Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшаға арналған сабақ топтамасы

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Топатамадағы сабақтар тізімі:
1. Ойыншықтар
2. Менің отбасым
3. "Он дегенім - Отан, Қорға соны ботам"


Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
1) Балалардың ойыншық тура­лы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
2) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.
Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықты жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Педагог:
- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Дәптермен жұмыс: Қ. Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.
Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).
Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.
Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.
Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),
Мінем оған қарғып - ақ.
Мына тұрған қояным (қоянның суреті),
Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:
- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.
- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».
Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, бала­лар аяқтайды.
- Менің ойыншығым... /әдемі/.
- Мен қуыршақпен... /ойнаймын/.
- Допты жоғары... /лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бұл дірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:
- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.
- Жұмбақтың шешуін тап.
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды,
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).

Қорытынды:
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
- Қандай ойыншық түрлерін білесің?
- Ойыншықты кімдер жасайды?
- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 417
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Ойыншықтар әлемінде
Ойыншықтар әлемінде
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×