Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш аю

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білімділік саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю»
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ботқа, ыдыстар, себет, үнтаспа.

Рөлде ойнайтындар:
Ата - Райымбек
Әже – Алтынзер
Маша қыз – Баянсұлу
Үш аю
Папасы – Абдуллах
Мамасы – Қарақат
Қызы Мишутка – Нұрдана

Жүргізуші: Сәлем балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.

Ертекші: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан бүрлер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін

Маша: Әже деген көп шығар
Менің әжемдей жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша.

Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Қызы Баянсұлу: Жарайды.
Баянсұлу орманда бүр теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А - у - у - у ата, А - у - у - у ата
А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!

Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.
Баянсұлу: Ашық тұрған есікке кірген Баянсұлу дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Баянсұлу үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы бөкпенді жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалды. Бөкпенді Баянсұлу түгел жеп қояды. Шаршаған Баянсұлу отырғысы келіп ең үлкен орындыққа отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Баянсұлу тербеліп еді, орындық сынып қалды. Баянсұлу арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Баянсұлу үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Баянсұлуға дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан Баянсұлу ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Абдуллах: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Нұрдана: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк - шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Абдуллах: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.
Қарақат: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Нұрдана: «Менің төсегімде жатқан Баянсұлуды көріп міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Баянсұлу қорқып кетті.
Баянсұлу: Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.

Баянсұлу: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Дым білмейді масқара
Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?
Аюлар: Иә шешеміз.
Баянсұлу: Тәті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә ойнаймыз.
Баянсұлу: Аю, аю тұршы
Беті қолын жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй - әй көйлек киші
Қане мені қушы - деп Баянсұлу қаша жөнеледі.
Аюлар қорбаңдап Баянсұлуға жете алмай қалады. Осылайша Баянсұлу аюлардан құтылып, аман есен атасы мен әжесіне келеді.
Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Баянсұлу кімнің тамағын жеп қойды? Баянсұлу аюлардан қалай құтылды?
Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
46 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар не үшін қажет екені туралы түсінік беру. Сөздік қорларын кеңейту, ойлау қабілеттерін, әртістік қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Маша мен аю
Маша мен аю
Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×