З) Textcolor
И) Тextbackground
5. Bar процедурасы қандай қызмет атқарады?
П) Боялған шеңбер салады
Р) Боялған тіктөртбұрышты салады
С) Экранға сызық салады
Т) Графикалық режимде жұмысты аяқтайды
6. CloseGraph процедурасы қандай қызмет атқарады?
И) Шеңбер салады
К) Экранға сызық салады
Л) Графикалық режимде жұмысты аяқтайды
Н) Фон түсін береді
7. SetColor процедурасы қандай қызмет атқарады?
Ы) Шеңбер салады
І) Символ мен сызық түсін анықтайды
К) Экранға сызық салады
Л) Фон түсін береді
8. Line процедурасы қандай қызмет атқарады?
Ж) Символ мен сызық түсін анықтайды
З) Шеңбер салады
И) Фон түсін береді
К) Экранға сызық салады
9. Setbkcolor процедурасы қандай қызмет атқарады?
Ш) Фон түсін береді
З) Шеңбер сызады
И) Тіктөртбұрыш сызады
К) Экранды тазалайды
10. Мәтіндік режимде символдар неше түске боялады?
А) 16
Б) 19
В) 11
Г) 17
11. Ellipse процедурасының қызметі қандай?
К) Тіктөртбұрыш сызады
Л) Шеңбер сызады
М) Эллипс сызады
Н) Фон түсін береді
12. Rectangle процедурасының қызметі қандай?
А) Тіктөртбұрыш сызады
Б) Шеңбер сызады
В) Эллипс сызады
Г) Фон түсін береді
Тест жауаптары:
1 - Л,
2 - И,
3 - Т,
4 - Е,
5 - Р,
6 - Л,
7 - І,
8 - К,
9 - Ш,
10 - А,
11 - М,
12 - А.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәндері мәтін болатын шамалар және тырнақшаға алынған ASCII кодындағы кез келген символдар тізбегі литерлік шамалар деп аталады. Литерлік шама бір немесе бірнеше символдан тұра алады, литерлік шаманың максимал ұзындығы 255 символ. Литерлік айнымалыларды сипаттау үшін алгоритмдік тілде лит қызметші сөзі пайдаланылады. Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады және олар апостроф ішінде жазылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы, одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөзі пайдаланылады.

Жаңа сабақ бойынша ой түю үшін оқушыларға сәйкестендіру кестесін ұсынамын:
Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі:

IV. Практикалық жұмыстар.
1. Міндетті деңгейде екі тапсырма бар. (1 - тапсырманы орындаған оқушыларға пернетақтаның суретін, 2 - тапсырманы орындаған оқушыға монитор суретін беріп отырамын).
1. А жолы «ПЕРНЕТАҚТА»- ға тең.
А) сopy(А, 6, 5);
Б) сopy(А, 1, 1)+ сopy(А, 7, 1)+ сopy(А, 3, 1)+ сopy(А, 6, 1)+ сopy(А, 10, 1);
В) сopy(А, 7, 1)+ сopy(А, 9, 2) мәндерін табу керек.
2. «МОНИТОР» сөзі берілген, содан ОРАМАЛ, АЛМА, ТОР сөздерін құрастыру программасын жазу керек.

2. Лайықты деңгейдің тапсырмасы 2 - нұсқада беріледі. (Бұл тапсырманы орындаған оқушыға тышқан суретін беремін.)
1 - нұсқа
1. «ТЫШҚАН» сөзіндегі «ТЫ» буынын «Ұ» әріпіне ауыстырып «ҰШҚАН» сөзін шығаратын программа құру.

3. Жоғары деңгейде бір ғана тапсырма берілген, бұл тапсырманы орындаған оқушыларға принтер суретін беремін.
«ПРИНТЕР» сөзі берілген Функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек.
1. Сөздің ұзындығын табу
2. Сөзге «ЛЕР» жалғауын жалғау.
3. Сөзден «ПРИНТ» сөзін кесіп алу
4. Сөздің алдына «БІЗДІҢ» тұрақтысын кіргізу.
5. Сөз ішіндегі «Н» әрпінің орналасу номерін табу.

V. Сабақты бекіту. «Лото» ойыны жүрісімен өткізіледі.
63. Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?
12. Литерлік шамалар қандай типте болуы тиіс?
82. Литерлік шамалар үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?
33. Мәтін ұзындығын анықтайтын функция қалай аталады?
42. Мәндерді біріктіру операциясы үшін қандай функция пайдаланылады?
37. Қиып алу операциясы Паскаль тілінде қандай функция көмегімен орындалады?
67. Символдарды өшіру процедурасы қалай аталады?
14. Символдарды кірістіру процедурасын ата.
23. Тіркестік өрнектің ұзындығы нешеге дейін болады?
VI. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың жинаған компьютер құрылғыларына қарай бағалаймын
VII. Үйге тапсырма беру
1, 14 тақырыпты оқу және 5, 7 тапсырмаларды орындау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту
Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту
Жай бөлшек ұғымын, оны қысқартуды, оның қасиетін түсіндіре отырып есеп шығара білуге үйрету Алған білімдерін алдағы өмірлері үшін де басқа пәндер үшін де қолдана білу. Өз бетімен есептер шығара білу.
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
[right]Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Кулмурзина Замзагул Жораевна
CORELDRAW – да мәтінмен жұмыс
CORELDRAW – да мәтінмен жұмыс
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Иргалиева Лаура Тойлыхановна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×