Білімділер поралы

Қыстап қалатын құстар

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру7
Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсендігін арттыру. Сөздік қорын молайту.
Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Білім беру саласы: таным
Оқу іс - әрекеті «экология негіздері»
Көрнекіліктер: құстардың суреттері, тапсырмалар.
Сөздік жұмысы: отырықшы құстар, жыл құстары

1. Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
- Қыс айларын ата?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме?
- Иә
Жұмбақ
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын – шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған
(құс)
- Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз.
- Балалар енді сендермен ойын ойнаймыз, ойынның аты «Қандай құс?»
Жауабы: Торғай, сауысқан, көгершін, шымшық.
- Ал енді осы құстардың орысшасын атайық;
Торғай – воробей
Сауысқан - сорока
Қарға – ворона
Көгершін – голубь
Шымшық - снигирь
- Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
- Иә!
- Ендеше көздеріңді жұмыңдар.
- Балалар біз қайда келдік?
- Орманға
- Мына кісі кім?
- Орманшы
- Орманшы деген кім?
- Орман күзетшісі
- Мына жерде әдемі бір ағаш тұр екен, өзі сондай әдемі!
- Орманшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің құстарым қиындыққа тап болды, сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Иә!
- Ендеше менің тапсырмамды орындаңдар.
Сергіту
Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң - томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді міне әңгімеге құлақ сал.

1- тапсырма
Қыстап қалатын құстарды көк шеңберге, жыл құстарын қызыл шеңберге жина.
- Жыл құстары неге жылы жаққа ұшып кетеді?
(Балалардың жауабы)
- Ал қыстап қалатын құстар қиындыққа кездесе ме?
(Балалардың жауабы)
- Сондықтан қыстап қалатын құстарға қыстан аман есен шығу үшін, қалай көмектесеміз?
(Балалардың жауабы)
Сөздік жұмысы: Отырықшы құстар – қыстап қалатын құстар.
Жыл құстары – жылы жаққа ұшып кететін құстар
2 - тапсырма
1 - топ. «Құстарды құрастыр»
2- топ «құстардың шығу жолын ретімен көрсет»
3- тапсырма
Жұмбақты шеш:
Өз атын атап қоймаған
Қақсауға да тоймаған
Ала – шұбар үстері
Айдарлы бұл құс тегі
(көкек)
Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
(көгершін)
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ
(қарға)
Ауылда, қалада мекені
Жолаушы жүрсек шығарып салады
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді
(көгершін)

4 – тапсырма
Құстарға байланысты халық болжамдарын айт.
Сары шымшық ысқырса,
Шынымен күз болады.
Торғай топыраққа аунаса,
Онда жаңбыр болады.
Қарғалар оңтүстікке қарап қарқылдаса,
Ауа райы жылы болады.
Солтүстікке қарап қарқылдаса,
Күн суық болаты,
Қарлығаш төмен ұшса жаңбыр болады.
- Орманшы: рахмет сізге, біз сіздің тапсырмаларыңыздан құстар туралы білдік.
- Балалар біз орманшының қандай тапсырмаларын орындадық?
(балалардың жауабы)
- Енді балабақшаға қайтайық.
Ойын: «жақсы – жаман»
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 19
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 19
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика