Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде

16 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде (презентациясымен)

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі - ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.
Олай болса:
1. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?
2. АКТ - ның мүмкіндіктері қандай?
3. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.
Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік - жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың пікірінше АКТ - ны екі бөлікте сипаттайды:
1) Компьютерлік бағдарламалар;
2) Желілік қызмет.
Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты – оқыту үрдісін ақпараттандыру,
- электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау,
- педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру,
- техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру,
- әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.

Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті –
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандарды ақпараттық - коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау.
- ақпараттық - коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс - тәжірибесін тарату.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр. Осы маңыздылықты басшылыққа ала отырып, АКТ - ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынар едім:

• Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
• Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету,
• Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
• Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
• Кез - келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
• Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау,
• Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.
• Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

АКТ келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы аса мол. Мектептегі оқытуу пәндерінің ішіндегі күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – физика. Ол оқушылардың интеллектуалдық, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға толығымен ықпал жасайды. Коммуникативтік технологиялардың әр түрлі тәсілдерін қолдануда физика және информатика пәнін оқытудың тығыз байланысты бірнеше ерекшеліктерін атап өтейік:

1. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту объектісі, оқыту құралы және болашақ кәсіптік - педагогикалық әркетінің құралы
2. АКТ - ды оқыту үрдісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір оқушының түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі;
3. АКТ - лар оқу әрекетіндегі оқушылардың өзіндік іске асыруын, өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділік, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі;
4. АКТ - лар информатиканың жобалау әдісін оқытудағы педагогикалық технологиялардың бірі ретінде қолдануға көмектеседі.

Алайда мұндай ерекшеліктермен қатар АКТ - мен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерді де атап өткен жөн. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде уақытын шектемеуі, дәлірек айтқанда қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау керек. Сонымен бірге көп жағдайда компьютерлік желі сервистеріндегі адам тәртібінің ережелері сақтала бермейді, яғни желілік этикет ережесін сақтау керек. Осындай кемшіліктердің алдын алып, оқушылар ауқымды желіде өздеріне қажет ақпараттарды алып, өз білімдерін толықтырып, ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануларына болады.

Өзім сабақ беретін сыныптарда үнемі сабақты түсіндіруде түрлендіріп отыруға тырысамын. Төмендегідей электрондық кестелер мен тірек сызбаларды пайдаланумен бірге ақпараттық видеороликтерді мультимедиялық бағдарламаның көмегімен құрып көрсетуге болады. Білімді бақылау мен талдау әдістерінің бірі – тест тапсырмаларын құрастырып оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді бекітуде қолданамын.

Оқушылардың жеке және топтық жұмыстануымен бірге, сонымен қатар экранға немесе интерактивті тақтаға мультимедиалық проектор көмегімен проекцияланатын көрнекі - демонстрациялық қосымшаларды пайдаланып өткізілетін сабақ формалары қолданылады. Сынып ішіндегі жергілікті желіні пайдалану арқылы, оқушылар бір - бірінің жұмыстарын сараптап, тапсырманы орындап болған оқушының дайын қорытынды жұмысын тақта арқылы көрсетуге болады. Сонымен бірге топтық және жеке жұмыс үлгілерін сәйкестендіріп, алдын - ала дайындап қоюға да болады.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызы өте зор. Біздің мектептің үйден оқитын оқушылары толығымен компьютерленіп, жоғары жолақты интернет желісіне қосылған. Сол оқушылардың сынып оқушыларымен еркін сөйлесуіне жағдай жасалып, веб камерасы арқылы сабақты түсіндіріп, сынып оқушыларының түсіндірген сабақтарына бірге атсалысып отырады. Сонымен бірге электронды пошта арқылы берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге жібереді. Оқушының жұмысы тексеріліп, қосымша тапсырмалар алуына еркін жол ашылды.

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ - ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
90 382
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×